КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік тілді дамыту институты 2025 жылдың 6 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында  «Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тіл» атты жиын өткізді.

Жиында қатысушыларға «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді оқытудың жүйесі: деңгейлері мен сатылары» атты жинақ таныстырылды. 11 бөлімнен құралған бұл жинақта мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі, орта мектептер мен колледждердегі және жоғарғы оқу орындарында, тіл үйрету курстарында  мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқытудың мәселелері мен ондағы қиындықтар, шешу жолдары туралы айтқан ғалымдар мен практик мамандардың материалдары жинақталған.

Жиынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы кіріспе сөзімен ашты. Ары қарай Жантасова Салтанат  Егизбайқызы «Мектеп жасына дейінгі балаларға мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі» атты баяндамасын жасаса,  Жошыбаева Мархабат Жұмабекқызы «Бастауыш сыныпта оқушы ойын толық әрі сауатты жеткізе алуына жағдай жасау» жөнінде баяндады. Әрі қарай Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы «Қазақ тілін орта мектепте оқытудың жай-күйін» баяндады. Қыстаубаева Айгүл Серікқызы «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ұлттық құндылыққа негізделген мәтіндермен жұмыстың маңызы» тақырыбын тарқатса, Сайдахмет Айбек Тұрғанбетұлы «Колледждерде қазақ тілін оқытудың әдістері мен мазмұны» атты баяндама жасады. Дюсенгалиева Толқын Закеновна «Техникалық арнаулы орта білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудағы қайшылықтар» атты орта білім беру ұйымдарындағы қайшылықтарды айшықтады. Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы «Жоғары оқу орындарында тіл мамандарын дайындайтын білім беру бағдарламаларын сараптаудан туындайтын мәселелер жайында» сөз етті. Абасилов Аман Мәделханұлы «ЖОО-ның тілдік және тілдік емес мамандықтардағы қазақ тілін оқыту» жайында баяндама жасаса, Кузембекова Жанна Жалайыровна көпшілікке «Мемлекеттік тілді бағалаудың қазіргі жағдайынан» хабардар етті. Ал Қамбарова Бекзат Ғабитқызы «Ересектерді оқытудағы жүйесіздік» атты тақырыпта баяндама жасады. Осылайша баяндамашылар мемлекеттік тілді оқытудағы мектепке дейінгі балалар мен ересектер арасындағы әр сатыны қамти отырып, мемлекеттік тілді оқытудың жүйесі жайлы ақпарат берді.

Жиында тұсауы кесілген жинақ қатысушыларға тегін таратылды. Мемлекеттік тілді дамыту институты осы бағыттағы зерттеулерін, мемлекеттік тілді оқытудың жүйесін жалғастырып, алда ұжымдық монография шығаруды жоспарлап отыр.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 221400 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 218091 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 210958 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 110239 7




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика