THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Жоғарғы білім беруде мемлекеттік тілдің қолданылуы
Авторы: Қымбат Слямбеков
31/05/2017 10:37 0 45648 0
Білім беру жүйесіндегі келесі құрылым ЖОО – білім берудегі жоғарғы кәсіби деңгейді қалыптастыратын буын. Білім берудің жоғарғы сатысы болғандықтан мемлекеттік тілдің бұл саладағы қолданыс деңгейінің жоғарылығын қамтамасыз ету – қажеттілік. Талапкер-шәкірттің қызмет пен мамандық жүргізуде мемлекеттік тіл әлеуеттік қалыптастыратын, мемлекеттік тілде кәсіби мамандарды дайындайтын бұл жүйе – мемлекеттік тілдің мемлекет аумағында аясын кеңейтуде үлкен үлес қосатын жүйе. Мемлекеттік тілде білім алушылықтың бұл саладағы деңгейін келесі кестеден көруге болады.
ЖОО жыл сайын түлектердің азаю жағдайын көреміз, 2005/06 оқу жылынан 2012/13 жылғы оқу жылына дейін түлектер саны 26,3%-ға азайған. Алайда мемлекеттік тілде білім алушылық динамикалық өсу қозғалысында. 2005/06 жылғы оқу жылынан 2012/13 жылғы оқу жылына дейін мемлекеттік тілде білім алушылардың пайыздық үлесі 13,7%-ға өскен. Талапкер-түлектер санының жыл сайын азаюына қарамастан мемлекеттік тілде білім алушылықтың прогресс қабілеттілігін сақтауы – мемлекеттік тілдің бұл саладағы қолданыс кеңістігінің кеңейіп келе жатқандығының дәлелі. ЖОО-дағы мемлекеттік тілде білім алушылық үрдісіндегі негізгі проблема – мемлекеттік меншіктегі ЖОО мен жекеменшік ЖОО арасындағы айырмашылық. Төмендегі кестеге жүгінер болсақ, мемлекеттік тілде білім алушылық деңгейі мемлекеттік ЖОО-ға қарағанда жекеменшік ЖОО-да төмен. ЖОО-ның тек 38 %-ы (139 оқу орнының 53-і, 2012/13 оқу жылы) ғана мемлекеттік меншік болып табылады. Оқу орындарының аз мөлшерінде мемлекеттік тілдің басым бағытта қолданылып, ал оқу орындарының көп бөлігінде мемлекеттік тілдің жеткілікті, өз мәртебесіне сай дәрежеде қолданылмауы – күрделі мәселе. Жекеменшік оқу орындары тікелей сұранысқа жұмыс істейтіндіктен, қоғамдағы мемлекеттік тілге сұраныстың аздық көрсеткішін танытып отыр. Мемлекет қарауындағы ЖОО-дағы мемлекеттік тілдің көлемді қолданысын тудырып отырған себеп – мемлекеттік білім беру гранттарының мемлекеттік ЖОО-ға көптеп бөлінуі. 2012/13 жылғы оқу жылының статистикалық мәліметі бойынша мемлекеттік ЖОО-да мемлекеттік білім беру грантымен білім алғандар саны – 107 724 (38,4%), жекеменшік ЖОО-нда мемлекеттік білім беру грантымен білім алушылар саны – 23 668 (8,4%). Алайда негізгі ұқсастық – екі бөліністегі ЖОО-да мемлекеттік тілдің қолданыс жағдайы өркендеп келе жатқандығы.
Мемлекеттік тілдің білім саласындағы қолданыс көрсеткішін көрсететін негізгі индикатор – мамандандырудың мемлекеттік тіл арқылы жүргізілуі, яғни мамандандыру. Мамандықтардың мемлекеттік тілде білім беру үрдісі әр жылда әр түрлі көріністерге ие.
2009-2013 жыл аралығындағы ЖОО мамандықтарының мемлекеттік тілде жүргізілу көрсеткіштерін былайша көрсетуге болады:
Мамандықтар категориясындағы 2005-2008 жыл арасындағы көріністер әр түрлі жағдайларға ие. Тек ғылыми-педагогикалық (магистратура) мамандықтарда өрлеу құбылысы, мемлекеттік тілде мамандандыру үрдісінің өсу үдерісін байқаймыз. Мамандықтар ішінде жоғарғы мамандануда маңызды орын алатын магистратура мамандықтарының мемлекеттік тілде білім беру үдерісінің артуы – мемлекеттік тілдің ғылыми әрі кәсіби перспективасын қалыптастыратын фактор; әрі ЖОО мемлекеттік тілде білім беру әлеуетін негіздейтін себеп.
Кестеден мемлекеттік тіл – қазақ тілінде басылған кітап қорының көбейіп келе жатқанын, даму динамикасын көрсетіп отырғанын байқаймыз. Кітап қорының көбеюі қазақ тілінде басылған кітаптардың есебінен болып отырғанын аңғарамыз. Кітап данасының артуы сол тілде мәлімет алудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Алайда белгілі-бір тілде мағлұмат алуды қамтамасыз ететін – сол тілде жазылған кітап түрінің молдығы, тақырып кеңістігіндегі кітап қорының салмақтылығы.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ