КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Ағымдағы жылдың 19-20 мамырында Астанада алғаш рет Түркі жазуы күні аталып өткен еді. Үкіметтік деңгейде бекітілген осынау айтулы күнді ұйымдастыруға Түркі академиясы мұрындық болған еді. Түркі конгресі, ТҮРКСОЙ өкілдерінен бөлек, түбі түркі ағайындардың басым көпшілік ғалымдары қатысқан басқосуда Түркі жазуы күнінің мәртебесін арттыру туралы уағдаластық айтылған. Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл бүгін Үкімет басшысына сауал жолдап, осы мәселеге қозғаушы болуға ұсыныс айтты, деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-басылымының тілшісі. 

Түркі жазуы күнінің кереметтігі туралы Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Бодрумдағы жақында өткен басқосуында да жоғары баға берілген. Шындығында, айтулы форум тамырлас ұлттардың рухани әлеміне тың серпін әкелді. Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының басқосуы да осыны жоғары бағалап, жалпытүркілік мерекеге айналдыру жөнінде алғаш рет мәміле жасалды. Ендігі міндет осы күнді жыл сайын бүкіл түркі дүниесінің рухани жаңғыру күні ретінде өткізіп, жаңа бастамаларға ғұмыр беру болып табылады. Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл да Үкімет басшысынан осыған мұрындық болуды сұрайды. 

 

Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

 

– Түркі жазуы күні аясында біз Орхон ескерткіштерінде Күлтегін, Тоныкөк, Білге жазбалары баян еткен тарихты, әсемсөз сөйлететін әдеби шығармалар мен экрандарда шалқытатын көркем фильмдерге Түркі академиясы мен ТҮРКСОЙ атынан бәйге жариялауға шақырғанбыз. Екінші мәселе, рухани құндылықтарды алмасу мүмкіндігін қалт жібермей, бір-біріміздің әдеби шығармаларымызды іріктеп, төл тілімізге аударайық, түркі тектес жазушылардың кітапхана сериясын әзірлеуге кірісейік дедік. Үшіншіден, түркі дүниесін түгел қамтыған ортақ энциклопедия шыңғару ұсынылды. Осыған орай, Мәдениет министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі, Астанадағы Түркі академиясы және түркі тілдес мемлекеттердің салалық министрліктерімен бірлесе отырып, осы ұсыныстарды жүзеге асырудың жолдары айқындалуы керек. Ал Республика Үкіметі оларға экономикалық жағынан қолдау көрсеткені абзал. Елбасы Н. Назарбаев атап көрсеткеніндей, Қазақ елі – Түркі дүниесінің қара шаңырағы. Ендеше темірқазық ел – Қазақстан тарихи миссиясына сәйкес, осындай маңызды рухани шаралардың қозғаушы күші болса жарасады.

Алаш айнасы


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика