КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Қазақ тілін қазақтардың сыйламауы, пайдаланбауы, коммуникация құралы ретінде пайдаланбауы – өз-өздерін мойындамауы. Ұлт үлгісі – элита тілінің орыс тілі болуы, қазақ тілінің көп жерлерде, әсіресе, қалада құзіреті өте бермейтіні халыққа көп жайды ұқтырды. Қоғамның осындай ақиқатын көзбен көріп, ішпен сезіп отырған халық төмендегідей ұғымдарды қағидаға айналдырып келе жатыр. 
    Баламды орыс мектебіне беремін. Ата-аналардың көпшілігі, әсіресе, қалада оқып, қаланың ащы-тұщысынан дәм татқандардың пікірі осылай сабақталады. «Онымен қазақ тілін ұмытып кетпейді. Қайта екі тілді болады. Ертең қалада бәрі орыс тілінде болады (бұл ауыл тұрғындарының пікірі) бәрібір орыс тілі керек болады. Орыс мектептерінде сабақ қазақ мектептеріне қарағанда сапалы беріледі». Осындай сылтаудың тоқсан тоғызы шығып, ақыры баланы орыс мектебіне береді. Өкініштісі сол, тап осы сынды қоғамдық пікірлердің саны артып бара жатыр. Алайда, қоршаған ортаның балаға қалай әсер ететінін біреу білсе, біреу білмейді. Күнделікті қасында ойнап, тіл табысып, көріп-біліп араласып-құраласып жүргені орыстілді немесе орыс ұлтының балалары болса, оның психологиясы еріксіз өзге тілді, сол елдің әдеттерін мақұл көре бастайды.
    Яғни, бала қазақ тілінен гөрі, орыс тілін туған тіліндей қабылдайды. Өткенде қалалық туысымыздың баласы «қазақ тілі болмайтын болды» деп тақиясын көкке атты. Қазақ тілін оқу ондай типті балалар үшін зорлықпен тең. Мың жерден методикаң, жүз жерден тәжірибең болса да!
    Ғаламторға кірсе, тек орысша ақпарат көздерін ғана оқиды. Кейбір мектепте, мәселен, аты-шулы түрік лицейлерінде 50-50-мен оқиды. Алайда, балалардың дені орыс тілінде мағынасын анық түсінеді де, қазақ тілінде мардымды ештеңе айта алмайды. Оған қазақ мұғалімдерінің методикасын менсінбегендік деп жатады. Мұндай балалар қазақ тілінің болашағы жоқ деген, қазақ елі дамымаған деген пікірде өседі. Отансүйгіштерді тәрбиелеп жатқан мектеп қане сонда?
    Бұрын, қазақ мектебінде оқу арман болса, қазір керісінше, орыс мектебіне берсек деген азаматтардың сұранысы едәуір мол.
Осы тұрғыда Сұлтанмахмұт ақынның өлеңі еріксіз ойға оралады:
«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім". Қазақтың әжесінің әлдиі мен атаның батасынан артылатын әдеп жоқ!
    Бәрібір орыс тілі қалмайды. «Қазір қандай қызмет орындары, әсіресе, шет елдік компаниялардың қабылдауына кіре қалсаңыз, орысша қарсы алып, орысша шығарып салады. Қоңырау шалсаң, «здравствуйте» деп хатшылары халіңді сұрап, бұйымтайыңды орыс тілінде сұратады. Шенеуніктердің бәрі орыс тілінде ой айтады. Менің түсінгенім орыс тілі қалмайды. Құжаттарды толтыратын болса, кей жерлерде қазақша бланк қағаздары жоқ». Осындай айғақтарды арқау еткен ағайындарымыз орыс тіліне үстемдікті ұстата салған. Жүрген-тұрған жерлердегі орыс-ағылшын айдарларын көріп, тіпті өздерін көренау, мақау сезінген. Бір қызығы, мұның да аяғы балаларын орыс мектебіне оқытумен қорытындыланады. Қайтсін енді, көргенімді балам көрмесінші деген тілегі ғой...
    Орыс отарынан әлі шықпаған елміз! Бұған апарып, аттай 20 жылдан асқан тәуелсіздігімізді қоса айтып, мұңымызды тауыса алмай қаламыз. Одан қалса, орыс тілінде әлі шүлдірлеп жүрген ағаларымыз бен апаларымыз да бар. Мектеп оқушыларына орыс тілінің теңдей қойылуы мен БАҚ-тағы 50-50 саясатын сынға аламыз. Осыншама теңестікті ұстайтындай орыс маған несін өткізіпті? деп жазғырамыз. Қазақ тілі орыс тілінің көлеңкесінде қалды дегенге бек сенімді қараймыз. Қазақ орыстың сойылын соғып жүр деп екінші дүниежүзілік соғыстан бастап, саясаттағы небір келіссөздерді атап шығамыз. Адамның ойы ең жүйрігі емес пе? Орысты жау етіп, Кремльді қас етіп алатын кейбір ағаларымыз отаршылдықтан шықпаған сананы митинг ұйымдастыру арқылы адам санасына революция ұшқынын шашқысы келеді. Бірақ дер кезіндегі басулар үндерін өшіріп тастайды. Сөйтіп, орыс отарында қалдық деп күңірену әдетін бойға сіңірген.
    Қазақ қоғамы қазір екі түрлі қауымнан құралады. Бірі ұлты қазақ, бірақ санасы қазақ емес қазақтар. Ол топтың қатарында болсаңыз рахат! Ұйқыңыз тыныш, жүйкеңіз қалыбында! Бұларды ұлттық рух, туған тілдің тағдыры, тағы да осы сияқты «ұсақ-түйек» мәселелер мазаламайды. Өзіміз көп айтатын «патриоттық сезім» деген дерттен бұлар ада. Тіпті, өмірлері керемет, қарап отырсаң!
    Ал енді екінші топтағы қазақ болсаңыз, біттім дей беріңіз! Көшедегі жарнамалар мен көше сұраған әлеуметтің тілінің өзі оның жанына ауыр тиеді. Қолын оңды солды сермеп, өзімен-өзі сөйлесіп бара жатқан адам көрсеңіз ол екінші топтың азаматы. Өз жанын өзі жеген бір сорлы! Анау бір министрдің ұлттық талап-тілегімізге қайшы келетін бұйрыққа қол қоюы, депутаттардың мемлекеттік тілге деген теріс көзқарасы, қазақ тіліндегі жарнама маңдайшалары қатеге толы болуы, алқаш ағайын, алкеуде жастар, қираған ауыл, қиналған қауым... Әйтеуір бәрі-бәрі осы қазақтың жүйкесі арқылы өтеді.
    Нәтижесінде, бәрі шалақазақтарға еліктейді, көңіл-күйдің төмендігі кімге керек болсын? Осының бәрінің шешімі – орыс мектептеріне қазақ балаларын толтырумен аяқталмаса игі еді!

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика