КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ақиық ақын, көрнекті мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары – 10: Мемлекеттің индустриалды-инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау келешегі мен ғылымның рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Жиында елдің аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытудың индустриялық-инновациялық жолдары, ғылым мен білім саласындағы зерттеу университеттерін құру мәселесі төңірегінде әңгіме өрбіді.

Конференцияда университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев өзінің «Зерттеу университетіне трансформациялаудағы алғашқы қадамдар» атты баяндамасында университеттің болашақтағы даму бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, Еуразия кеңістігінде өзінің ғылыми жаңалықтарымен танылған университеттің биыл В.И. Блинников атындағы Алтын медальді иеленіп отырғанын, сондай-ақ мұнда көп тілді білім беру үрдісі жан-жақты қолға алынғанын мәлімдеді. Профессорлық-оқытушылық құрамының да біліктілігін көтеру бағытында жұмыстар жасалып жатқанын жариялаған университет ректоры «Болашақ» бағдарламасымен 45 ұстаздың біліктілігін көтеріп, әлемге танымал ғылыми-зерттеу институттарында тәжірибе алмасып жатқанын баяндады.

Осы жиын барысында ҚР Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев Қазақ­станның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың келешегі туралы әңгімеледі. Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов С.Сейфуллиннің 120 жылдығына орай танымал сәкентанушылар-дың зерттеу жұмыстарына тоқтала келе, университетке жаңадан табылған Сәкен қолжазбасының түпнұсқасын тарту етті.

Конференция барысында мемлекетіміздің агро­өнеркәсіптің кешенін индустриялық-инновациялық дамыту жайында Германия, Польша, Италия, Эстониядан келген танымал мамандар мен отандық ғалымдардың да сүбелі баяндамалары тыңдалды.

astana-akshamy.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика