КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Қазақтың мұңы, шешілмей жатқан мәселелері мыналар: бірінші, көп адам несие алып, соны өтей алмай, кейбірі соны уайымдап, ауырып, қайсыбірінің қан қысымы көтеріліп, енді бірінің жүйкесі тозып, тағы бірі кепілдікке қойған үй-жайынан айрылып қалуда. 

Ерсінбек ҚОЙБАҒАРОВ,  жазушы

 Бұл туралы мен екі-үш жыл бұрын «Жас Алашқа», т.б. басылымдарға мақала жазғанмын. Бірақ қазір, бұрынғыдай емес, жағдай сәл де болса түзеліп келеді. Екінші, жұмыс іздеп таппай, тапса да түрлі себептермен жұмысқа кіре алмай жүргендер жеткілікті. Үшінші, мектепке, басқа оқу орындарына кеткен баласы кешіксе, көп ата-аналар, соны уайымдап отыратын болды. Себебі, жасөспірімдер арасында топтасып, қару қолданып, төбелесу мінезі жиі байқалады. Төртінші, тұрмысқа шыға алмаған, шықса да ажырасып, үйіне келіп алған қыздар жеткілікті. Кейбір отбасында үш-төрт қыз түгелдей үйінде қартаюда. Бұл да қазақтың бір дерті. Бесінші, жасөспірімдердің мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол жұмсауы көбейіп кетті. Менің негізгі мамандығым психолог, өткен жылы «Суицид» деген повесть жаздым. Оны «Жұлдыз» журналына бердім. Одан бөлек, «Суицид» деген кітап жаздым. Ол кітапта өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын қалай алуға болады? Жасөспірімдерді өлімге не итермелейді деген сұрақтардың жауабын табуға тырыстым. 

Қазір 10-15 жасар балалардың есептеу, жаттау, ойлау қабілеті өте нашар. Мен кекештерді емдеймін. Жаңылтпаш, тақпақ жаттауға тапсырма беріп, соны көпшіліктің алдында айтқызып, сабақтар өтетінмін. Баяғыда, ғаламтордың жоқ уақытында балалар берген тапсырманы түгелдей жаттап келетін. Қазіргі 16-18 жастағы балалар бір шумақ, не екі шумақты жаттап кел десең, «Ой, ағай, жаттай алмаймын» дейді. Себебі, бірдеме оқуға, жаттауға құлықсыз. Ондай балалардың тіл мүкістігін емдеу өте қиын. Техникалық прогресс жақсы ғой. Бірақ балалар ойлау, есептеу, жаттау қабілетінен айрылып бара жатқандай. Олар ананы-мынаны жаттап, басын ауыртқысы келмейді. Сұрақ қойсаң, дайын бес жауапты айтсаң, соның ішінен бір ғана жауапты таңдауды қолайлы көреді. Бұрынғыға қарағанда адамдардың қызығушылығы төмендеп барады. Міне, қазақтың дерті де, мұңы да осылар дер едім. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 949 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2143 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2868 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика