THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Құрметті
әріптестер, қонақтар!
Алматы
қаласы әкімдігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық
университетінде 2019 жылдың 25 қазан
күні сағат 10:00-де «ТҮРКІ ЖАЗУЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
1. Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті
2. Түркі әлеміне қатысты ортақ құндылықтар
3. Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері
4. Көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелу үдерісі;
5. Латын графикасы: тарихы, теориясы және оқыту
әдістемесі.
6. Түркітілдес елдеріндегі латын әліпбиінің қолданылуы;
7. Латын негізді
қазақ әліпбиін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану;
Жұмыс тілі:
қазақша, орысша, ағылшынша.
Конференция
материалдары жинақ түрінде жарық көреді;
МАТЕРИАЛДАРДЫ
ДАЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ:
Форматы -А4, редакторы – WORD, 14 шрифт.
Мәтін: Times New Roman
1. Мақаланың аты ортаға қойылады (бас әріптер, қалың қаріп, 14-өлшем);
2. Төменнен оң жағында – автордың аты-жөні жазылады (қалың қаріп, курсив, 12-өлшем);
3. Аты-жөнінің астыңғы жағына автор жөнінде қысқаша мәлімет (12-өлшемдегі әріптер)
4. Аты-жөнінің үстіңгі жағына автордың жеке фотосуреті қойылуы керек;
5.Төменде
электрондық пошта мекенжайы беріледі (курсив, 10-өлшем);
6. Мақала көлемі 5-7 бетке дейін,
аннотациясы – 5-7 сөйлем (40-50 сөз), орыс және ағылшын
тілдерінде (10-өлшем);
7. Жиегі: жоғарғы және төменгі, сол және оң жағы – 2 см; Жолдарының арасы – бір интервал
8. Әдебиеттерді мақала соңына көрсету;
Ұйымдастырушы тарап баяндамаларды
іріктеуге құқылы. Мақала жариялау тегін.
Ұйымдастыру комитеті өтінім мен
мақаланы 2019 жылдың 15 қазанына
дейін қабылдайды. Өтінім мен мақала төмендегі электронды мекенжай бойынша
қабылданады: turkologia2019@mail.ru
Өткізілетін жері: Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педогогикалық университетінің бас оқу ғимаратының № 225 мәжіліс
залы
Тіркеу:
25.10.2019. сағ.09.00
Байланыс телефондары: тел.: +7(727) 293 88 75; +7 707 243
87 38; +7 707 493 28 28
Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция туралы толық ақпарат Мемлекеттік тілді
дамыту институты https://mtdi.kz/ сайтында орналастырылған.
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ