КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жанындағы  жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі  Абзал Нүкенов, мемлекеттік органдардың өкілдері және республикалық жастар ұйымдарының басшылары қатысты.Отырыс барысында қатысушыларға «Қазақстанның Жастар Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Айдын Сәбитов Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қолдау ретінде  Қазақстан жастарының арнайы жасаған үндеуін оқып берді.

Үндеудің мәтіні:

«Біз, Қазақстан жастары, ұлттық құндылықтар мен тарихымызды дәріптейтін, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан адамгершілік қасиеттеріне сүйенетін рухы биік Мәңгілік елді құру жолындамыз. Бұл жолдағы бас міндетіміз - ұлттық нақышымызды сақтай отыра замануи талаптарға сай білімді және прогрессивті дамыған ел болу.

Ұлттық құндылықтар әрқашан ана тілден бастау алады. Сондықтан тіл мәселесі жылдар бойы ең өзекті мәселе позициясын сақтап келеді.

Еліміздің жарқын болашағын құру жолын жалғастыратын біз, Қазақстан жастары, латын әліпбиіне көшу идеясын қолдайтынымыз туралы мәлімдейміз. Себебі, латын әліпбиі қазақ дыбыстарын нақтырақ айқындайды. Кезінде «қазақ әліпбиінің атасы» атанған Ахмет Байтұрсынұлының да латын әліпбиін қолданысқа енгізгені де сондықтан.

Қазіргі таңда әлем елдерінің басым бөлігі тек қана латын графикасын қолданады. Түбіміз бір түркі елдерінің де көбісі дерлік латын әліпбиімен оқиды. Түркі тілдерінің ерекшелігіне сай дыбыстық ұқсастықтар да осының дәлелі.

Латын графикасына көшудің жастарға ыңғайлы тағы бір себебі – латын әріптерінің прагматикалық ыңғайлы болуы. Әлемдегі инновациялық жаңашылдықтардың барлығы ең алдымен латын графикасында шығады. Біраз уақыт өткен соң ғана, кирилл әліпбиіне көшіріледі.

Латын әліпбиіне ауысу қадамы бізге ұзақ мерзімді келешекте экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, латынданған өнімді кириллицаға аударуға жұмсайтын уақытымызды үнемдеуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Республикамыздың жастары мен жастар ұйымдарының қауымдастығы атынан, Қазақстан жастары әлемге мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлтты көрсетуге дайын екенін мәлімдей отыра, Қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуын бірауыздан қолдайды!





ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 210957 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 200897 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 187891 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика