КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сөзді тыңдамағаннан емес, түсінбегеннен түңіл демей ме?!. Сол себепті, көпшілік алдында мәдениетті сөйлеудің алғышарттарын, әдіс-тәсілін меңгерумен қатар нақты қасиеттерін ұғыну маңызды. Сөйлеу мәдениетінің тамыры – сөздің анықтығы мен тазалығында, ойдың дәлдігі мен көңіл күйге шынайы әсер ете алуында, орфоэпиялық нормаға сай тіл заңдылықтарының сақталуы мен сөз мағынасын терең түсінуде жатыр. Сөз құдіретін ұғынып, бағалап қана қоймай, тыңдаушының зердесіне жеткізе білу де үлкен өнер.
Сөйлеу мәдениетінің жауапкершілік жүгін артқан өнер адамдары, оның ішінде театр саңлақтары, кино әртістері, радио, тележүргізушілер, дикторлар, әншілер қауымы, сөйлеу кезінде орфоэпиялық заңдылық бойынша, сөздің айтылу нормасының мұратын бұзбай, қазақ тілінің дыбыстық табиғатын сақтап табиғи әуенмен әуезді сөйлеп, тыңдарманға дұрыс жеткізе білсе, артылған жүктің салмағын сезіне алғандықтарынан дер едік. Сапырып сөйлегеннің көбігі көп болады емес пе?! Қазақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан тіл заңдылықтарын бұрмалап, үндестік заңын сақтамай сөйлеп, мағынасын түсінбей орынсыз қолданып, сөз қадірін қашырып жүргендер де бар. Мөңке бидің «Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды, сөздің қадірі кетіп, са­малы қалды» деген сөзі осыған саяды. Бірақ, айтпағымыз бұл жайлы емес.
Барды бағалай білу керек. Үндестік заңын сақтап, орфоэпиялық нормамен сөйлейтін, танымал әртіс, әнші, теле жүргізушілер қаншама?! Түрін түстеп, атын атар болсақ, көпшілікке танымал кино және театр әртістері: Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Меруерт Өтекешова, Саят Мерекеұлы, Нүкетай Мышбаева, Ғайникамал Мұқанқызы, Ерлан Біләл, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Әділ Ахметов. Сөз мағынасын, сөз құдіретін түсініп барып, үндестік заңына сай дұрыс сөйлей білгенде ғана, айтушы дауысының құдіреттілігі айқын аңғарылады. Аталған әртістердің астарлы сөзге мән бере сөйлеуі, сөздің қадір-қасиетін жоғалтпағандығы, қазақи қалпымызды жазбай танытатындығы ерекше әсерлендіреді.
Сөздің салмағын жүрек қана сезеді. Әрбір сөзді жүрекпен қабылдап, сөздің күшін сезіне білетін Бибігүл Төлегенова, Мейрамбек Беспаев, Нұрлан Албан, Нұрлан Әлімжан сынды бірқатар әншілеріміз бар. Жүрекпен орындалған, дыбыстық жағынан таза айтылған әндері халықтың жүрегінен орын ала білді. Жаңа буын әншілерінің әндері халықтың көңілінен шығып, жүрегіне жол тауып, өміршең әнге айналып жатса, әнші мақсатына жетті деген сөз. Ол үшін, аты аталған аға буын әншілерден үлгі алғандары абзал.
Мәселен, «Қазақтан дауысы» жобасының төрт тәлімгерлерінің бірі, әрі бірегейі, әнші Нұрлан Албан көрмей тыңдау кезеңінде бағын сынаушылардың дауыстарына ғана емес, әнді үндестік заңын сақтай отырып орындауына да үлкен мән беретіндігі бізді қуантады. Нұрлан Албанның тобына барып, тәлім аламын деген өнерпаздарға қойылатын мұндай талап өте орынды. Бұл дегеніміз, киелі сахнаға мықты дауыс иесі ғана емес, әнді сауатты орындаушы шығады деген сөз.
Дауыс ырғағының өзі жүрек қылын қозғайтын, әр сөздің астарында не жатқанын жеткізе алатын, тележурналистер ретінде: Нұртілеу Иманғалиұлы, Дана Нұржігіт, Жайнагүл Төлеміс, Мейіржан Әлібекұлын атай аламыз. Диктор ретінде жаңалықтар тізгінін ұстаған Жайнагүл Төлемістің орфоэпиялық заңдылықты қатаң ұстанатындығы, естіген бойда тыңдаушыны елең еткізері анық. Қазіргі «Өзекжарды» бағдарламасын жүргізу шеберлігі, сөйлеу мәнерлілігі, өзекті мәселелерге қатысты қоятын сан сауалының астарлылығы тыңдарманды тәнті етеді.
Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дейді дана халқым. Сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, халықтың сүйіктісіне айналған тұлғаларды құлақ құрышын қандырып көбірек тыңдасақ, орфоэпиялық нормаға сай сөйлеуді солардан үйренсек құба құп. Ертеңгі тарихқа айналар тұлғаларды үлгі ете отырып, сөз қадірін қашырып, сөйлеу нормасын бұзып сөйлейтіндерге «қателіктерді қайталаудан асқан зорлық жоқ» демекпіз. Көш жүре түзелетіні анық, ендеше олардың көштен адаспай, көшке тезірек ілескендері жөн.

Әмірақынова Гауһар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология, әдебиеттану және әлем
тілдері факультетінің 1-курс магистранты

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 943 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2137 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2866 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 207161 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 192050 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 124062 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика