КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Ойын – баланың негізгі ісәрекеті және тәрбие құралы. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине тек, көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, ісәрекетке көшіп нақты қарымқатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болды. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды адамдар арасындағы қарымқатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, ісәрекеті ойыннан басталады, оның негізгі болашақ өмірінде жалғасын табады.
Оқыту барысында әсіресе бастауыш сыныптарда ойынның алатын орны ерекше, сонымен қатар ойын – оқытудағы көптеген мәселелерді шешуші құрал. Ойын – оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын, ынталарын арттыратын басты қару. Сабақта ойналатын ойын тақырыпқа негізделіп, оны меңгеруіне әсерін тигізуі шарт.
    Жалпы ойын түрлері өте көп және де әр ұстаз оны өзінше жаңартып, тақырыпқа байланысты оның мазмұнын ойын тәртібін, шығаратын нәтижесін өзгертуі мүмкін. Ойын түрлері: дидактикалық, шығармашылық, фонетикалық, қозғалысты қажет ететін ойындар. Бұл ойын түрлерінің әрқайсысы оқушылардың тілдерін байытуға, сөйлеу дағдыларын арттыруға негізделген. Тіл үйрету сабақтарында дидактикалық ойындардың орны ерекше. Бұл ойындардың ерекшелігі тілдік материал оқушылармен іс-әрекет жасау жағдайында қабылданады. Дидактикалық ойындар балалардың ойлау, қабылдау, қызығушылық қабілеттерін арттырады. Оларға мысал: «Аққала жасау», «Шырша безендіру», «Көкөніс жинау», «Иә, не жоқ?», «Кім жоқ?».
    «Аққала жасау» ойынында оқушыларды екі қатарға отырғызып үй тапсырмасын, жаңа сөздерді осы ойын арқылы тексеруге болады. Қай топ сөздерді тез айтып аққаланы бірінші жасаса, сол топ жеңеді.
    Музыкалықдидактикалық ойындардың интонация, дұрыс сөйлеу, әуенді тану, фонетиканы меңгеру дағдыларын қалыптастыруда орны зор. 2, 3, 4сыныптарда «Ән сабағы» деген тақырыптар бар. Сол тақырыптарға негіздеп өткізуге болды. Жазған уақытта қолдары, саусақтары талғанда «Балақай» әнін айтып жаттығулар жасауға болады. «Ақырын, қатты ән айту». Бір оқушы көзін жұмып, артқа қарап тұрды, қалған оқушылар бір ойыншықты (қуыршақты) тығып қояды. Содан кейін әлгі бала іздейді. Орыстың «Холодно, жарко» дегені сияқты әнді тығып затқа жақындаса қатты айтады. Әнді сабақ басталарда дайындап 12 рет айтып алса, оқушылар ұмытпайды.
    Сонымен қатар оқушылар шаршаған кезде қозғалысты қажет ететін ойындардың маңызы үлкен. Кейде оларды «Сергіту ойындары» деп те атаймыз. Мен өзімнің сабақтарымда көбінесе «Торғай, торғай, торғайсың», «Бақа, бақа, балпақсың», «Сары ала торпақ» сияқты тақырыптарды айтып әр түрлі жаттығулар жасатамын. Тақпақты оқушылар дыбыстап өздері айтып, жаттығулар жасайды. Кейде бір оқушы жүргізуші ретінде сайланады. Осы ойындар қатарына «Доп, доп» ойынды да жатқызуға болады. Бұл ойындар оқушыларды жылдамдыққа, тез ойлауға, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Тағы бір айта кететін жайт: қозғалысты қажет ететін ойындар қатарына ұлттық ойындар «Көкпар», «Жарысу», «Соқыр теке», «Асық», «Арқан тарту» т.б. жатқызуға болады. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні орасан зор. Бұл ойындар қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері жөнінде қысқаша түсінік береді.
    Мен өз сабақтарымда асықтарды пысықтау кезінде қолданамын. Асықтардың екі жақ шетіне нөмірлер жазамын. Үстелде сұрақтар жазылып тұрады. Оқушыларды кезекпен тақтаға шақырамын, олар асықты лақтырып қай нөмір түссе, сондай нөмірлі сұрақтарға жауап береді.

Фонетикалық ойындар

    Фонетикалық ойындардың балаларды оқыту құралы ретінде маңызы зор. Белгілі дыбысты немесе жаңа сөздерді үйреткенде құр жалаң қайталатқанша, ойын ретінде үйретсе, балалардың естерінде сақталады. Бұл ойындар оқушыларды дұрыс дыбыстауға, жуан және жіңішке сөздерді, дыбыстарды айыра білуді, сөйлеу, есте сақтау, ойлау, түсіну қабілеттерін арттырады.
    «Шапалақ» ойыны. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлемін. Жүргізуші жуан және жіңішке сөздерді айтады. Бір топ жуан сөздерді, келесі топ жіңішке сөздерді айтқанда қолдарын шапалақтайды. Қай топ көп қате жіберсе, сол жеңіледі. Жүргізуші қателерді тақтаға жазып есептеп отырады.
Қазақ тілін үйрету барысында әсіресе бастауыш сыныптарда ойын оның түрлерін ұтымды пайдалану арқылы үлкен нәтижелерге жетуге болады. Ойын оқушылардың қызығушылықтарын, ойлау түсіну, есте сақтау қабілеттерін дамытып, тілдік материалды ойнап отырып қабылдауға мүмкіндік береді. Осы арада айта кететін бір жағдай: мұғалім әр ойынға қойылатын талапты, ойын тәртібін оқушылармен дұрыс орындалуын бақылап, дұрыс емес жерлерді түзеп отыруы керек және де әр ойынды шуламай, дауласпай өткізуді ұйымдастыру керек.
    Менің өз істәжірбиемде байқағаным: ойнап отырып үйретілген ән, өлең немесе жаңа сөздер болсын оқушылардың естерінде жақсы сақталады және толық менгеріледі. Әсіресе топ арасында жарыс, сайыс ретінде өткізген ойындар оқушыларды тез ойлауға, есте сақтауға, жылдамдыққа бейімдейді. Тағы бір тоқтала келетін нәрсе: ойындарды іріктеу үстінде балалар жасының ерекшелігін, тез меңгеріліп көретіндей болу жағын да көздеу шарт.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің кафедра отырысы, 
«№11 мектепгимназиясы» КММ, 2012 жыл

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208339 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195133 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150885 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика