THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» республикалық семинарының БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Авторы: MTDI
29/08/2017 09:10 0 7293 0
Өткізілетін орны: Өткізілетін
уақыты:
Қостанай облысы
4-8 қыркүйек 2017 жыл
Қазақстан
Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес Қостанай облысында "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" орыстілді
азаматтарға мемлекеттік тілді
насихаттауға арналған шарасын өткізеді.
Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік
тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының
кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі,
патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілін
латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді
мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар
тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б.
турасында сөз қозғау, пікір алмасу.
Жұмыс тобының құрамында белгілі
саясаткерлер, қоғам қайраткерлері,
ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан
Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға
еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Айдос Сарым, Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы
Мендекинова Гүлжан Ермашқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің профессоры, жазушы Ақылбек Шаяхмет қатысады.
Шара үстіміздегі жылдың 4-8 қыркүйек аралығында өтеді.
Барлығы жобаға 500-ге жуық адам
қамтылады, зиялы қауым, этномәдени
бірлестіктер мүшелері, орыстілді азаматтар,
жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері және т.б.
Байланыс телефондары: 8(7172) 40-83-97
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ