КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Байқоңыр қаласында "Байкоңыр" кешеніне қатысты Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссия отырысы өтті. Оған ҚР тарапынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей тарапынан РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин қатысты дейді baq.kz-ке сілтеме жасаған businessnews.kz.

Комиссия отырысында тараптар Байқоңыр қаласы мен Ақай, Төретам елді мекендерін дамыту, ондағы әлеуметтік саланы жандандыру, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Айта кетейік, осы жиында «Протон-М» зымыран-тасымалдағышының ұшуын азайту мәселесі сөз етілді. Бастысы, Байқоңыр қаласында Қазақстанның экологиялық кодексі қолданылатын болды. Сондай-ақ, жұлдызды қалашықтағы 6 қазақстандық мектеп өзіміздің білім беру стандартына көшеді.

– Байқоңырда тұратын 70 мыңнан астам халықтың 65 пайызы қазақстандық азаматтар. Білім беру, денсаулық сақтау салалырында мәселелер болды. Осы жиын барысында оң шешім табуға қол жеткіздік. Енді ортақ жоба әзірлеп, желтоқсан айында өтетін екі ел президенттерінің басқосуында тиісті шешім қабылданатын болды, - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев.

Басқосуда «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің бірлескен жобасы талқыланып, Байқоңыр кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы туралы ережеге қол қойылды. Тараптар «Байқоңыр» космодромынан зымырандарды ұшыру барысында апаттар орын алған жағдайда өзара әрекет ету мәселелеріне, жер телімдерін қолдану және Байқоңыр қаласының статусына қатысты халықаралық келісімдерге қол қою туралы мәмілеге келді. Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Ресей ғарыш саласында ынтымақтастықты әрі де тереңдете түсуге ынталы екенін атап өтті. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 1430 0




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2330 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2365 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 2184 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 203438 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 182107 0















ТЕКСТ

Яндекс.Метрика