КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Қазіргі жан-жақты дамыған заманда әртүрлі техникалық заттар, жиһаздар шығып жатыр. Оның ішінде сәбилерге арналған бесікті де әрі ысыруда. Бүгінгі жас ата-аналар бесікте баланың аяқ-қолын таңылып, қысылып жататындықтан, баланың қимылы азайып, аурушаң болып өседі дейді де памперс киігізіп қояды.

Бесік – сәби үшін де, оның шешесі үшін де өте тиімді. Бесікте жатқан бала таза өседі, асты құрғақ баланың ұйқысы да тыныш болып, анасының мазасын көп алмайды. Ал памперс киіп, емін-еркін жатқан бала ербеңдеген өзінің қол-аяғынан шошып, жиі оянады. Ұйқысы тыныш болмаған соң, ол бала мазасыз болады. Дұрыс демалмаған мұндай балалардың зердесі толық жетілмейтіндігі жалпымызға аян. Бесікте күн ұзақ құндақтаулы жатқан балаға салқын да тимейді, яғни көп ауырмайды.

Бабамыздан бері жалғасып келген баланы бесікке салу дәстүрі, қазақ шипагерлігінің бір түрі. Яғни, бала дүниеге келген сәттен бастап, бесікте жатса баланың денесі тіп-тік, аяғы түп-түзу болып өседі. «Нәресте ұйқымен өседі» дейді халқымыз. Сәбидің тыныш ұйықтауына бесіктен артық жайлы орын жоқ. Бесік белгілі бір ырғақпен ғана тербетіледі, бұл жағдай баланың жүйкесін қалыпты жағдайға түсіріп, мінезінің сабырлы болуына негіз болады. Сондай-ақ бесіктегі бала ана әлдиін тыңдап өседі. Ал мұндай бала қайырымды болып қалыптасады. Бесік жырын тыңдап өскен баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Әрине, бесік пай­да­лы екен деп, баланы күні-түні таңып қоюға болмайды. Арасында шешіп алып, аяқ-қолын созып, жаттығулар жасау керек. Бала бесікте жатпаған уақытта бесік көрпешелерін далаға күннің көзіне, қыста аязға жайып алу қажет.

Кейбір аналар жас сәбиін қасына алып жатады. Көзі ұйқыға кеткен ана қасындағы баланы басып кету және оны тіпті байқамай қалу қаупі де өте зор. Ал бесік бұдан сақтайды. Немесе «сәбиімді басып кетемау» деп алаңдаған ананың ұйқысы да тыныш болмайды. Бесік көнеден қалған ескі қалдық емес, уақытша жан тыныштығынан гөрі балаларының болашағын ойлағанымыз дұрыс.

"Айтыс-ақпарат"


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика