THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов кіріспе сөзінде мектеп
бағдарламасы пәндеріндегі терминдердің ұлттық терминологияны қалыптастырудағы
маңыздылығын, мектеп терминологиясын дамытуға баса назар аудару қажет екендігін атап
көрсетті.
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы
директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты М. Мұқаметқали жаратылыстану-математика
бағыты пәндері бойынша мектеп
оқулықтарындағы терминдерді біріздендіру мәселелері жөнінде баяндап
берсе, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының профессоры, география ғылымдарының докторы О. Мазбаев
география терминдерінің халықаралық атаулармен үйлесімділігі мәселесі жайында сөз
қозғады.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған
профессоры, География кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының
кандидаты Д. Кәдірбаева мектеп курсындағы география пәні терминдерінің қолданылу аясы, жетілдіру
мәселелері жөнінде баяндама жасаса, Астана қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №
48 мектеп-лицейі физика
пәнінің мұғалімі А. Хонорбайдың
баяндамасы физика терминдерін меңгертудің
әдіс-тәсілдеріне арналды.
Қазақ ұлттық
аграрлық зерттеу университеті Зоология институтының
аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Б. Таранов биологияда жиі
қолданылатын кейбір терминдердің қазақ тіліндегі баламалары жайында пікір
білдірсе, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық
орталығының ғалым хатшысы Нұрлыхан Аитова оқу корпусын жасау және мектеп
терминологиясын зерттеуді оңтайландыру мәселелері жайлы сөз етті.
Конференцияда сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры,
химия ғылымдарының кандидаты Айнагүл Көлпек «Химия пәні терминдерінің қазіргі
жай-күйі және қазақ тілі заңдылықтарына сәйкестігі», Ақмола облысы Целиноград
ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі информатика пәнінің мұғалімі, жаратылыстану
ғылымдарының магистрі Әсем Алматова «Орта
білім беруде информатика терминологиясын жетілдіру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция қорытындысы бойынша қабылданған
қарар мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, бейінді
ұйымдарға тиісті жұмыста пайдалану үшін жолданады.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ