THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақ тілінің қолданысы артқан сайын, оны аударудың кері кетіп бара жатқаны қынжылтады. Алматы қаласындағы ірі дүкен АДК сауда үйінің алдында еріксіз кідірдім. Өйткені, кіреберістегі мына аударма назарымды аудартты. "Сүйгіш ата-аналарға арналған дүкен". Сүйікті деген сөзге көзіміз үйренген еді. Ал, "сүйгіш" деген сын есімді бірінші рет естіп тұрмын. Орыс тіліндегі мәтініне көз жүгіртсем, "Магазин для любящих родителей" деп тұр.
Осы ретте қазақ журналистерінің немесе аудармашыларының жауырды жаба тоқуға үйреніп, сөздердді орыс тілінен қалай болса, солай аудара салуды әдетке айналдырғаны қынжылтады. Сол секілді "Бірінші дәмнен сүйікті" - "Любовь с первой ложки", "Менің сүйікті әндеріме жазыл" – "Подпишись на мои хиты", т.т. түрлі сауатсыз аудармалар бірден есіме оралды. Қазақтың – "дәмі аузыңнан кетпейді", "бал татыр" секілді тамаша тұрақты тіркестерін ысырып қойып, өз жанынан жаңа тілдік тіркес жасауға көшкен сауатсыз аудармашылары тілдік норманы да, елдің ұлттық менін де еске алмайын деді. Немесе "хит" сөзін "таңдаулы" деп аударуға не кедергі екенін түсіне алмай далмыз.
Жақында қазақ тілін жақсы білмейтіндерге немесе сөздікпен аударушыларға арналған www.kieli7su.kz атты сайт ашылды. Негізгі мақсат күн өткен сайын поэтикалық реңкінен айырылып бара жатқан тілдің байлығын, ерекшеліктерін шала қазақтарға түсіндіру. Сайт авторлары "Известно, что при сильной лингвистической интерференции язык заметно упрощается; бесследно исчезает множество нюансов, смыслов, элементов образности, с которыми те или иные слова, а значит и понятия, были связаны ранее" дей отырып, дәл осы біз әңгіме етіп отырған "сүю" сөзін мысалға алады. "Любить по-казахский. Часть 1. Ошибки казахского эроса" деген Земфира Ержанның мақаласында "сүю" сөзінің ер мен әйел адам арасындағы сүйіспеншілік сөзін білдіруден туындағанын айтады. Ал "сүюдің" одан да терең мағынаны беретін басқа синонимдерінің бүгін мүлдем қолданыстан қалып бара жатқандығы қынжылтады авторды. Автор "сүйікті заттар", "Сүйікті сусын" және "біз осы үйді сүйеміз" деген сөздерден бас тартуға кеңес береді. Ал автор бүгінгі біздің термелеп отырған мысалымызды көрсе, шалқасынан түсері анық.
turkystan.kz
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ