КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпараттық хат

Авторы: MTDI

27/09/2017 13:33   0   5880   0

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҒАЛЫМДАР! 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті Сіздерді 2017 жылдың 03 қарашасында

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесіп өткізетін

«ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНҚОРды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері»

        атты

РЕСПУБЛИКАлық  конференцияНЫҢ

                                                                           жұмысына қатысуға шақырады

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

1.      Терминтану: теория және тәжірибе.

2.      Қазақ терминографиясының қазіргі жай-күйі, болашағы.

3.      Терминжасамдағы теория мен тәжірибе үйлесімі.

4.      Алаш зиялылары және қазіргі қазақ терминологиясы.Тарихи сабақтастық және тағылым.

5.      Терминологиялық жұмыстарды республикалық деңгейде ұйымдастырудың маңызды мәселелері.

6.      Терминология және аударма. Ғылым тілінің ұлттық сипаты және өзге тілдер ықпалы. Ғылыми стиль және термин жасау үлгілері.

7.      Терминқор қалыптастырудағы ұлт тілінің ішкі көздерін, термин жасау тәсілдерін пайдалану  мен терминалмасым теңгерімі.

8.      Ұлттық терминқордың электрондық базасын жасаудың ғылыми-тәжірибелік негіздері.

9.      Түркі тілдерінің термин жасау тәжірибесі және жалпытүркілік, ортақ терминдер қорын молайтудағы ізденістер мен іркілістер.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференцияға қатысу үшін автор материалдың электрондық нұсқасын (5-8 бет, Tіmes New Roman шрифт, 14 кегль) жіберуі тиіс, басқа қаріптер қабылданбайды.

 

МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Мақала атауын ортаға орналастырылады(бас әріптермен, 14 кегльмен, жартылай майлы шрифт).

2. Бір жолдан кейін, ортасына автордың аты-жөні (кіші әріптермен,12 кегльмен).

3. Тегінің астына жақшаның ішіне: сіздің жұмыс істейтін мекеме, қала, мемлекеттің аты (кіші әріптермен, 12 кегльмен).

4. Оның астына – e-mail (10 кегльмен, курсивпен).

5. Оның астына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақала түйіні беріледі                           (11 кегльмен).

6. Тірек сөздер орыс және ағылшын тілдерінде беріледі (5 сөзден аспауы керек,                        10 кегльмен).

7. Өлшемдер: үсті және асты, оң жағы және сол жағы – 20 мм, кітапша секілді.

8. Жоларалық интервал – 1.0.

9. Әдебиет тізімі төмендегідей безендіріледі:

1. Қалиев Б. Өсімдік атауларының орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздігі. – Астана: 1 Сервис, 2005. – 144 б.

2. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. Алматы: Ғылым, 1998. - 205 б.

Мәтін ішіндегі сілтемелер былай көрсетіледі: [1: 23], 1 – зерттеушінің аты-жөні,                  23-бет; [1; 10], мұндағы нүктелі үтір сілтеме жасалған әдебиетті білдіреді.

Ұйымдастыру алқасы тек талап бойынша өнделген материалдарды жариялайтындығын ескертеді. Қатысушының өтінімі үлгі бойынша толтырылуы керек.

   

Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен баяндаманың мәтіні (электронды және қағаз түрінде) 2017 жылдың 01 қазанына дейін ұйымдастыру алқасының электрондық поштасына немесе көрсетілген электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс:

Электрондық пошта: assanova-01@inbox.ru

Байланыс телефондары: 8(7172)740503, 8-701-798-01-63

Материалдың баспадан шығуы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің жоспары бойынша бюджет есебінен іс-шараға дейін жоспарланған.

 

Ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз: ақпараттық хатта қойылған талаптар сақталмаса, материал қабылданбайды.

Өтетін орны: Алматы қаласы (өтетін орынның мекенжайы қосымша хабарланады).

Тіркеу уақыты:  2017 жылғы 03 қараша, сағат 9.00.

Іссапар шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді (ұшақ, «Тальго» жүрдек пойызынан басқалары). Қатысушы өзімен бірге іссапар куәлігі, жеке куәлігі, жол жүру билеттерінің түпнұсқаларымен қоса көшірмелерін, ЖСН-ның және 20 таңбалы сандық жеке төлем шотының көшірмелерін ала келуі қажет.

 

 

«ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНҚОРды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері»

 

атты

РЕСПУБЛИКАлық ғылыми-ПРАКТИКАЛЫҚ конференцияға

қатысушының өтінімі

 

Аты-жөні (толықтай жазылуы керек)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі

 

Бағыты

 

Баяндама тақырыбы

 

Қажетті техникалық құралдар (атауын көрсетіп қойыңыз)

 

Мемлекет, қала

 

Оқу орны, кафедра аты

 

Электрондық пошта

 

e-mail

 

Байланыс телефоны, факс

 

Қонақ  үй қажеттілігі (иә/жоқ), мерзімі

 

 

 

 

 

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208260 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194912 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150483 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика