THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазір қазақ
хип-хопы (әлде қазақы хип-хоп!), соның ішінде қазақша рэп туралы көп сөз болып,
жазылып та, датталып та, жақталып та жүр. Бұл талқылаулардың өзі қазақ рэпінің
жаңа статусқа ие болып келе жатқанын, өз кезегінде дамып келе жатқандығын
көрсетсе, соған сәйкес мәселенің де күрделі екенін де байқатады. Біріншіден,
бұл субмәдениетті, андеграунд бағытты жақтайық, жақтамайық, бәрі-бір құтыла
алмаймыз. Бұл әлемдік жаһанданудың – нағыз бейнесі, әлемдегі ең танымал музыка
бағыты және әлемдік мәдени революция... Мынаны ұмытпайық: кез-келген
нәрсені жаман да, жақсы да жағынан пайдалана білуге болады, сол тәрізді қазақша
рэпті де радикалды ағым ретінде қарастырмай, өз функциясын атқаратын идеологияға
айналдырып жіберуге болады, әрине, африка-американдық готтардың саяси-моральдық
идеологиясынан өзге формада. Хип-хоп мәдениеті барлық елдер мен халықтарды
жаулап алып жатыр, мәдениетіне берік қытай, жапондар да ерік берді, түркі
халықтарының ішінде ұлттық идеологиясы бар деген Түркияның да өзінің “türkçe
rap”-ы бар, өзбектерде де, қырғыздарда да бар бұл хип-хоп. Алайда соңғы елдерде
хип-хоп мәдениеті әлі қалыптаспады, алайда өзінше оралым бар. Бірақ түрік рэпі
бұл – әлемдегі мықты рэптердің бірі, Ресейде де бұл рэптің мәртебесі бар, тіпті
Түркияда Ceza есімді
әлемдегі ең жылдам рэп оқитын рэпер бар (2 минутта 1240 сөз!). Өткен ғасырдың
тек 90-жылдары ғана тар шеңбер-локалда ғана өмір сүрген бұл хип-хоп мәдениеті
қазірде кең кеңістікке ие болып, үлкен өнерге айнала білді. Сол тәрізді қазақша
рэп те бүгінгі таңда өз құбылысын қалай білді.
Ресейге рэп
алғаш келгенде бұл урбан мәдениетті қолдаушылар “орысша рэп емес, рэпті орыс
тілінде” жасау тенденциясы болды, ал бүгінде бұл орыс хип-хоп иелері
енді орыс рэпін жасау жолына көшті. Бізде де осы тенденцияның үрдісі
байқалады: барлық қазақ рэперлері, ең бастысы қазақша рэп жасау ғана ойда болды
(қазақы рэп емес!) дейді, ал ендігі бағытта қазақы рэп формасын тудыру
керектігі де байқалып жатыр. Орыс рэпінің тез дамуына әсер еткен фактор – “көше
философиясы” атанған орыс шансонына рэп музыкасы өте ұқсайтындығы:
мәтіндеріндегі мазмұн мен музыкалық үнінің де келбеті өте жақын еді. Ал қазаққа
рэп келгенде барлығы бұған бірден түрпідей жиырылды. Қазаққа жат, қазақ тілі
рэп тіліне айнала алмайды деген біржақты пікір ғана қалыптасты, алайда бүгінде
сол пікірге контрасты түрде қарсы фронтта қазақша рэп дамып
келеді. Шyngys (Шыңғыс, рэпер) айтқандай “қазір қазақша рэп
тыңдағаннан ешкім ұялмайды”. Сондықтан “қазаққа рэп қажет пе” деген сұрақ қою
өте кеш! Барлық қазақ рэперлерінің трэк-сөзімен айқанда “қазақ рэпінің дәуірі
туды!” Үлкен музыкалық жобаға айналған бұл мәдениет үрдісін тоқтата алмаймыз,
тек енді бағыт пен ақыл ғана беру қалды... Идеологиялық күш ретінде жұмсау
қағидасы қалыптасуы тиіс.
Бұл рэп-музыканы
“бұзушы, жоюушы” ретінде емес, позитивті, ойын-сауық (энергетикалық) музыка
ретінде қабылдаған жөн. Және белгілі бір музыка жанрының белгілі бір жас
ерекшелігіне байланысты тыңдалатыны да заңды. Жастар үшін рэп жанры тән, алайда
жоғарғы жас ерекшелігіне бұл жанр тән емес.
Жалпы өнерде
жанрдың ауысып келуі немесе белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға
байланысты қоғамда белгілі бір жанрдың орнығуы, дамуы тәрізді құбылыс бар. Және
заңды да! Мәселен, ХХ ғасырдың басында музыка бағыттарының ішінде – хор, ал осы
ғасырдың орта кезеңдерінде бүгінде ретро-әндер, рок-н-ролл, рок, джаз деп атап
жүрген жанрлар дамыды, ал бүгінде рэп (хип-хоп), R’n’B, блюз жанр-бағыттары
дамып келеді. Алайда академиялық дәстүрлі өнер классикалық өнер ретінде мәңгі
жасамақ. Бірақ та мәдени интеграция әсерінен келіп жатқан бұл еуроцентризм
элементтері ешқашан классика бола алмайтыны белгілі, алайда шындық сол, рэп -
бүгінгі дәуірдің негізгі жанры және ең танымал музыка бағыты!
Өнер саласындағы
эксперимент тәсілі және рэп жанры
ХХ ғасырдың
басында ұлт қайраткерлері әлемдік жаңа жанрлар қалыптаса бастаған кезде бұл
процестерден ешқашан құтыла алмайтындығын сезінген және бұл ағымдарға халық
өнерін де бірге үндестіре будандастыру қажет екенін түсінді. Асылында, өнердің
қай саласы болмасын қатар дамып отыруы қажет немесе бірін-бірі толықтырып
отыруы қажет. Қазіргі заманда еліміздің өнер саласы қатар дамып отырған жоқ,
бұл қиын да шаруа, алайда бірін-бірі толықтыру арқылы оның орнын толтырып
отыруға болады ғой. Сол ХХ ғасырдың басында ұлт қайраткерлері мен тұлғалары
қазақтың әнін танытпақ, дамытпақ мақсатта сол дәуірде ең кең тараған хор жанрын
қолдаған. Әлемдік жанрларға ұлттық әндерді салса ғана танымалдылыққа ие
болатынын түсінген. А. Жұбанов та оркестр құрған кезде батыстың музыкалық
аспаптарымен гармонияға түсе алмаған домбыраның құрылысын өзгерткен, өз
кезегінде табиғи ішектің орнына нейлон ішекті пайдаланып қана өзге аспаптармен
үнін сәйкестендіре алған. Демек, қай заманда да әлемдік жанрларға еліктеу үрдісі
болған және бола береді. Қазіргі жаһандану заманында өзге мәдениеттің үлгілерін
қабылдау негізгі процеске айналып отыр. Алайда академиялық өнерге лайықтау,
синтездеу де қатар жүріп жатқан құбылыс. Мәселен, этно-рок, фольк-рок
(фольклор-рок), этно-рэп, этно рэп R’n’Bтәрізді этникалық өнерді қолдаған
жанрлық бағыттар мен ағымдар. Бұл бағыттардың барлығы бізде бар: электонды
домбыраны жалғыз ғана қолданып жүрген “Алдаспан” тобы – этно-рок бағытында,
“Ұлытау” – этно-рок әрі фольк-рок бағытында, ал R’n’Bқолданушы Ерболат
Құдайбергенов – этно рэп R’n’Bбағытын жасап жүр. Сол сияқты бізде этно-рэпті де
қалыптастырушы топ бар, ол – “Жамағат про” продюсерлік орталығы бар, онда Жақау
есімді тамаша рэпер этно-рэп жасауда. Этно-инструменттерді қолдану арқылы рэп
жанрын қалыптастыруға болатынын ұмытпауыңыз керек. Мәселен, испан рэптерінде
акустикалық гитараны да, электро гитараны да, фламенко музыкасын да өте сәтті
пайдаланады. Қобыз бен домбыра, жетіген тәрізді ұлттық аспаптарды қолдану
қазақша рэпте де бар, алайда тек белгілі бір нормамен пайдаланған дұрыс дер
едік.
Қоғамда мынандай
құбылыс пайда болды: жаңа, заманауи жанрлардың барлығында да эксперимент (жаңа
үлгіні салып жіберу) болып жатқанын байқауға болады. Қазір біздің қоғамда
барлық өнер салаларында эксперимент жасау (тәжірибе жасау) құбылысы орын алуда.
Театрда да, әдебиетте де, музыка жанрларында да. Бұл өз кезегінде көрермен мен
тыңдарманның табиғи талғамын қалыптастырудың, жетілдірудің ең тиімді
тәсіл-құралы. Демек, рэп жанрына да эксперимент жасауға болады және мұның кезі
келді. Мұның өзі қазақша рэптің қалыптасқандығына, дамығандығына факт болса
керек.
Қазақша рэп:
динамика мен вектор
Алғашында
репрезентация түрінде үдеріс алған қазақша рэп бүгінде біртұтас тенденцияға
айналған құбылыс. Радикалды музыка қазақ қоғамында еш реакциялық рефлекске
ұшырамады, тез қабылданып кетті. Және жыл сайын жаңа леппен келе жатыр. Бұл
заңды да! Қазақстандық рэптен қазақша рэпті бөліп алу арқылы рэп-революция
әкелінді. Кезінде 98-жылдары Ресейде “көше дыбысы” аталған бұзақылардан
құралған Каста тобы қазірде «көшелік» мәнде ештеңе де жазып жүрген жоқ,
керісінше, соңғы альбомдары гуманизмге толы. Демек, жөнделді. Сол сияқты
қазақша рэп те бұл өтпелі кезеңнен өтеді. Нағыз абстрактілі, поэзияға толы,
идеологиялық мотиві бар хип-хоп құбылысын тудыра алады деп есептейміз.
Хип-хоптың R’n’B
тәрізді түрлері эстрадаға шығып кетті де, рэп жанры музыка ретінде саналмай
қалды, сондықтан да рэп жанры эстрадаға қарсы дамып келе жатыр. Алайда
шоу-бизнесте өз орнын алып келе жатқан қазақша рэп те қазіргі таңда нарықтық
принциптерге байланысты бизнестік жолға бас қойды. Әрине, бизнес құралына
айналғаннан кейін бәсекелестіктің болатыны белгілі. Көпшілігі қазақша рэпте
конкуренция жоқ деп ойлайды. Алайда мүлдем олай емес, бұл прогресс қазақша рэпте
бар. Бұған себеп – рэппен айналысатын продюсерлік орталықтар немесе лейблдардың
бар болуы және олардың арасында міндетті түрде бәсекелестік болады. Мәселен, ең
атақтылары – ZhamahatPro, AshҚazaҚPro, Raphana Records. Конкуренция – бұл
прогресс. Бәсекелестікке тағы бір мысал:
Биф. Биф-құбылыс
– хип-хоп мәдениетіндегі қарама-қарсылық. Ал рэпте бұл көрініс
– дисс түрінде болмақ. Яғни, дисс және интро тәрізді репрезентациялар
бұл топтардың арасындағы бәсекелестікке ұмтылудың нағыз фактісі. Биф қандай
уақытта болады, әртүрлі жағдайда болуы мүмкін, мәселен, фальш, плагиат (фейк)
трэктерге, жасанды жұлдыздарға оппозиция білдіру мақсатында, ал қазақ рэпінде
бифке негіз болып отырған бұл қазақша рэп лидерлігіне деген, оны алғашқы болып
жасаушылыққа деген бәсекелестіктен туып отыр. Америка үшін рэптің бастау алған
жері – Нью-Йорк болса, орыс рэпі үшін Ростов, ал қазақша рэп үшін... Қазақша
рэпте бас кезеңдерде батыс пен шығыс рэперлер конфедерациясы болып лидерлік
лигаға таласатын. Әрине, рэптің отаны – Батыс, бұл ақиқат, алайда рэп батыста
емес Шығыс (Алматы) пен Оңтүстікте дамып кетті. Рэп арсеналына шыққан рэпер
міндетті түрде интро жасайды, бұл – пиар жасау, өзін публикациялау. Бұл -
бәсекелестіктің басы Тимати бастаған “бір тоғыз” Ресейлік эстрадаға қарсы
жазылған атақты “Давай, до свидания...” шоу-трэкі арқылы үлкен дисс жасап берді
және бұл Тимати фиттеріне үлкен жарнама-пиар еді. Нағыз дисс бұл тамаша трэктің
өзі екенін естен шығармау қажет.
Стиль
қалыптастыру.Байқасақ, әр рэпер немесе лейбл, продюсерлік орталықтар өз
стильдерін, өз жанрлық бағыттарын қалыптастыруға тырысып жатқандығын көруге
болады. Әрине, стиль жасаушы рэпер өз стилін қалағанынша атай алады.
Мәселен, ZhamahatPro– этно-рэп жанрындағы стильді
жасауда, AshҚazaҚPro “сапалы стаф (өнім)” жасау мақсатында барлық
тақырыптарда трэктер жазып жатыр, ал жаңадан құрылған Raphana
Records “сапалы өнім иесін табады” деген ұстаныммен, жаңа трэктерімен жаңа
жастарды баурап алуда. AshҚazaҚPro-ның жұлдызы Шyngys-тың “Жеңілген
жауынгер” альбомы (бұл альбом Жақаудың “Елім-ай” альбомынан кейінгі екінші
рейтингті жинап тұрған альбом) да өзінше жақсы туынды еді, АшҚазаҚ-тың бағытына
қарағанда бөлектеу де еді. ZhamahatPro-дан Жақау рэпер саяси мәндегі де
трэк жазу арқылы (“Қара тізім” трэгі) өзінше ерекшелік қалыптастырып көрді.
Және қолдау тапты. Естеріңізде болса, Ресей рэпері Бастаның “Солнце не видно”,
“Свобода” трэктері саясиланған мәндегі туындылар еді. Батыс Қазақстанның бұл
продюсерлік орталығы “Қазағыма лайықты”, “Елім-ай” альбомдары арқылы өте
салмақты тақырыптар мен қоғамдық мәні бар тақырыптарды қозғап жүр. Тақырып
талғамдылығы мен мәтін мазмұндылығы тән бұл феномен қазақ рэпінің жаңа
сатыға көтерілген түрі. Иә, қазіргі уақытта әлемде рэп жаңа ракурсқа ие болды:
рэп саяси-әлеуметтік қарсылықты (әлеуметтік қозғалыс) ашық білдіретін феноменге
айналды. Бұл құбылыс өз кезегінде қазақша рэпте де бірен-саран байқалып
қалады. ЖамағатПро-да ешқандай да еліктеушілік байқалмайды, мұның өзі оның
жеке стилінің қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді. Сол тәрізді G.H.A.Dрэп
тобы да мазмұнды трэктерімен ерекшеленіп жүр. Стиль қалыптастыру тәсілдері
тек студияларға ғана емес, сонымен қатар жеке-дара рэперлерге де тән болып жүр.
Мәселен, Ваgi, Shokhanтәрізді рэперлер лирикалық трэктерді тудыру
арқылы өзіндік орын қалыптастырса, Al-Nasr,Shokhan, MC Madi, Ra1, Domalak,
Truman, Tarlan тәрізді рэперлер өзінің орындау тактикасы мен техникасы
арқылы стиль танытып көрініп жүрген болса, Шyngys, Smitty,
Damon, Baller, SunQar Sarmat,Reega, Be.kz тәрізді рэперлер өзінің
дауыс ырғағының ерекше болуымен де «мегабайтты» байытып жүр.
G.H.A.D тобының
мүшесі Al-NasrАйқынмен бірге ән жазып («Асылым») әні бір табан эстрадаға
жақындағандай болды. Бұл қазақ рэперлерінің ішіндегі алғашқы болып эстрадаға
трэк жазған рэпер (эстрадада өнер көрсеткен де!) және өте дұрыс бастама.
Эстрадаға хип-хоптың келуі жаңа кезең болмақ. Бұл өз кезегінде рэп жанрының
сапалы болуына (мазмұнының салмақты, терең болуына, ритмиканың мелодия мен
музыкаға ие болуы тәрізді) үлкен әсер ететіні түсінікті.
Қазақ рэпінде
таза американдық-батыс рэпіне еліктеп жүрген «мажор», хобби ретінде ғана
айналысатын топтар (мойындау керек!) мен тек қазақша рэпті қалыптастыруды ғана
позиция етіп ұстанған топтар болып екі үлкен арнаға бөлінеді. Және бұл екі
бағыт өздерінің жеке стильдерін қалыптастырып жүр.
Қоғамда қазақша
рэпке сыни көзқарастың тууына себепші болып отырған, бұл кейбір «шала, өлеңші»
рэперлердің болуы. Бұны жоққа шығаруға болмайды. Бұл «топ» қашанда болған. Орыс
рэпінде де «паразиттер» бар. Міне, осы топ, шынымен де, қазақша рэптің абыройын
түсіріп тұр және қазақша рэп жайындағы негативті стереотиптің қалыптасуына да
себепші болып отыр.
Рэптің дамуына,
таралымына, аудиториясының кеңеюіне әсер етіп отырған – пираттық бизнес.
Өкінішке орай, Қазақстанда альбомнан тыңдау мәдениеті әлі қалыптаса қоймған
тіпті, Россияның өзінде енді ғана қалыптасып келе жатыр. Bluetooth желісі де
қарқын алып тұр. Рэп тудырушы рэпер өзінің трэкін жаза отырып, оны интернеттегі
әртүрлі парақшалар мен сайттарға жариялап жібере алады және сол арқылы өз
танымалдылығын арттырып, абыройын жинап отырады, бұл – өте тез әрі тиімді де!
Өзге музыка бағыттары бұл технологияны әлі басым қолдана алмай отыр. Пираттық
дискілердің мол таралымы да рэптің рейтінгісін көтеріп отыр. Қазақша рэптің
соңғы 3-4 жылда жаңа ракурсқа ие болуына, бірден дамуына осы интернет
желісі қатты әсер етті. Интернет парақшаларындағы рэптің насихатталуы қазірде
өте жоғарғы дәрежеде болып жатыр.
mc
Madi есімді рэпер өзінің бір сұқбатында: «Қазақша рэпті әлемдік дәрежеге
көтеруге болады. Әлемнің 40 мемлекетінде қазақ халқы өмір сүреді. Осыншама
мемлекетте өкілдері бар бірде-бір халық жоқ. Қазақша рэпті бұл мемлекеттегі
қазақтарға тарату арқылы қазақша рэптің дәрежесін көтере аламыз», дейді. Тағы
бір рэпер (Be.kz) Ташкенттегі қазақтар қазақша рэпті тыңдайтындығын байқағаннан
кейін рэппен айналысуды қолға алған көрінеді. Шынымен де, шетелдегі қазақтар
Қазақстанда туған рухани дүниелердің өз қолдарына тигенін қатты қалайды.
Қарапайым ғана, Қазақстанда туған, әсіресе, мультипликация өнімдеріне деген
шетелдік қазақтардың сұранысы басым. Тек бұл өнімдерді диаспара қазақтарға
жеткізудің қандай да бір технологиясын, механизмін табу қажет.
Мәтінді
агрессивті түрде оқу өнері бүгінгі универсалды музыка жанры болып отыр. Сонымен
қатар сәтті коммерциялық көз де! Рэптің радиусы да, аудиториясы да өте кең.
Аудиторияның кең болуы – мүмкіндіктің, потенциалдың молдығы. Кез келген нәрсені
осынау рэп жанры арқылы насихаттауға болады. Демек, қазақша рэпті де белгілі
бір мақсаттарға қолдануға болады. Мәселен, ұлттық рухты көтеру. Әрине, бұл
дәрежеге көтерілу үшін қазақша рэпке әлі біраз нәтиже қажет. Бізге готтық
рэптің өзі емес, рэптің альтернативті түрі келді және мұны қазақы рэп деп
атауға толық болады. Одан кейін, қазақша рэпке тақырып таңдауды жетілдіру
қажет. Жалпы рэп жанрының тақырып аясы өте кең және тақырып алудан да, оны
жеткізуден де рэп жанры әмбебап. Бұл рэптің басты ерекшелігі әрі қасиеті.
Қазақша рэпте абстрактілі дүниелердің аздығынан тақырып арнасының аздығына
әкеліп отыр. Рэперлердің көбі біздің тыңдармандар әлі шым-шытырық, ойлауға
ауырлық тудыратын абстрактілі, дидактикалық, гуманистік шығармаларға дайын емес
дейді. Мүмкін. Алайда осы күнге дейін дамыған музыка жанрларының барлығы өте
күрделі туындылар арқылы ғана танымал болған, әрі оны күрделі деп категорияға бөліп
тыңдамай жатқан тыңдарман жоқ. Тыңдарман – бұл әмбебап. Қарапайым ғана “Музарт”
тобының кез келген әндерін тыңдарман еш қиналмастан тыңдайды және барлық
жастағы тыңдармандар тыңдай алады, ал есесіне, қазақ эстрадасының классикасына
айналып бара жатқан бұл топтың шығармашылығы күрделі туындылармен байыған. Тек
рэптің балама, адекватты түрі ғана барлық тыңдармандарды тарта алады. Ол үшін
жоғарыда айтқандай, эксперимент жасау қажет. Рэпті дұрыс дамыта білушілік
заманауи поэзияны тудырумен тең. “Көше ақыны”, “көше философтары”, “көшені
сахна еткен сарбаздар” атанатын бұл мәдениет, расымен де, ерекше құбылыс.
Әлеуметтік тақырыптарды қозғағанға да рэптің функционалдылығы мол. Мәселен,
Баста мен Гуфтың рэпінде кездесетін есірткі туралы (“рэп для наркоманов”) айтылғандары Ресейдің
нағыз әлеуметтік проблемасын ашып беріп отыр (Ресей дүние жүзі бойынша есірткі
қолданудан бірінші орында!). Қазақша рэпке де дәл осындай тақырыптар қажет (бар
да! Жақау).
Біздің рэперлерге кәсібилік және тыңдаушы алдындағы жауапкершілік жетіспейтіні белгілі. Орыс рэпінде батыс рэпіне қарағанда әлдеқайда балама түрі, альтернативті нұсқасы басым. Бұл, әсіресе, олардың лирикалық бағытты дамыта білуімен ерекшеленеді. Абстрактілі рэп бағыты да, проект жасау жобасы да орыс рэпінің ерекшелігін арттыра түсті. Ал қазақша рэп өзінің қай статусымен, қай балама, дұрыс жолымен қазақы рэп қалыптастыра білді? Алайда қазақша рэптің де өзіндік формасы бар. Бұл, әсіресе, этно-рэпті қалыптастыра білуімен ерекшеленеді. Қазақша рэптің дамып келе жатқандығына бірден-бір себеп – тыңдармандардың көптігі. Белгілі бір рэперлердің, лейблдардың өз фанаттары бар, мұның өзі бір құбылыс. Алайда, талғамның жоғары болғаны қашанда қажет... Ал талғамы жоғары тыңдармандарды қанағаттандыру үшін қанаттандырарлық дүние керек екені белгілі. Қазақша рэптен болашақта күтеріміз осы!
ПІКІР АЛМАСУ
24/04/2017 17:25
Түркі Одағының уақыт сайын көтеріле беруі оның құндылығының артып келе жатқанына мысал
|
ТЕКСТ