КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ мемлекеті құрылған кезде бірден орталықтанған мемлекет болған. Бұл туралы белгілі ғалым, профессор Бүркітбай Аяған Ұлттық арнаға берген сұхбатында айтты дейді mtdi.kz.
Келесі жылы Қазақ елі бірнеше мерейтой тойлағалы жатыр. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Осы мерейтойға тоқтала кеткен профессор, Мемлекет тарихы институтының директоры – Бүркітбай Аяған былай дейді: «Қазақ хандығының 550 жылдығын біз жалпыхалықтың шара деп қарауымыз керек. Жоғары биліктен бастап, ауыл, мектеп, жастар одағы, әрбір сыныптағы балаларға дейін жеткізуіміз керек. Бұл – біздің тарихымыз, бұл – біздің мемлекетіміз, бұл – біздің хандығымыз. Екінші мәселе, Қазақ елінде тұрып жатқан өзге ұлыстарға да біздің тарихымызды таныстыру арқылы олардың қазақстандық азамат екенін сезіндіретін кез келді деген ойдамын».
Мерейтоға байланысты 20 бөлімді деректі фильм түсірілмекші. Бұған профессор: «Бұл деректі фильмді жасауда тек тарихшылар ғана емес, сонымен қатар, әдебиетшілер, этнографтар, антропологтар, Қазақстанның саяси, қоғам қайраткерлері қатысуы керек. Сондай-ақ, тек фильм түсірумен ғана шектеліп қалмай, мол жоба жасау қажет. Және батыл қадам керек. Фильммен мәселені шешеміз деген ойдан аулақ болған жөн», – дейді.
 «Қазақ мемлекеті құрылған кезде бірден орталықтанған мемлекет болған. Мысалы, ноғайдың трагедиясы сол, олар бір орталыққа бағынбай кетті. Орыс мемлекетінің өзі 1613 жылы ғана Романовтардың таққа келуімен орталықтанған мемлекет болады. Ал, Қазақ хандығы құрылған кезде бір орталыққа бағынған мемлекет болды», – дейді ғалым.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208323 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195097 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150855 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика