КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



Шойбеков Рүстембек Нұсқабекұлы 1948 жылы мамырдың 8-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызыл ту ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Түркістан педагогикалық училищесін бітірген соң, 1965-1967 жылдар аралығында Сарыағаш ауданының бірнеше мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған. 1967-1971 жылдар аралығында Шымкент мемлекеттік педагогтік  институтының филология факультетінде «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 1970 жылы «Еңбектегі қажырлылығы үшін» медалімен марапатталған. 1971 жылы Түркіменстандағы Красноводск ауданы, Бекдаш поселкесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1972-1976 жылдары мектеп директорының мектептен және сыныптан тыс жұмыстары бойынша орынбасары, ал 1976-1979 жылдар аралығында аталған поселке мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 1979-1989 жылдар аралығында Алматы қаласында ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми, ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. 1989-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында доцент, 2000-2001 жылдары аталмыш институттың аға ғылыми қызметкері, ал 2002-2005 жылдар аралығында осы институтта қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университеті Алматы заң академиясында қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2006 жылдан бері Тіл білімі институтының Терминология бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер болып қызмет істеді. 2010 жылдан бері Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

1987 жылы академик Ә.Қайдардың жетекшілігімен “Қазақ тілінің зергерлік лексикасы” тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация, 2006 жылы академик Ә.Қайдардың кеңесшілігімен “Қазақ тілінің қолөнер лексикасы” атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Орыс, түрік, қырғыз, өзбек тілдерінде түсінісе алады, еркін сөйлеседі.

1991 жылы жарық көрген “Қазақша-орысша мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері”  көмекші оқу құралы, “Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі”, 1993 жылы жарық көрген “Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы” кітабының, 50-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жарияланып отырған 15 томдық “Қазақ әдеби тілінің сөздігінің”, "Қазақ этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" атты энциклопедия авторларының және шығарушы редакторларының бірі. Сонымен қатар бірнеше қазақша-орысша сөздіктер мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар авторларының бірі ретінде еңбек жазған

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








05/05/2018 17:32

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 369 0

03/04/2018 15:39

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 530 0

03/03/2018 13:47

Ақпараттық хат
0 723 0








08/06/2017 11:00

Ойыншық ат
0 9305 6





15/09/2017 20:16

Ақпараттық хат
0 917 2



























ТЕКСТ