КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

                                                                                                                              Ақпараттық хат

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен 2018 жылдың 15 қарашасында  Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 73 орналасқан Нұр-Мүбәрәк Мысыр  ислам мәдениеті университетінде дін қызметкерлері мен имамдар арасында «Елтаным»  атты байқау өтеді. 

Байқаудың мақсаты:

- Қазақтың салт-дәстүрлерін, ырым-тиымдарын білетін діни қызметкерлерді қолдау;

- Қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектерін көпшілікке насихаттау;

- Жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруге ислам қағидаттары арқылы үлес қосу;

Байқау төмендегі кезеңдер бойынша өткізіледі.

 1) Ұлттық салт-дәстүр мен ислам қағидаттарының үйлесімі; 15 ұяшықтың астына жасырылған сұрақтың біріне жауап беру;

2) Қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектерін; Ұяшықтарға жасырылған тұлғалардың дінге қатысты айтқандары туралы кемінде үш минут сөйлеу қажет.

3) Белгілі-бір жағдаятқа байланысты уағыз айту;  Мазмұн тереңдігі мен  әдеби тілдік  норманы сақтай отырып үш-бес минут сөйлеу.

Байқаудың қазылар алқасы құрамына дін істері басқармасының  басшылығы,  белгілі дінтанушы, филолог, этнограф, тарихшы, ақын-жазушы және қоғам қайраткерлері, барлығы 7 адам енеді. Қазылар алқасы қатысушыларға тапсырмаларды әзірлеп, бағалау парақтарының үлгісін белгілейді.     Қатысушылардың жауаптарын тыңдайды, бағалау парақтарын толтырады, қатысушылардың тапсырмаларды орындау деңгейін бағалайды, байқаудың жеңімпаздарын анықтайды. Қазылар алқасының шешімі оның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың уағыз айту шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сөз саптауы мен көпшілік алдында өзін-өзі ұстауына, киім үлгісіне баса назар аударылады. 

Байланыс телефондары: «Үш байлық» қоғамдық бірлестігі Назым 87074932828; Айшат 8702 863 58 63;

Орындаушы: «Үш байлық» қоғамдық бірлестігі.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208712 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 196083 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 154379 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика