КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

                                                                                                                                          

Өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық

Университетінің мәжіліс залы

(Гоголь көшесі, 114).

              Өтетін уақыты:2019  жылғы 20  қыркүйек, сағат 14.00

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында  Алматы қаласы күніне орай «Ана тілім – айбыным» атты қалалық жас ақындар айтысын ұйымдастырады.

Айтыстың мақсаты мен міндеті: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу, ұлттық айтыс өнерін дамыту, жастардың қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне деген ықыласын арттыру.

 Айтысқа Алматы қаласының әр ауданынан 16-30 жас аралығындағы         2 ақын қатысады. 

Құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ тілшілері, әдебиет сүйер қауым, студент  жастар мен оқушылар және т.б. көрермендер шақырылады.

Айтыстың шарттары. Айтыскерлер айтыстың барлық түрлерін қолдана отырып өнер көрсетеді. Ақындарға келесі тақырыптық бағыттар ұсынылады:

         1.  Тіл тағдыры – ел тағдыры;     

2.  Қазақ тілі - мемлекеттік тіл;

3.  Ел болашағы - жастар;  

4.  Рухани жаңғыру – ұлттық сананың жаңғыруы.

Айтыскерлердің өнерін бағалау кезінде олардың суырыпсалма өнеріне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, ұлттық киім үлгісіне баса назар аударылады.

Айтыстың жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы – 2632305, 2631527, «Лұғат» қоғамдық қоры - 2938875.

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208262 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194921 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150510 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика