THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Тасымов Асылбек (9.3.1939 ж. т.,
Оңт. Қазақстан обл., Түркістан қаласы., Қызыл шаруа ауылы) – тіл білімі маманы,
филология ғылымдарының кандидаты (1975). Алматы пед. шет тілдер институтының
француз факультетін бітірген (1965).
1965-1970 ж. мектепте мұғалім. 1970-1971 ж. Қазақ Кеңес эециклопедиясында ғылыми
редактор 1971-1974 ж.Тіл білімі институтында аспирант. 1974-1980 ж. осында
ғылыми қызметкер. 1980-1984 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология
факультетінде аға оқытушы. 1984 жылдан осы уақытқа дейін доцент болып істейді.
Проф. Ә.Т.Қайдаровтың жетекшілігімен «Еділ бойындағы қазақтардың тіл
ерекшеліктері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. 50-ге тарта ғылыми
еңбектері бар.
Шығ.: Языковое особенности
казахов Поволжья. АКД,А., 1975; Қазақ графикасы, орфографиясы және пунктуация
туралы арнайы семинардың программасы.А., 1983; Туған тілдің бір бұтағы.А.,
1995.