КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Байынқол Қалиұлы Қалиев - Терминология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты

                    Өмірбаяны

    1939 жылы қаңтар айының 23-і күні Алматы облысы Кеген ауданындағы Саты ауылында дүниеге келген. 1958 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ бөліміне түсіп, 1963 жылы үздік дипломмен бітірген. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағы ғылыми шығармашылындағы өмір жолын 1967 жылы кіші ғылыми қызметкері болып бастайды. 1967 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы диссертациялық кеңесте «Қазақ және қарақалпақ тілдеріндегі дыбыстардың редукциясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1970-1975 жылдар аралығында Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері болып қызмет атқарды. 1971-1975 жылдарында осы институтта жергілікті кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болып істейді. 1974-1980 жылдар аралығында Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының жанындағы «Түркі тілдері» мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғаудың мамандандырылған кеңестің мүшесі болған. 1975 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институты жанындағы Ғылыми кеңесті мүшесіне сайланып, 1995 жылға дейін осы кеңесте болған. 1981 жылдан 1986 жылға дейін Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06. – «Түркі тілдері» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаудың Д.008.02.01 мамандырылған кеңеснің мүшесі болған. 1985 жылдың 5 желтоқсанында 10.02.06. – «Түркі тілдері» мамандығы бойынша аға ғылыми дәрежесі берілді. 1986 жылдан бастап 1995 жылға дейін Тіл білімі инстиутының жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған. 1991 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Терминологи бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып, 1995 жылға дейін аталмыш бөлімінің меңгерушісі болған. 1991 жылы «Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әртүрлі қызметтерге ауысуына байланысты арада біраз жыл уақыт салып, 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – Түркі тілдері және 10.02.02 – Қазақ тіл мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің қайтадан мүшесі болады. 2007 жылдан бастап, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағы 2007-2011 жылдарға жоспарланған ғылыми-зерттеу тақырыбыптарына қатысады. 1972 жылы КПСС мүшелігіне кандидат ретінде қабылданып, 1973 жылдан бастап КПСС мүшесі болды. 1974 жылы және 1978 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталған. 1976-17986 жылдар аралығында Тіл білімі институты бастауыш партия ұйымы секретарының орынбасары, пртбюро мүшесі болған. 1985 жылы Соцалистік міндеттемені ойдағыдай орындағаны үшін Қазақ ССР Ғылым академиясы мен ағарту, жоғары мектеп, ғылыми мекемелері қызметкерлері кәсіподағы Президумының Құрмет граммотасымен мараптатталған. 1986 жылы 20 тамыз айында «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен мараптатталған. 1988 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері болған. Б.Қалиұлы қазақ тіл біліміне қатысты 5 монография, 5 оқулық, 9 кітапша, 3 мақалалар жинағын, 19 сөздік, 270-тен астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалар, сондай-ақ көмекші құралдар, әдістемелік нұсқаулар, бақылау-жаттығу жұмыстары, типтік және оқу бағдарламалары, тест жинақтарын жазып, жалпы көлемі 480,5 баспа табақтай еңбек жариялаған. Оның ішінде 1 монография, 2 кітапша және 15 ғылыми мақала орыс тілінде жарық көрген. Ғалымның ғылыми-зерттеу тақырыптарының ауқымы өте кең. Оның басты еңбектері қазақ тіл білімінің фонетика, лексикология, терминология, терминжасам, семасиология, фразеология, лексикография, орфография, тіл теориясы, мәдениеті, этнолингвистика салаларына арналған.

   Өзекті мақалалары:

1.     Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. (http://nationalmuseum.kz/images/journal/mm1605162.pdf )

2.     Фразеологизмдер неге біріктіріліп жазылады? (http://anatili.kazgazeta.kz/?p=35155 )

3.     Қазақ терминтанымының өзекті мәселелері

3.(http://www.termincom.kz/assets/pdf/b7c5ac411c5adecea2725fbcee676f09.pdf )

4.      Жаныма ең жақыны–лексикология»(http://anatili.kazgazeta.kz/?p=17345 )

5.     Сөздікшінің де сөздікшісі бар (http://anatili.kazgazeta.kz/?p=33859 )

              Ол туралы

1.     http://abai.kz/post/40906

 



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 486 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 908 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1093 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49386 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47144 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44852 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика