THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» қалалық конкурсы мәресіне жетті
Авторы: MTDI
26/06/2018 11:36 0 6291 0
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 21 маусым күні Алматы
қаласы, Алатау ауданы әкімі аппараты ғимаратында «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік басқару
органдары мен мекемелерінде жұмыс істейтін мамандар арасында «Мемлекеттік
тіл - мемлекеттік қызметте» қалалық конкурсын өткізді.
Конкурсқа төмендегідей кезеңдер бойынша
сайысқа түсті:
1. «Сәлемдесу». Команда атауы мен ұраны, топ мүшелерін таныстыру;
2. «Керек дерек». Әр топтың мүшелері кезекпен 10 ұяшықтың ішінен
өздері таңдап алған ұяшықтағы 3 сұраққа
белгіленген уақытта жауап береді. Сұрақтар мемлекеттік тіл саясатына, тіл
туралы заңнама мен мемлекеттік бағдарламаларға және т.б. қатысты мәліметтерді
қамтиды
3. «Сөз маржаны». Әр топ кезекпен 10 ұяшықтың ішінен өздері таңдап алған
ұяшықтағы 3 тапсырманы орындайды. Топ мүшелері тіл туралы басталған қанатты
сөздердің, мақал-мәтелдердің екінші жартысын жалғастырып, аяқтауы тиіс.
4. «Киелі мекен». Әр топтың мүшелері кезекпен 10 ұяшықтың ішінен
өздері таңдап алған ұяшықтағы Қазақстандағы
танымал жердің экрандағы суреті
бойынша оның атауын анықтап, ол туралы қысқаша әңгімелеп берулері тиіс.
5. «Ана тілім – ән-жырым». Әр топ кезекпен музыкалық театрландырылған
қойылым (ән айту, өлең оқу, көрініс) қою арқылы өз өнерлерін көрсетеді.
Қазылар
алқасының құрамында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мәдениет, ішкі саясат,
спорт және дін мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Шалабаев Құсман
Кәрімұлы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ тілі
білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология
ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Жарқынбике Нуайқызы, ҚР Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы
қаласы бойынша департаментінің бас маманы Оразов Сайлау Сартайұлы болды. Қазылар алқасының
шешімімен конкурс жеңімпаздары анықталды:
Бас жүлде – Алмалы ауданы
І орын – Алатау ауданы
ІІ орын – Жетісу ауданы
ІІІ орын – Наурызбай ауданы.
Ұйымдастыру
комитеті
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ