THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақ тайпалары және олардың генетикалық туыстығы туралы жалпы мәліметтер
Авторы: Сәрсен Аманжолов
11/05/2017 11:01 0 52623 2
Қазақта рулық
жөне патриархалды-феодалдық қауымның қоғамдық қатынастарын анықтауға, сол
арқылы рулар мен тайпалар тілінің халық тіліне қатынасын айқындауға мүмкіндік
беретін жазба ескерткіштер жоқ, дегенмен, бізде қазақтың ру шежірелері деп
аталатын қызық материал бар. Олардың көпшілігі әлі жазылып алынбаған.
Кез келген қазақ
(жасы 30-40-тан кем емес) өзінің руын, тайпасын, қай тайпалық одаққа жататынын
білетіні белгілі. Қарттардың көпшілігі қазақ тайпалары мен тайпалық одақтары
шежірелерінің бірнеше түрінен хабар береді. Әрине, бұл шежірелердің көпшілігі
ауыздан-ауызға берілу кезінде өзгеріске ұшырап отырған, кейбір жеке адамдар өз
болжамдарын енгізіп отырған, сол себепті кейбір шежірелердің жекелеген тайпалар
мен тайпалық одақтардың тарихи шындығына сәйкеспейтіні жиі кездеседі. Соған
қарамастан тарихшылар мен тіл мамандары оларды зерттеп, тиісті қорытындылар
жасауға тиіс.
Қазақ
тайпаларының ортақ бір тектен пайда болғанына біз күмән келтірмейміз. Бұл
тұрғыда К.Маркс пен Ф.Энгельстің төмендегі сөздерін ескеруге тиістіміз:
1. «Ру
аты ру шежіресін жасады, онымен қатар қойғанда, жеке отбасы шежіресінің маңызы
болмай қалды. Осы ру аты енді сол атпен аталушылардың ортақ бір тектен таралғандығына
айғақ болуға тиіс болды...
Ру атының өзі —
ортақ бір тектен шыққандығының дәлелі, тек ру тарихының бұрынғы бір кезеңінде
қаны басқа біреуді бала қылып алумен байланысты ру шежіресі үзілген жағдайда
болмаса, тіпті даусыз дәлелі болған...
Ру мүшелерінің
едәуір бөлегі өздерінің ортақ арғы ата-тегін ру деңгейінде айыра алады, ал
қалғандары үшін күнделікті өмірде олардың шыққан тегі бір екендігінің дәлелі
ретінде өз руының аты жеткілікті болды».
2. «Ру
шежірелерінің тым арғы заманға кеткендігі сонша, неғұрлым бертініректегі ортақ
ата-бабалары болған біраз реттерде болмаса, басқа жағдайларда ру мүшелері енді
өздерінің арасында шын мәнінде болған туысқандықты дәлелдей алмайтын болды. Ру
атының өзі ортақ бір тектен таралғандықтың дәлелі, бөтен біреуді бала қылып алу
реттерін санамағанда, тіпті даусыз дәлелі болды».
Марксизм
классиктерінің бұл сөздері халықтың шыққан тегін анықтауда ру шежірелерінің
маңызы қандай екенін көрсетеді.
«Американдық
жергілікті адамдар,— деп жазды К.Маркс,— табиғи өсіп-өну процесі нәтижесінде
көптеген тайпаларға бөлінген; әр тайпаның өз аты, ерекше диалектісі, жоғарғы
басқару орны, өзі иемденіп қорғап отыратын меншікті жері болды...».
Тағы да: «Табиғи
өсіп-өну нәтижесінде жаңа тайпалар мен рулар үнемі пайда болып отырды, бұл
процесс Америка құрлығының кеңдігіне байланысты аса тез жүрді. Процесс
қарапайым болды. Тіршілік етуге қажетті заттарды табуда артықшылығы бар, халқы
шамадан тыс көбейген қандай да бір географиялық орталықтан халық бірте-бірте
кетіп отырды. Жыл сайын осылай қайталап отырғандықтан, тайпаның алғашқы
мекендеген орнынан біраз қашық жерде едәуір халық пайда болды; уақыт өткен
сайын қоныс аударушылардың өз мүдделері қалыптасып, олар сана-сезімі жағынан өз
тайпасына жат бола бастады, ең ақырында, тілдерінде айырмашылық туа бастады;
мұның арты олардың территориялары шегаралас болғанымен, бір-бірінен ажырауына,
тәуелсіздігіне алып келді».
Сірә, түркі
тайпалары мен рулары да осылайша өсіп-өніп, кең таралып қоныстанған. Мұны осы
күнгі көптеген түркі халықтарының рулық шежірелерінен керуге болады. Қазақ
халқының рулық шежірелерінде (революцияға дейін және қазіргі кезде жазып
алынған) қазақ халқының үш жүзге (ордаға) (ұлы, орта, кіші) бөлінетін көптеген
рулар мен тайпалардан тұратыны айтылады.
«Жүздер» тарихи
әдебиеттерде «ордалар» деп жиі айтылады, бірақ қазақтар ешқашан «жүз» сөзінің
орнына «орда» сөзін қолданбаған.
«Жүздер» тарихи
әдебиеттерде «ордалар» деп жиі айтылады, бірақ қазақтар ешқашан «жүз» сөзінің
орнына «орда» сөзін қолданбаған.
Қазақтың Ұлы
жүзі мынадай рулар мен тайпалардан құралған:
1. Қаңлы
2. Үйсін
3. Сарыүйсін
4. Дулат
5. Шанышқылы
6. Ысты
7. Тілік
8. Сыйқым
9. Жаныс
10. Ошақты
11. Бекболат
12. Жалайыр
13. Бестаңбалы
14. Шапырашты
15. Шымыр
16. Шынқожа
17. Қоралас
18. Суан
19. Абдан (Далбан)
20. Ботбай
21. Сәмбет
22. Төлетай
23. Сіргелі
24. Шібіл
Жүздердің
екіншісі — Орта жүз мынадай рулар мен тайпалардан құралған:
Арғын
Найман
Қыпшақ
Керей
Қоңырат
Санглы (саңлы)
Маңғытай (не
маңғатай)
Бағаналы
Балталы
Мансыр
Тарақты
Cаржомарт
Садыр
Матай
Уақ (немесе
уақ-керей)
Қаракерей
Бура
Ергенекті
Терістаңбалы
Абақ-керей
Қытай-қыпшақ
Сыбан-керей
Қаба-керей
Бурылсары-керей
т.б.
Жүздердің
үшіншісі - Кіші жүз мынадай рулар мен тайпалардан құралған:
1. Алшын
17. Терістаңбалы
2. Алтын
18. Оңтаңбалы
табын
3. Алаша
19. Таздар
4. Аргын
20. Рамазан
5. Өлім
21. Телеу
6. Беріш
22. Төртқара
7. Адай
23. Сунақ
8. Жүй
24. Қарасақал
9. Есентемір
25. Шөмекей
10. Жаппас
26. Шекті
11. Қаракесек
27. Серкеш
(черкеш)
12. Кердері
28. Тана
13. Масқар
29. Қызылқұрт
14. Керейт
30. Шихлар
15. Тама
31. Кете
16. Табын
32. Байбақты
33. Қарауылкесек.
Әрине, үш жүзге
біріккен бұл рулар мен тайпалар сан жағынан, тарихи рөлі жағынан бірдей емес.
Демек, қазіргі қазақ тілінің қалыптасу процесіне олардың қатынасы да әр түрлі.
Бұлардың көпшілігі тіпті тайпалық одақ емес, тек қандай да бір күшті ру мен
тайпага жататын жай ғана ру немесе соның бір буыны болуы мүмкін. Толып жатқан
қазақ рулары мен тайпалары туралы А.Левшин мен Н.Аристовтың пікірлері осындай.
Н.Аристов өзінің
«Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их
численности» («Живая старина», III-IV шығуы, СПб, 1896 ж.) атты тамаша
еңбегінде таңбалық белгілерді салыстыру арқылы басты.негізгі рулар мен
тайпаларды табу мүмкіндігін тұспалдай отырып, былай деп жазды:
«Көптеген зерттеулерге
қарағанда, шығыс-финн тайпаларында рулық тұрмыс бұрыннан бұзыла бастаған, ескі
әулеттен бөлініп шыққан жаңа ұрпақтың таңбасы ескі әулеттің таңбасына қосымша
белгілер қосу арқылы жасалып отырган.
Бұл жағдай
рулардың алғаш тарамдалып бөліне бастағандағы таңбалары осындай жолмен пайда
болған деген ой тудырады. Егер бұл дұрыс болса, осы күнгі рулық таңбалар
қазіргі рулық бірліктердің қандай рулардан жасалғанын көрсетуге тиіс. Мәселен,
Ұлы жүздің Дулат бөлімінде негізгі таңба (дулат ұрпағында) дөңгелек о болып
табылады. Қосымша бір белгісі бар дөңгелек ф абдан ұрпағының, қосымша екі
белгісі бар дөңгелек суан ұрпағының таңбаларын білдіреді. Дулаттан тараған
ботбай руының таңбасы үш қосымша белгісі бар ф дөңгелектен, ал сыйқым руының
таңбасы төрт қосымша белгісі бар О дөңгелектен тұрады.
Қырғыз-қазақтардың
таңбалары жайында аса толық емес мәліметтер бойынша, арғын тайпасының таңбасы
екі дөңгелек ОО’ қаңлы тайпасынікі — бір түзу таяқшадан I, қыпшақ тайпасынікі —
екі түзу таяқшадан I I, керей тайпасынікі— бір-бірімен қиылысатынекі
таяқша - + - не "X" қоңырат тайпасынікі — бір жағы жоқ тік
бұрышп, найман тайпасынікі — екі таяқшадан жасалғансүйір бұрыш V деп
қорытындылауға болады.
Аталған
тайпалардың рулары негізгі тайпалық таңбаға әр түрлі қосымшалар қосылған жалпы
тайпалық таңбаны өз малының қалаған бір мүшесіне салып отырады. Түркілердің
тарихи көп ғасырлық көшпелі өмір сүруіне байланысты таза қанды тайпалар, рулар
болған жоқ, қандас әр түрлі рулардың бөлшектерінен құралған әр текті одақтар
басым болды. Тек тайпа емес, енді бір рудың өз ішінде әр түрлі таңбалы бөліктер
кездесетін болған, олардың атауларына қара- ғанда, шынында, негізгі таңбаның
иесі болып табылатын ру немесе тайпадан шыққаны байқалады.
Көшпелі өмір мен рулық тұрмысты сақтап қалған көптеген түркі тайпалары мен халықтарының ру таңбалары жиналып зерттелетін болса, олар тайпалар мен рулардың этникалық құрамының аса маңызды көрсеткіштері қызметін атқаруы мүмкін».
Қазақ тілі
теориясының негіздері
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ