КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жуырда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында, «Мемлекеттік тілге құрмет » деген тақырыпта Астаналық Цирк МКҚК баспасөз орталығында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. Бұл шараны Астана цирк мекемесінің мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлімінің бас маманы Роза Ағлашқызы ұйымдастырған болатын.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты аты айтып тұрғандай, мемлекеттік тілдің дамуына азаматтық тұрғыда атсалысып, қызметте де осы ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Сондай – ақ ҚР Ата Заңының 7 бабына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылатындықтан, мекемеде әрбір іс-қағаздарын ана тілімізде жүргізуді мықтап басшылыққа алуды көздеп отырмыз дейді дөңгелек үстелге қатысушылар.
Осы орайда атап өтетін тағы бір жайт, цирктегі кейбір өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде еркін сөйлеп, жиында талқыланған тіл мәселелерінің әлі күнге түйіні шешілмеген ұрымтал тұстарын тілге тиек етті.
Бурят ұлтының өкілі болғандығына және орыс тілінде білім алғандығына қарамастан, ана тілімізде ойын еркін жеткізген Тунгалаг Осельбаева «қызметкерлер арасында қазақша сөйлейтінім былай тұрсын, өзім үйрететін аңдарға әрбір әрекетті қазақ тілінде нұсқау беру арқылы жасатамын» дейді.
Жиынды қорыта келе тіл жанашырлары іс - шара барысында талқыланған мәселелерді іс жүзінде атқарып, қызметте де, отбасында да ұлттық тілімізді дәріптеуге үнемі үлес қосамыз деп тарқасты.

Күнайым СӘКЕН
Ұлт порталы

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 1430 0




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2330 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2365 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 2184 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 203440 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 182107 0















ТЕКСТ

Яндекс.Метрика