КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Герольд БЕЛЬГЕР, жазушы:
– Егер сен Қазақстанның азаматы болдың ба, міндетті түрде мемлекеттік тілді – қазақ тілін білуге тиіссің. Бұл – міндет. Соның ішінде сен жас болып, «Қазақстанның болашағымын» деп, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқығың келеді екен, онда тілді біл. Кем болмайсың. Ол сенің ертең елге келгенде жейтін наның. Осы орайда биліктің «Болашақпен» оқитындарға мемлекеттік тілді білуді міндеттеуі орынды. Сөз жоқ, қолдау керек. Тіпті оларға қойылатын бірінші шарт та осы болуы тиіс. 

Риза ИЛИЯСОВА, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы:
– Мейлі, «Болашақ» бағдарламасымен оқи ма, әлде өз күшімен барып шетелде оқи ма, бәрібір, ол азамат өз отанының, өз елінің тілін жетік білуі тиіс. Тіпті осында оқып, не болмаса жұмыс істеп жатқан кез-келген адам, ол қазақ бола ма, өзге ұлт бола ма, мемлекеттік тілді білуі шарт. Мәселен Ресейді алайық, онда міндетті түрді орыс тілін білуің керек. Тіпті жұмыс іздеп сонда барған гастербайтерлердің өзіне орыс тілін білуді міндеттеп жатыр. Сол секілді көрші Өзбекстанда өзбек тілін білмесең, нан тауып жей алмайсың. Тіл білуге мәжбүрлеп қойған. Мемлекеттік тілді білуді біз де міндеттеуіміз керек. Одан ешкім қор болмайды. Жалпы, қызметке тұратындарға мемлекеттік тілді білу жөнінде заңды талап қойылғаны жөн деп есептеймін.

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы:
– Көтеріліп отырған мәселе өте орынды. Тіпті өте қажет деуге болады. Біз бұл мәселені 2008 жылы көтерген болатынбыз. Сол кездегі Мемлекеттік хатшы ұсынысымызды қолдады. «Болашақпен» оқитындарға мемлекеттік тілде шығарма жазуды енгізді. Бірақ жұмыста емес, үйден жазып келуді міндеттепті. Бұл енді күлкілі жағдай. Кейіннен әңгімелесуді енгізді. Бірақ бәрі жай шартты түрде жүрді. Артынша ұмытылып қалды-ау деймін.
Енді Кәрім Мәсімов сол мәселені тағы көтерді. Меніңше, екі шартты орындау керек. Біріншісі, «Болашақпен» бара ма, әлде білім көтеріп, жетілдіріп қайтатындар ма, бәрібір олар міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі керек. Тек қазақ тілін білетіндерді ғана жіберген жөн. Ол жақтан қайтып келген соң да ол азаматтар мемлекеттік тілге үрке қарамайды. Мәселен, Қазақстанның ақшасымен оқып келіп, өзге шетелдерге кетіп қалғандар болды. Сондықтан тек мемлекеттік тілді білетіндерді ғана шетелге оқуға жіберген дұрыс. Екіншіден, шет елге оқуға баратындарға байқау жүргізілгенде, оған міндетті түрде қоғамдық ұйымдардың, тіл комитетінің өкілдері қатысқан жөн.

Айқын

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208879 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 196549 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 166116 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика