THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
19 желтоқсан күні Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Жоғары оқу орындарындағы орыс тобында қазақ
тілін оқыту» атты семинар-кеңес өтті. Шараға ЖОО-ның оқытушылары, мемлекеттік
тілді зерттеушілер, әдіскер ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Семинар-кеңес төмендегідей бағыттарды
қамтыды:
ЖОО-да қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері;
Оқу тілі орыс тіліндегі білім
бағдарламаларындағы білімгерлерді топқа бөлу ұстанымдары;
ЖОО-да қоғамдық-гумантитарлық бағыттағы білім бағдарламаларында қазақ
тілінен оқытылатын пәндер (саны, кредит мөлшері, студенттер контингенті, топқа
бөлінуі, т.т.);
ЖОО-да жаратылыстану-техникалық бағыттағы
білім бағдарламаларында қазақ тілінен оқытылатын пәндер (саны, кредит мөлшері,
студенттер контингенті, топқа бөлінуі, т.т.);
ЖОО-дан кейінгі білім бағдарламаларындағы мемлекеттік
тіл.
Семинар-кеңеске онлайн және офлайн форматта
жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты. Оның
ішінде 9 адам баяндама оқыды. Семинар-кеңестің тізгінін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
, ф.ғ.д., профессор Тыныштық Ермекова мен Мемлекеттік тілді дамыту институтының
директоры, ф.ғ.к. Бижомарт Қапалбек ұстады. Алғаш болып Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университетінің аға оқытушысы, РһD доктор Рысқұлбек Дидар
Жылқыбайқызы «ЖОО-да қазақ тілінің оқыту жайы» (сауалнама нәтижесі бойынша
талдау) атты баяндамасын оқыды. «ЖОО -да қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттарын анықтаудың заманауи
талаптары» тақырыбында KIMEP университетінің оқытушысы, ф.ғ.д., профессор
Ерназарова Зәуреш Шаршыбекқызы сөйледі. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, п.ғ.д.
Қапантайқызы Шынар «Тіл үйретуде грамматикалық минимумды іріктеу ұстанымдары»
атты баяндамасын оқыды. Аталған жиынға
өңірлік университет оқытушылары да белсене қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.д. Курманова Бақтыгул Жакеновна да орыс
топтарындағы қазақ тілінің өтілу жайын сөз етті, «Болашақ» бағдарламасының
түлегі, Абай атындағы ҚазҰПУ, кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Оспанов
Еділбай Төлеубайұлы да қазақ тілін өзге аудиториялар оқыту практикасы мен
теориясы туралы да маңызды ақпараттармен бөлісті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы, ф.ғ.к. Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы қазақ тіл білімінде
дамып келе жатқан жаңа сала цифрлы қазақ
тілі туралы «Цифрлық қазақ тілінің даму бағыттары» тақырыбында баяндама жасады. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
университетінің доценті, ф.ғ.к. Жуанышпаева Самал Жаметовна «Қазақ тілін деңгейлеп оқытуға бағытталған
тапсырмалар жүйесі» тақырыбында баяндама жасап, деңгейлеп оқытудың жүйесін
талдады.
Жиынды қортындылаған бизнес-экономика саласы бойынша озық университеттердің бірі Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің Тіл Орталығының директоры Әбділдә Шолпан Әбділдәқызы «Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде қазақ тілін оқыту практикасы» тақырыбында баяндама жасап, университеттеріндегі оқыту практикасымен бөлісті.
Семинар-кеңесті Тыныштық
Ермекова қорытындылады. Ол мұндай семинар-кеңестер мемлекеттік тіліміздің
дамуына өз ықпалын тигізері сөзсіз екендігін атап өтіп, жиында талқыланған
мәселелер туралы алдағы уақытта жұмыс жасалып, типтік бағдарлама әзірленетіндігін
жеткізді.
ПІКІР АЛМАСУ
11/01/2024 11:39
«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОРЫС ТОБЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ» АТТЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
|
ТЕКСТ