КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

(Алтай Сарсенұлы Аманжолов 75 жаста)

 «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығының ұжымы көрнекті тілтанушы, түркі тілдерінің тарихи грамматикасы мен көне түркі жазуы тарихының санаулы мамандарынын бірі Алтай Сарсенұлы Аманжоловты 75 жылдық мерейтойымен шын көңілден қызу құттықтайды. Ағамызға мықты денсаулық, жанұяда бақыт және шығармашылық табыстар тілейміз.

Көрнекті ғалым-ұстаз Алтай Сарсенұлы Аманжолов 1934 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келді. Ол 1957 жылы М.В. Ломоносов атындаєы Мәскеу мемлекеттік университетін (МГУ жанындағы Шығыс тілдер институтын) бітіріп, кейін аспирантурасына түсіп, 1963 жылы «Көне түркі жазу ескерткіштері тіліндегі етістіктің меңгеруі» деген тақырыпта кандидаттык диссертацияны ойдағыдай корғады (ғылыми жетекшісі – профессор В.М. Насилов). 1957-1960 жылдары және 1964 жылдан бастап ҚазақССР Ғылым Академиясында кіші ғылыми қызметкер болып істеді. 1966 жылдың маусым айында Қазак ССР Жоғары және арнаулы орта білім министірлігінің ұйғаруымен Қазақ мемлекеттік кыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасына жіберіліп, 1979 жылдың қыркүйек айына дейін осында аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі кызметін аткарып келді.

А.С.Аманжолов – әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университетінің алдыңғы қатарлы профессорларының бірі, 1979-1995 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ал, 1995 жылдың көкек айынан қазірге дейін жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры. Университетте бірқатар лекциялық курс жүргізеді: «Жалпы тіл білімі», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Түркі филологиясына кіріспе», «Көне түркі тілі» және «Графикалық лингвистиканың проблемалары». Бұл курстардың ұтымды жағы маңызды ғылыми проблемаларды айтып, оны нақты дәлелдермен түсінікті түрде ашып беруінде.

А.С. Аманжолов – көрнекті тілтанушы, түркітілдерінің тарихи грамматикасы мен көне түркі жазуы тарихының санаулы мамандарының бірі. Ғалымның түркі филологиясы мен тіл білімі бойынша екі жүзге тарта еңбегі жарық көрді (кейбіреуі ағылшын және түрі ктілдерінде шетелде басылды). Негізгі еңбектері: Глагольное управление в языке древнетюркских памятников. Москва: Наука, 1969, 104 с: Тюркская рупическая графика. Алматы: КазГУ, 1980 (ч. I, 56 с.), 1981 (ч.ІІ, 56 с.), 1985 (ч. Ш, 48 с.); Бабалар сөзі. Пекин: Ұлттар баспасы, 1988, 70 б. (араб графикасында); Ортақ асыл мирас. Трабзон, 1994, 38 б. (түрік және қазақ тілдерінде); Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы: Санат, 1996, 1286; Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігі. Алматы: Қазак университеті, 1997, 85 б. (өңделіп, толықтырылып 2-басылуы –1999, 75 б.); История и теория древпетюркского письма. Алматы: Мектеп, 2003, 368 с.

1969 жылы Мәскеуде шыққан «Көне түркі ескерткіштеріндегі етістіктің меңгеруі» атты монографиясы мамандардың жоғары бағасына ие болды. А.С. Аманжоловтың «Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» деген докгордық диссертациясы 1975 жылы қорғалған, бұл күрделі ғылыми зерттеу, ұзақжылғы ізденудің жемісі болды. Ғалымның «Көне түркі жазуының тарихы мен теориясы» (Алматы, 2003 ж. орыс тілінде) атты сүбелі монографиясында көне түркі руникалық графикасына түбегейлі талдау жасалған, Қазақстан бойынша соны эпиграфикалық материал берліген, түркі руникалық алфавитінің қалыптасу тарихына қатысты маңызды теориялық тұжырымдар айтылған.

Жаңа еңбектерінің бірі – «Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігінде» (1997, 1999, жылдары) қазақ тілінің 2 мыңдай лингвистикалық термині мен олардың орысша баламалары қамтылған. Бұл терминдер тіл біліміне қатысты оқу-методика құралдары мен ғылыми еңбектерде кеңінен қолданылуда. Лұғат сөзтізбегі казаќ тіліндегі деректер негізінде құрастырылып, лингвистика тарихындағы алғашқы тәжірибе болып отыр.

Оның ғылыми зерттеуінің нәтижелері оқу процесіне енгізіліп, лекциялық курстарды оқытуда пайдаланылады. А.С. Аманжолов филология факультеттерінің қазақ бөлімдері үшін бірнеше бағдарлама (10) мен оку құралын (3) бастырып шығарды, орта мектептің 8 сыныбы үшін жаңа оқулық (қосалқы автор) дайындады.

Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасауда. Ол 18 филология ғылымдарының кандидатын, 2 докторын дайындады. Университеттің филология факультетінде диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары. 1978 жылдан профессор, 1990 жылдан Қазактың тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау қоғамының кұрметті мүшесі, 1995 жылдан Қазақстан Қоғамдық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академик), 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Өнер академиясының академигі.

«Еңбек ардагері» медалімен (1988 ж.), «Құрмет» орденімен (1999 ж.), Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық сыйлығымен және Алтын медалімен (2000 ж.), «Қазакстан республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2004 ж.), марапатталды.

А.С. Аманжолов Қазақстанда көне түркі жазу ескерткіштерін ашу, зерттеу. насихаттау бағытында көптеген ғылыми-ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, Республикалық радио және теледидар хабарларына үзбей қатысып тұрады. Өзінің ғылыми және ұстаздык қызметін мәдениет ескерткіштерін насихаттауға арналған қоғамдық жұмысымен ойдағыдай ұштастыра түсуде.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика