КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Нақысбеков Оқас

Авторы: MTDI

09/01/2018 18:13   0   7907   0

Нақысбеков Оқас (6.12.1928 ж.,Алматы обл., Шелек ауд., Қазақстан ауылы) – тіл білімі маманы, филол.ғыл.докторы. Түрген педучщесін бітірген (1945). 1945-1947 ж. Шелек ауд. бастауыш мектебінің мұғалімі. 1947-1951 ж., Абай атынд. Алматы пед. ин-тында оқыды. 1951 жылдан бастап ҚР ҒА А.Байтұрсынұлы атынд., Тіл білімі ин-тында алғаш кіші, адан соң аға, жетекші, ал қазір бас.ғыл.қызметкер. 1954-1957 ж. осы ин-ттың аспиранты. 1963 ж. «Шу бойы» қазақтарының тіл ерекшеліктері» деген тақырыпта докт., дисс.қорғады. Көптеген диалектол. Экспедицияларға қатысып, Қазақстандағы облыстарды түгел аралап, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қарақалпақстанда және Ресейдің Волгоград, Астрахань, Орынбор, Омбы облыстары мен Монғолиядағы Баян-Өлгий қазақтары тілін зерттеп, қазақ тіліне, ауыз әдебиетіне байланысты материал жинады. Лексиког. саласында қазақ тілінің диалектол., түсіндірме, «Үлкен орысша-қазақша» және «қазақша-орысша» қалта сөздіктерін құрастыруға қатысты. Сонымен бірге, «Қазақ тілінің диалектол. атласы» мен «Түркі тілдерінің диалектол. атласын» және «Европаның лингвист. атласын» және «Европаның лингвист. атласын» және «Европаның лингвист. атласын» жасаушылардың бірі. «За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945 гг.» медальдарымен, ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің және ҚазКСР ҒА грамоталарымен марапатталған.

Шығ., Языковое особенности казахов Чуйской долины. АКД., А., 1963 Қазақ диалектологиясы – практикум. А., 1963 (авт.бірі): Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А., 1969 (авт.бірі); Қазақ тілінің ауыспалы говоры. А., 1972; Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. А., 1982; Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. А.,1989 (авт.бірі); Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. А., 1990 (авт.бірі); Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. ДДА., А., 1994; Қазақша-орысша қалта сөздігі (З.Жантекеевамен бірігіп жазылған). 1997. 

Шығармалары:

Языковые особенности казахов Чуйской долины. АКД., А., 1963;

Қазақ диалектологиясы — практикум. А., 1963 (авторлардың бірі);

Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А., 1969 (авторлардың бірі);

Қазақ тілінің ауыспалы говоры. А., 1972;

Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. А., 1982;

Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. А., 1989 (авторлардың бірі);

Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. А., 1990 (авторлардың бірі);

Краткий русско-казахский словарь А., 1993 (құрастырушылырдың бірі);

Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. ДДА., А., 1994;

Қазақша-орысша қалта сөздігі (3. Жантекеевамен бірігіп жазылған). 1997.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 603 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 843 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48458 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46380 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44126 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика