КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі таңда ісқағаздарын топтастырудың мазмұнына қарай, стиліне қарай, ісқағаздарын оқытуға қатысты т.с.с көптеген түрлері бар. www.qujat.kz сайтында ісқағаздар күнделікті қолдануға қарай 2-ге бөлінген:

1. Кеңсе құжаттары

2. Кадр құжаттары

         Мұнда салынған кеңсе құжаттары жай үлгілер ғана емес, қазіргі мамандар қолданып жүрген  күнделікті құжаттар болғандықтан, осылай бөлген. 



Сайтта Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық құжаттар екі папкаға жинақталған, әрі қарай құжаттардың жеке үлгілері берілген. Сайтта құжаттарды іздеудің 3 түрі ұсынылған:

1. Жүйелі іздеу түрі. Құжат үлгілерін жоғарыда көрсетілген папкаларға кіру арқылы таба аласыздар.

2. Құжат атауын жазу арқылы іздеу. Яғни сайттың басқы бетінде тұрған іздеу деген жолаққа құжат атауын енгізу керек. Сонда автоматтандырылған жүйе екінші әріптен бастап іздей бастайды. Бұл баршаға белгілі google іздеу функциясына сәйкес жасалған.   



  3. Әріп арқылы іздеу. Жоғарыдағы екі папканың оң жағына әріптер клавиатурасы қойылған. Біздіңше, бұл жинақы, әрі пайдаланушылар үшін ыңғайлы, әрі іздеудің тағы бір түрі болып табылады.



Базада барлығы (орысша-қазақша) екі жүзден аса құжат үлгісі бар. Олар PDF және DOC нұсқасында сақталған. PDF нұсқасы көріп, танысу үшін. Ал DOC нұсқасы қажетті құжатты көшіріп алып, әрі қарай жұмыс істеу үшін. Бұл функциялар мынадай терезелер арқылы жұмыс істейді. 



Сайт автоматтандырылған болғандықтан онлайн түрде құжат үлгілеріне өзгеріс еңгізу қызметі жұмыс істейді. Құжатты көшіріп, оны компьтеріңізден іздеп жүрмей бірден өзгеріс еңгізіп, шығаруға немесе жеке поштаңызға жіберуге болады. Бұл қызметтер пайдаланушының жұмысын жеңілдетеді, әрі құжат толтыру процессін тездетеді.



Барлық құжат үлгілері сайтқа корректуралық тексеруден өткізіліп,  салынған. Тағы бірқатар кадр құжаттары реттеліп, салынуға дайындалып жатыр. Сайттағы үш іздеу жүйесі де толықтай жұмыс істеп тұр.  Одан да өзге: Құқықтық негіз, Мақалалар, Кітапхана, Терминдер, Сұрақ-жауап секілді бөлімдер сапалы контентпен толықтырылған.

Күнделікті қолданыстағы құжаттарды іріктеп, тексеріп сайтқа салған Мемлекеттік тілді дамыту институты қызметкерлері мазмұны бойынша кез келген сұрақтарға түсініктеме беруге дайынбыз деп отыр.

Сайтта сапалы контентпен толтыру жұмыстары әлі де жалғаса береді. Алда әлі IOS, Android үшін порталдың мобильді қосымшасын әзірлеу жұмыстары тұр. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208262 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194921 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150509 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика