КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл тайпа барлық қазақ шежірелерінде Жанарыстың ұрпағы, Арғын, Найман, Керей, Қыпшақтың туысы ретінде көрсетіледі. Левшин, Гродеков т.б. жазғандарында да осылай айтылған. Рашид-әд-динқоңыраттардың түркі тайпаларына жататынын, кейін моңғол атауына ие болғанын көрсетсе, ал Әбілғазы Баһадүр хан оларды нағыз моңғол тайпаларының бірі деп қарайды. Бірақ қоңырат (қоңыр ат) атауы қоңыраттың тотемдік атауға ие болған ежелгі түркі тайпаларының бірі екенін көрсетеді. Моңғолдар оны моңғолша атаған болар еді. Тотемдік атау — ру не тайпаның өзі таңдауынан туған. Ховорстың ойынша, қоңырат атауы д’Оссон айтқан Шығыс Моңғолиядағы Кунгур (Қоңұр) өзенінің атынан шығуы мүмкін. Тіпті осылай болғанның өзінде бұл атау моңғол сөзі емес. Моңғолша «хунур//күнгір»—«күртік қар» мағынасын білдіреді (Бурдуков. Русско-монг. словарь, 1935, 280 және Черемисов и Румянцев. Монгольско-русский словарь, 1937). 
Аристов қоңыраттар жайында Рашид-әд-диннің жоғарыда айтқан сөздеріне кеңіл аудармаған; сол себепті ол былай деп жазады: «Рашид-әд-дин бойынша, қоңыраттар ежелден моңғолдар деп аталатын тайпаларға жатады және моңғолдардың басқа бірнеше тайпаларымен бірге дюрлюгун деп аталған, ал ол кезде «нағыз» моңғолдар нирундар деп аталыпты. Бұл жерде мәселе моңғолданған қоңыраттар жайында. Ал орыстың діни миссиясының еңбектерінде, «Юань-Чао-Ми-Ши»-де «қоңырат» орнына «унгира» деп жазылған.
Радлов бойынша, қоңыраттар XIX ғ. Ташкент маңында көшіп жүріп, қазақтың Ұлы жүзімен туыстасқан, сөйтіп олар осы күні өздерін Ұлы жүзге жатқызады. Олар 12 руға бөлінеді де, алтауы — алты ата көктің ұлы (шесть отцов — кок’а сыновей), алтауы — алты ата коктонгшу болып аталган (шесть отцов коктонгшу). Бұл жерде акад. Радлов тарапынан мацызды екі ағаттық кеткенін айтпай болмайды: бірі — коктонгшу сөзінің жазылуында, екіншісі — топтардың «шестерок» болып аударылуында. Бұл қалпында коктонгшусөзі ешкімге түсініксіз. Сірә, екі жеке сөзден тұратын бұл сөз айтылғанда бірігіп кетіп, сараланбаған әрі оғаш түрде қалыптасқан. Меніңше, коктонгшуемес, коктинг кусу(яғни көктіңқұсы) не кок тунгушу (яғни көк тұңғышы).
Бірінші нұсқа екінші нұсқаға қарағанда аңыз рухына көбірек сәйкеседі және «көктің» алғашқы алты ұлымен үндес келеді. Радловта алты ата көктің ұлы аударғанда «шесть отцов кок’а сыновей» болып шыққан; шынында бұл фразаны «шесть родов сыновей неба» деп түсіну керек; алты ата көктің құсы дегенді осыған ұқсас шесть родов птиц небесных түсіну қажет. Мұнда ата сөзі әке емес, ру мағынасында қолданылған. Бірақ өз ата-тегін көктің ұлы немесе көктің құстарына дейін көтерген бұл аңызды неғұрлым кейін шыққан құбылыс деуге болмайды. Рашид-әд-дин аңызы бойынша, қоңыраттар Эргенехон тұрғындары ішінен бірінші болып осы құпия жерді тастап кеткен, онда қалған моңғол рулары бұған ренжіген.Әрине, соңғы аңыз көнелігі жағынан акад. Радлов жазбасы бойынша жоғарыда көрсетілген аңызбен салыстыруға келмейді.
Қытайлардың Монғолия халқын черные (қара), белые (ақ) және водяные (су перілері) «дада» деп бөлгені қытай дереккөздерінен белгілі. Мұның өзінде қара деп нағыз моңғолдарды, ақ деп татарларды, ал водяной деп маньчжурларды түсінген.Ховорстың мәліметтері бойынша, моңғол тарихшысы Санан Сенен қоңыраттарды «Ұлы моңғолдар» тобынан, «көк-моңғолдар» ұрпағынан шыққан деп байымдайды, соңғысын «голубые монголы» деп аударуға болады. Сонда Шыңғыс ханның (керейдің Ван ханына) хатында қоңыраттар мен қатағандарды ол көк аяқты тырналар деп атаған. Бұл мәліметтер өздерінің ата тегін «көк аспан»деп есептеген қоңыраттардың түркілер екенін тағы да дәлелдейді. Ал «көк» түркіше «аспан» және «көк» мағынасын білдірсе, моңғолдарда ол «коке» түрінде айтылып «аспан» мағынасын білдірмейді.Ұйғыр тайпаларының ішінде де «аспанның ұлы»деп аталатын тайпа бар екені олардың өзіндік қасиетін білдіреді. Жалпы «көк» сөзінің эпитет түрінде қолданылуы ежелгі түркілерге тән. Шыңғыс хан мен Санан Сенен уақытында моңғолдарға бағынған қоңыраттардың т. б. жалпытүркілік эпитет «көк»-ті сақтай отырып, «көк моңғолдар»деп аталуы мүмкін.
Егер зер салып қараса, Қонырат атаның ұрпақтары да (Рашид-әд-дин бойынша) моңғолша аталмаған: мысалы, Қоңыраттың ұлдарын: Жорлық (Чорлук), Мерген, Қабай (Құбай), Шери (Сери)және Тасбуда (Тосбода). атауы (оны «терке ел» не«түркі ел» деп оқуға болады) түркіше көрінеді; Қоңыраттың ұрпақты айтуға болады: Дай Ноян, Елші-Ноян,
(Өкөтай не Хохотай Ноян) және оның қызы Бөрте Фужин. Қоңыраттардың толық шежіресін Рашид-әд-дин де, басқа моңғол, түркі тарихшылары да жазбаған.
Қазақ шежірелері бойынша, қоңыраттардың рулары төмендегідей: байларжандар, оразгелді, кульже-ағаш, бочман, тоқболат, яманбай, қаракуся, этимляр және құйысқансыз. «Бірақ Левшин келтірген ру атауларына қарасақ, - деп жазады Аристов,— қоңырат одағы моңғолдардан емес, түркі рулары бөлімдерінен тұратыны дәлелденеді. Мәселен, байларжандар, қаракуся, яғни қаракисяк және этимляр, яғни жетімдер,— негізі арғындық рулар: жандар, қара-кесек және саржетім немесе чаржетім. Сірә, қалған рулар Орта жүз тайпаларына, өсіресе қыпшақтарға, жатады».
Бұдан Аристовтың қоңыраттар — моңғол тайпасы деген өз тұжырымынан бас тартқаны түсінікті. Бірақ оның тағы бір қайшылығы бар. Төменде оның мәселені біраз басқаша түсіндіргенін көреміз: «Шыңғыс ханның 129 мың әскерінің бес мыңы хонкираттардан турады; олардың қыздары жаулап алушының ұлдары мен немерелеріне күйеуге ұзатылып отырған (сілтеме «Труды Восточного отделения ИРАО», ч. 15, 1888, 139-6.). Сірә, әкесі Жошыға берген төрт мыңның бір бөлігі қоңыраттардан тұрған, олар, сөзсіз, Жошы өулеті сарайында қарауындағы халықты билеуде үлкен рөл атқарған. Осының бәрінен Жошыға үлесті жерде және Қыпшақ ордасында Жошы әулетіндегі қоныраттардың бас болуымен қоңырат атты жергілікті түркі руларының қалыптасқаны айқын көрінеді. Бұл одақтың бір бөлімі, сірә, онымен бірге қандас қоңыраттар түгелдей дерлік, жаулап алушының ұрпағына адалдығын сақтап, Шейбанидтерге қосылып Мауреннахрға кеткен, бірақ бір бөлімі хандарға қызмет етуге тырысып, қырғыз-қазақ руларымен бірге қалған. Қоңыраттардың әдетте үлкен хандар орын тепкен Түркістан маңында көшіп-қонып жүргені осыған байланысты болуы мүмкін».
Әрине, акад. Бартольд бұған көңіл аудармай қойған жоқ. Ол оған қоса былай дейді: «Найман атымен түркі руларының одағы осылайша қалыптасқан жоқ па?».Бірақ моңғол соғысқұмарларының бас болуымен қазақ және өзбек тайпалық одақтарының қалыптасуы туралы теория, жоғарыда көрсетілгендей, шындыққа сәйкеспейді. Себебі найман, дулат, керейт, арғын және т.б. тайпалық одақтары бұл жерде моңғол шабуылына дейін де болған.
Қоңыраттардың аса көне әдеби ескерткіштері төмендегідей:
а) Мұхаммед Хауарезми ақын XIV ғ. жазған «Махаббатнамэ». Сонымен бірге автор өзін қоңырат тайпасына жатқызады. Шығарма негізінен Қожа Ахмед Ясауи («Хикмет») тіліне жақын, яғни өзбек және қыпчақ тілдерінің аралығындағы тілде жазылған.
ә) «Алпамыс» батыр жыры, оның шыққан жері Өзбекстандағы «Жиделі Байсын» деген жер.263Осы күнгі қоңырат тайпасының өзіндік ерекше диалектісі жоқ. Оңтүстік Қазақстанда тұратын қоңыраттардың көпшілігіне үйсіндер мен қаңлылардың ықпалы тиген, сол себепті олардың тілі оңтүстіктегі екі ірі диалектінің әсеріне ұшыраған. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарында қалған қоңыраттар тілінің өздерімен тайпалас: арғын, найман, қыпшақ және керейлердің тілінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сірә, олардың бір кездегі тайпалық тілі (диалект) бұдан бірнеше ғасыр бұрын жоғалған.
Қоңырат рулары Өзбекстанда, Қарақалпакияда, Қырғызда, Қарағанды облысында және Арыс ауданында (Оңтүстік Қазақстан облысы) мекендейді.

МЕРКІТТЕР (МЕРГІТТЕР) ТУРАЛЫ

Г.Н.Потанинің мәліметі бойынша, XIX ғ. соңына қарай абақ-керейлердің арасында 940 шаңырақ меркіттер болған, олар лепес, шағыр және қарағай руларынан құралған. Аристов Рычковқа сілтеме жасай отырып («Алфавитный список народов, обитающих в Российской империи», изд. 1895 г.), былай деп жазды:
«Рычков барлық болыстардағы «тюбтар мен аймақтардан шыққандарды» атаған, олардың ішінде көңіл аударатындар: чубин, ноғайлар, миркит (меркіт тайпасы), саралы, юрматин, тельтин, бакаев болыстарындағы мешер (осы күнгі мищеряктер), арляр (мүмкін енисей тайпасы не алтай сүйегі ар, арин болуы), сарыш, байұлы (Кіші жүз бөлімі), трухмен (Түрікмен), сартляр, сартай т.б.».
Демек, башқұрттар арасында меркіттер (муркіт не мүркут болып айтылады) едәуір көп. Олар алтайлық телеуттер арасында да кездеседі.Өзбектер арасындағы буркут (буркит) тайпасы дамеркіттер болуы мүмкін, дегенмен бұл атау-сөздің айтылуы басқалардан тым ерекше. Бірақ бұған таңдануға болмайды. Себебі ит, ут — моңғолша көптік қосымша, ол кейбір түркі сөздері мен атауларда моңғолдар үстемдігі кезінде түбірдің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұдан әрі м/б дыбыстарының алмасу заңдылығын көреміз. Мәселен, кірме сөз биринж(бронза, латунь) қазақша мырышболып, бұрын(ертеде, басында, алдында) сөзі мұрыңсөзімен сөйкесіп айтылады; батыружәне матырусөздері қазақша бірдей мағынада айтылады; пахтасөзін қазақтардың көпшілігі маңтадеп айтады. «Праздник» сөзі татарда байрам,қазақта мейрам. «Печь»сөзі қырғызда меш,қазақтардың көпшілігінде пеш,кейде бешжәне меш түрінде айтылады. Араб сөзі мусульманежелгі орыс елінде және кейбір батыс қазақ тайпаларында басурманнемесе бусурман болып айтылады...

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 480 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 772 0









ТЕКСТ

Яндекс.Метрика