КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 18 мамыр күні Алматы қаласы, Жетісу ауданы әкімдігінде, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты: жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету, жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуін ынталандыру.

Олипиадаға қатысушылар төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түсті:1.             Таңдаған тақырыбы бойынша «тұсаукесер» (презентация);

2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;

3. Берілген мәтін бойынша ілеспе аударма жасау.

Олимпиадаға қатысушылар әр кезеңнің тапсырмасын үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындады. Құрамына белгілі тілші ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аударма ісінің кәсіби білікті мамандары бар қазылар алқасы қатысушылардың жазбаша орындаған жұмыстарын тексеріп, ауызша жауаптарын тыңдады. Қазылар шешімімен жүзден жүйрік шыққан мына жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде – Ашимахун Жұпар, Алмалы ауданы

І орын – Қасенова Дәния, Алатау ауданы

ІІ орын – Қалиева Гүлден, Алмалы ауданы

ІІІ орын – Серік Сырым, Түрксіб ауданы

Байқау шарттары бойынша «Эссе жазу шебері» және «Ілеспе аударма шебері» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Мейренбекова Анар (Наурызбай ауданы) мен Сарқытбекова Гүлім (Медеу ауданы) иеленді. Ал, Маулетқазы Мирас (Түрксіб ауданы) пен Құрақбаева Динараға (Медеу ауданы) ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Ашимахун Жұпар Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

Олимпиадаға құрметті қонақ және көрермен ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ тілшілері және студент жастар мен оқушылар қатысты.

 

 

                                                                  

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208261 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194921 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150508 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика