КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ісмет Кеңесбаев (15.2.1907, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жанысата ауылы – 16.1.1995, Алматы қаласы) – филология ғылымының докторы (1945), профессор (1945), Қазақстан ҒА-ның академигі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері (1946).

Қызмет жолы

1931 - Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтын бітірген.

1931-1934 - Қазақ АКСР-і Халық ағарту комиссариатында әдіскер,

1932-1946 - ҚазПИ-де оқытушы (қазіргі ҚазҰПУ),

1932-1935 - Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы,

1933-1936 - Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті),

1936-1939 - КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінде аға ғылыми қызметкер.

1943-1951 - Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті,

1951-1961 - Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі,

1961-1978 - Тіл білімі институтының директоры,

1978-1987 - осы институтта бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1988 жылдан өмірінің соңына дейін ҒА Төралқасының кеңесшісі болды.

Мақалалары

1. Сөз талғамы – өрелі ой кепілі

2. «Қазақ әдебиеті» газетіне хат

3. Әдеби тіліміз – кең арналы тіл

Ол туралы

1. Бізге енді сөз қалған жоқ

2. Ғалым, ұстаз

3. Ғалым жолы

Еңбегі

Кеңесбаев – қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Кеңесбаевтың есімімен байланысты. Қазақ мектептерінің бірнеше толқын түлектері Кеңесбаев жазған оқулықтармен сауат ашты, ана тілінің ғылыми жүйесімен танысты. Ғалымның қазақ тілі фонетикасы мен лексикологиясын талдаған ғылыми монографиялары жоғары оқу орындарында негізгі оқулықтардың бірі ретінде күні бүгінге дейін қолданылуда. Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жарық көрді (1977, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1978). Кеңесбаевтың басшылығымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (2 томдық, 1959, 1961) және «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1961), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978, 1981) жарыққа шықты. Кеңесбаев бірнеше рет дүниежүзілік түркітанушылар симпозиумдарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Шығармалары

Қазақ тілі грамматикасы, А., 1939;

Қазіргі қазақ тілі. Лексика, Фонетика, А., 1962;

Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977;

Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А., 1977.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 485 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 907 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1092 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49383 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47144 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44849 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика