КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

2014 жылдың 16 мамыры күні Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Форумға ҚазҰУ-дың әдебиетші-филолог ғалымдарымен қатар еліміздің өзге де аймақтарынан білікті мамандар қатысып, филология ғылымының бүгіні мен болашағы турасында өз ойларын ортаға салды. Форумның пленарлық мәжілісі тізгінін басқарып, кіріспе сөз сөйлеген Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы, профессор, Қ. Әбдезұлы ең алғашқы сөзді академик Тұрсынбек Кәкішұлына ұсынды. Өз кезегінде ғалым ұлттық әдебиеттанудың көкейкесті мәселелерін сөз етсе, профессор Ж.Дәдебаев «Абай ілімі» аясын талдап көрсетті. Профессор Ө.Әбдиманұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ романдарындағы тәуелсіздік идеясын қозғады. Сондай-ақ, профессор Т.Есембеков ХХІ ғасырдағы әлемдік әдебиеттану ғылымының даму барысын айта келе, әдеби шығарманы филологиялық талдау мәселесінің маңызына тоқталды. Ал, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы Н.Ақыш қазіргі кезеңдегі балалар әдебиеті және «Мәңгілік ел» идеясының өзектілігін сараласа, Қазақ ҚМПУ-дың профессоры С.Сәкен Ер Едігенің шыққан тегі туралы баяндама жасады. Пленарлық мәжілістің қорытындысын академик Тұрсынбек Кәкішұлы: «Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін екінші сортты дерек көзі ретінде қарамай, қазақтың кәсіби әдебиеті деңгейіне көтеруіміз керек», – деген ойымен түйіндеді. Түстен кейін форумның бағдарламасына сәйкес ғалымдар үш секцияға бөлініп, филология ғылымының даму тенденциялары жайында дайындалған өздерінің ғылыми баяндамаларын оқыды. Форум соңында барлық ғалымдар мен профессорлар республика университеттерінің гуманитарлық факультеттеріне қазақ әдебиетін міндетті пән ретінде оқыту керегі жөнінде ортақ ойға тоқайласты.

Қазақ әдебиетінің тарихы және 

теориясы кафедрасының оқытушысы

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика