КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарыбаев Шора Шамғалиұлы (2.3.1925 жылы туған, Ташкент қ.)[1] — тіл білімі маманы, филология ғылыми докторы (1974), проф. (1979), ҚР ҰҒА-ның акад. (1983), Қазақстанның еңб. сің. ғылым қайраткері (1985). ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 — 95 ж. А.Байтұрсынұлы атынд. Тіл білімі ин-ты қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 — 60, 1967 — 95), ин-т директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы ин-ттың бас ғыл. қызметкері. Ғыл.-зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғыл. мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Сарыбаев проф. С.Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1966), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” (1969), “Жаңа атаулар сөздігін” (1992) құрастырушылардың бірі. “Қазақтың аймақтық лексикографиясы” (1976) монографиясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Сарыбаев “Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші” атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 канд., докт. дисс-ның библиогр. көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықар. конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. Сарыбаев “Құрмет” орденімен марапатталған.

 Өмірбаяны:

Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 1925 жылы наурыз айының 2-сі күні Ташкент қаласында атақты ағартушы, әдіскер ғалым Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың отбасында дүниеге келген. Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебін тәмамдап, 1945-1950 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін қазақ тілі кафедрасының аспирантурасына қалдырылады. 1954 жылы профессор М.Балақаевтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі одағайлар» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Содан соң Шора Шамғалиұлының лингвистика саласында үздіксіз еңбек жолы басталады. Қазақтан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында алғаш аға ғылыми қызметкер, одан соң қазақ тілі тарихы мен диалектология бөлімінің меңгерушісі, осы институттың директорының орынбасары.

                Энциклопедист - ғалымның жазған еңбектеріне көз жүгіртсек, қалам тартпаған тіл білімінің саласы кемде-кем. Әсіресе, тіл білімінің диалектология, алтаистика және тіл білімі тарихының қиын да қажетті саласы – ғылыми библиография. Жиналған диалектілік материалдар негізінде бірталай зерттеу еңбектері жазылып, тындырымды жұмыстар істеді. Ш.Сарыбаев - «Қазақ диалектологиясы» деген атпен шыққан алғашқы оқулықтың авторы. «Қазақ тіліндегі аймақтық лексика» атты монографиясы 1969, 1999 жылдары жарық көрген. «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» мен «Қазақ тілінің аймақтық сөздігін» құрастырушылардың бірі және бас редакторы. Сонымен қатар «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы» атты сериямен шыққан 8 жинақтың авторларының бірі. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» (1966), «Қысқаша орысша-қазақша сөздік» (1987,1993), «Қазақ тілінің жаңа атаулар сөздігі» (1992), «Қазақша-орысша сөздік» (2000) және «Орысша-қазақша (2005)» сөздіктердің жауапты редакторларының бірі. «Қазақ тіліндегі одағайлар» (1954), «Еліктеуіш сөздер» (1960) атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның еңбегінде терминология мәселесі, спорт терминдері, қазақ әдеби тіліндегі дублеттік варианттарды бір ізге келтіру жөнінде жазған мақалалары жарық көрді.

 Шора Шамғалиұлының жетекшілігімен 15 ғалым диссертация қорғады. Ғ.Қалиевпен бірігіп жазған «Қазақ диалектологиясы» оқулығы -университеттердің филология факультеттерінің студенттерінің іздеп жүріп оқитын кітабы. Профессор Ш.Сарыбаевтың көп жылдан бері үзбей айналысып келе жатқан саласы – қазақ тіл білімінің тарихы. Осы саладағы бай мұраны жинақтап, ғылыми жүйеге түсіре отырып, профессор Қ.Жұбановтың есіміне арнап «Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткішін» жарыққа шықты

 Ол туралы:

 Өмірзақ Айтбаев, ҚР ҰҒА Академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті: Әсіресе, бұл кісінің атап айтатын - еңбегі. Осы салада жасап жүрген еңбегінің барлық тізімінің библиографиясын жасады. Библиографиялық көрсеткішін 6-7 том етіп, түсінік беріп отыр. Басқасын былай қойғанда, бұл кісінің еңбегі қазақ ғылымына жасаған үлкен еңбегінің бірі деп есептеймін. Ал, енді диалектологтяға байланысты тілдің тарихына байланысты, мәдениетіне байланысты көптеген жазған еңбектері бар.

Шора Сарыбаев ақын:  Қадыр Мырзәлі айтқандай, «қарттық ешуақытта адамға сән бермейді, біз өзіміз қарттыққа сән береміз» деген қағиданы ұстанып келеді. Қолынан келгенше жастарға үлгі-өнеге көрсетуден жалыққан емес.

Шәкір Ибраев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры.

 Еңбектері:

 Междометие в казахском языке, А., 1959;

Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, А., 1960;

Современный казахский язык, А., 1962 (телавт.);

Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1966 (телавт.);

Қазақ диалектологиясы, А., 1967 (телавт.);

Қазақ, моңғол тілдерінің туыстығы жайлы, А., 1967;

Монгольско-казахские лексические параллели, А., 1971;

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, А., 1975 (телавт.);

Казахская региональная лексикография, А., 1976;

Қазақ тіліндегі аймақтық лексика, А., 1989 (телавт.);

Қазақ тіл білімі мәселелері, А., 2000;

Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, А., 2005 (телавт.).

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 370 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 731 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46087 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 43701 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика