КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

         Жыл сайын елімізде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Тамыз кеңесі» өтеді. Биылғы шара жаңа форматта жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметінің директоры Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.Спикер «Тамыз кеңесі» барлық мұғалімдер үшін аса маңызды шара екенін атап өтті және конференция барысындағы секциялық жұмыстар әр облыстың орталығында өткізілетіндігін баяндады.«Ең үлкен секция бұл – білім саласының жаңартылған мазмұнға көшу секциялары. Бұл секциялар әр облыс орталықтарындағы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» базасында өткізілетін болады. Өздеріңізге белгілі біздің саламызда былтырғы оқу жылынан бастап жаңартылған мазмұн енгізіліп келе жатыр. Бұл бірқатар өзгерістермен байланысты. Айта кететін тағы бір жайт, 2, 5, 7 сыныптар биылғы жылы осы жаңарту мазмұнына көшіп, олар үшін жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар және сыни тұрғыдан ойлау сұрақтары қарастырылған. Осы сұрақтар облыс орталықтарында өтетін секцияларда мұғалімдермен, білім саласы өкілдерімен, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен жете талқыланады», - деді Ш.Каринова.

         Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметі директорының айтуынша тамызда болатын кеңесте былтырғы оқу жылының негізгі сұрақтары талқыланып, оған сараптамалар жасалынып, алдағы оқу жылына жүйелі жоспар жасалады. https://mtdi.kz/main/akparat/id/822



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208257 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194909 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150472 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика