КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік тілдідамыту институты  2023 жылдың 24мамырында  Алматы Менеджментуниверситетінде (№413 Ғылыми Кеңес залында) «Көне түркі ескерткіштеріндегіономастикалық кеңістік» (Б. Бияров, К. Күркебаев, Б. Қапалбек), «Қазақстандағытілдік ахуал: аймақтық ерекшеліктер және өзекті мәселелер» (А. Абасилов, С.Баяндина, Қ. Текжанов, С. Асанбаева, Б. Бияров, Б. Қапалбек, Б. Қалымбет, О.Әбутәліп, Н. Оразхан), «Түркі фразелогизмдердегі аялық білімнің ұлттық сипаты»(А. Тымболова, Қ. Қалыбаева, М. Сабыр, Б. Қапалбек, А. Мұхаметқали, А.Полатова)  атты үш монографияныңтаныстырылымы өтті.

I. «Көне түркіескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістік» монографиясы 2021-2023 жылдарғаарналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруаясында жазылған. Монографияның бірінші тарауы Көне түркі ескерткіштерініңтабылуы, зерттелуі және аудару мәселелеріне арналған. Көне мәтіндердің жанрытуралы әртүрлі тұжырымдардың ішінен монография авторлары түркі халқына тәншешен тілмен жазылған «тарихи шежіре» жанрына жатады деген пікірді қолдайды.Көркем әдебиет стилі көрініс бергенімен, көркем әдебиетке жатпайды.

Екінші тарауданбастап, Көне түркі ескеркіштеріндегі – Енисей, Талас, Орхон – жалқы есімдертүгелге жуық қамтылып, тілдік тұрғыдан талданды. Атап айтқанда, антропонимдер,топонимдер, этнонимдер, архонтоним (лауазым аттары), иппонимдер, теонимдержеке-жеке жинақталып, этимологиялық талдаулар жасалған.

Кітап тілбілімінің түркітану, ономасиология салаларымен айналысып жүрген филологстуденттер, магистранттар мен доктаранттарға, тіліміздің тарихы мен еліміздіңөткені қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.

II.«Қазақстандағы тілдік ахуал: аймақтық ерекшеліктер және өзекті мәселелер». Бұлғылыми зерттеу тіл дамуын аймақтық тұрғыдан жоспарлаудың әлеуметтіклингвистикалық негіздемесі тақырыбындағы жұмыстың бірінші кезеңі болыптабылады. Мұнда Қазақстанды әлеуметтік лингвистикалық аймақтарға топтастыраотырып, зерттеудің теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылды.Монографияның зерттеу субьектісі  – Қазақстан Республикасыныңоңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтары болды. Зерттеубарысында мынадай нәтижелерге қол  жеткізілді:  Қазақстанаймақтарындағы тілдік ерекшеліктерді анықталды; аймақтардағы тілдік ахуалдыңпозитивтік динамикасын ашып көрсетілді; әртүрлі салалардағы қазақ, орыс,ағылшын тілдерін қолданудың ерекшеліктері айқындалды; аймақ тұрғындарыныңқазақ, орыс, ағылшын және этникалық тілдерді меңгеру деңгейі анықталды;мемлекеттік, орыс, ағылшын және этникалық тілдерді үйрену уәждері зерттелді;Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың нәтижелеріталданды.

III. «Түркіфразелогизмдердегі аялық білімнің ұлттық сипаты» атты монография-оқулықта түркілингвомәдени  бірліктеріндегі  аялық білімнің ұлттық сипаты оғыз және қыпшақтобы тілдері материалдары негізінде қарастырылады. Яғни ұлттық кодты құрайтынтүркі лингвомәдени бірліктерінің уәжделу үдерісі ұлттық таным тұрғысынансалыстырыла зерттеледі. Еңбек тіл білімінің түркітану, лексикология,фразеология, этимология лингвомəдениеттаным, когнитивтік лингвистикасалаларымен айналысып жүрген мамандарға, филолог студенттерге, магистранттармен доктаранттарға, тіл тарихы қызықтыратын көпшілікке арналған.

Монография-оқулықүш бөлімнен тұрады. Алғашқы тарауда қыпшақ (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық) жәнеоғыз (түрік,әзірбайжан, түркімен) тобы тілдеріндегі фразеология теориясыныңқалыптасуы мен даму деңгейі сөз болады.

Ал екінші жәнеүшінші тарауларында осы тілдер тобындағы фразеологизмдердің тарихи уәжделуіарнайы сөз бола отырып, олардың түркілік ортақтығы мен уақыт көшіне байланыстыдифференциациаланған ұлттық сипаты бағамдалады.

Шараға ҚазақстанРеспубликасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағартуминистрліктерінің және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары,ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, Тіл саясаты комитетінің, Қалалықжәне облыстық тіл басқармаларының жауапты мамандары, докторанттар менмагистранттар, БАҚ  өкілдері, барлығыонлайн және офлайн форматта екі жүзден астам маман қатысты. Аталған үш кітапкелгендерге түгел таратылды.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика