КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Кеше бір ініммен кездесіп қалдым. Сөйлестім. Айтқан әңгімесіне таң қалдым. Қысқаша айтсақ, былай екен.

Өзінің кішігірім сауда орны бар. Үлкен сауда үйдің бір бұрышындағы кішкене бутик. Әртүрлі ұсақ-түйек заттар сатып, күнкөріс ақшасын тауып жүреді. Болашақта басқа саудаға, киім-кешекке ауыссам ба деген ойы да бар екен. Дұрыс-ақ. Табыстырақ қой. Десе де сатып алушыларға, яғни халыққа өкпесі қара қазандай. Өзімен қатарлас жастау келген орыс әйел тұрады екен. Оның тауары да тура інімдікіндей. Былайша айтсақ, бір-біріне бақталас. Дегенмен, екеуінің де қастық ойы жоқ. Өз шаруалары өзімен.

Тек сатып алушылар ғана кәсіпкерлерді «бөле жарады екен». Бәрі де келіп інімнің затын қарап кетеді. Ол қазақша ғана сөйлей алады. Барын салып түсіндіреді. Көрсетеді. Бірақ көбі «құдай көршісіне» барып сол затты алады екен. Неге екенін кім білсін? Бір емес, екі емес, бірнеше рет осылай болыпты. Жақсы деп кезекті тұтынушысы шығып кеткеннен кейін, қарсы тұрған бутикке барып көрсе, көршісінің қызмет көрсету үлгісі айтарлықтай өзгеше емес, тура өзі сияқты. Кейін ғана барып түсіндім дейді. Бар айырмашылық менің тілімде екен. Өзімше намыстанып, тек қазақша сөйлеп қана қызмет көрсетем дегенім бекершілік екен-ау деп күңіренді. Үш сатып алушының екеуі орысша сөйлейтін саудагерге кетіп қалады.

Ініме жанып ашып кетті. Ол да өзінше қазақ тілін қалың қолданысқа кіргізбекші болған. Саудагер болса да осылай пайдам тисін дегені ғой. Бірақ «тілім» деп қанша кеудесің ұрса да нәтижесі көңілге қонымды емес. Енді орыс тілін үйретіп жүр. Жан бағу үшін керек дейді. Әрине, келіспеске болмас. Қанша ұлтжанды болсаң да, отбасыңды асырау керек.

Айтпағым, бәріміз де шамамыз келгенше ұлттың намысы үшін күресейікші. Түсінген адамға өз ұлтыңды, тіліңді, дінінді, діліңді жақсы көру, құрметтеу, басқаларды алалау емес. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген емес пе?! Бұл бір ғана мысал. Бірақ осындай жәйттер көп кездесетін сияқты. Сіз болып, біз болып қазақша сөйлеп жүрсек, әлі-ақ нәтижесі шығады ғой. «Көп түкірсе – көл» дегендей.

 namys.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 946 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2139 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2866 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика