THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Отыз мың халқы бар аудан орталығы Зырян қаласында Абай, Жамбыл, Т.Тоқтаров, Жақсыбаев және Мәншүк қызымыздың атында көшелер бар. Бұрынғы Зырян кен мырыш комбинатын көп жыл басқарып, осы Зырян қаласына көп еңбегi сiңген Жақсыбаев ағамыздың атын беретiн қала ортасында көше табылмай, Комсомол көшесiнiң шет жағы бөлiнiп берiлген болатын. Ал қалған ғұлама ағаларымызға берiлген көшелердiң бәрi де қысқа, әрi қаланың бос қалған, қираған шет аудандарында. Абай көшесiнде төрт, Жамбыл көшесiнде бес жеке үй қалды. Зырян қаласының ортасында қоладан кұйылған Ленин атамыздың мүсiнi бейшара қазақ халқына әлi де жол көрсетiп тұр.
Қала орталығындағы көше аттарына келсек, олар Ленин, Совет, Горький, Комсомол, Ломоносов, Стаханов, Коммунистiк, Солнечная және т.б. деп аталады. Көше атауларын өзгерту туралы 2008-10 жылдары облыстық “Дидар”, аудандық “Таң нұры” газеттерiне жаздық та. Көшелерiмiзге Д.Қонаев, Тәуелсiздiк және осы қаланың комбинатында өмiр бойы жұмыс атқарған, Социалистiк Еңбек ерi Нарыншинов ақсакалдың атын беруiн сұрадық. Бiрақ оған ешқандай жауап болмады.
Ауданда бар-жоғы үш қазақ мектебi бар. Қалғаны – аралас мектептер. Кейбiр ауылда қазақтар сексен пайыз болса да, балалар түгел орыс мектебiнде оқиды. Оған қала iргесiндегi Маяк ауылын атауға болады.
Осы жағдайдың бiр шетi аудан басшыларының арасында жергiлiктi халықтың арасынан шыққан, өз жерiне, өз елiне жанашыр болатын жергiлiктi азаматтардың жоқтығынан секiлдi. Ал қазiр ел басқарып отырғандар – барлығы басқа аудан, қалалардан кегендер. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданынан басқа Риддер қаласы, Глубокое, Шемонаиха аудандарында да жағдай осындай.
Е.Жәрiмбеттегi,
Өскемен қаласы.
Жас Алаш
ПІКІР АЛМАСУ
08/04/2025 14:46
Орал қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада өтті
|
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ