КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Баспа ісі – біздің елде кенжелеп да¬мыған сала. Тәуелсіздік алғанға дейін кітап бизнесі деген ұғым да болмаған. Тек КСРО кезінде кітаптану ғылымы негізінде кітап пен оған қатысты барлық үдеріс бір жүйеге бағындырылған еді. Азаттық жыл¬дары сол құрылған алып жүйе құрдымға кет¬ті. Кітап шығару ісі тоқырауға ұшырады. Қазіргі таң¬да кітап бизнесі, яки баспа ісі бірқатар жаңашылдықты бастан кешірді. Ол ең алдымен нарық талабына сай түлеп, өзгерді. Кеңес өкіметі кезіндегі қалыптасқан баспа¬лардың барлығы дерлік жекеменшікке өтті. Алайда олардың ісін тұрақты жүргізіп, да¬му¬ға серпін беретіндей жүйе сол күйі қа¬лып¬таспады. Баспа ісінің негізін кітап басу мен оны тарату сынды күретамыр іспетті қос сала қалайды. Бірақ басып шығарған кітапты ел аумағын қамтитындай қолжетім¬ді ету мәселесі бірізділікке әлі де түспей келе жатыр. Оны түсіретін жүйе бұзылды. Нарыққа бейім мұндай жүйе тек мемлекет¬тің қамқорлығымен ғана жүзеге асуы мүм¬кін. Бір ғана баспа кітап таратуды Қазақстан аясында атқара алмайтыны ақиқат. 
Қазіргі таңда баспалар көптеп ашылып жатыр. Бірақ сол баспалардың дені екі мыңнан аспайтын данамен ғана кітап шығарады. КСРО кезіндегідей 30-60 мың тираж замандас жазушылардың тү¬сіне ғана кіретін құбылысқа айнал¬ғалы қашан. Қазіргі кітаптар тек кітап¬ха¬на¬ларды ғана қам¬ти¬тынын ес¬кер¬сек, шығып жа¬т¬қан кітап¬тар өз оқыр¬ма¬нына жетпейді. «Мәдени мұра» сияқты кітап шығарудың ке¬шенді бағдарла-малары да жүзеге асып жатса да, олардың мұрындық болған ісі күллі қазақ даласы үшін көлге тамған тамшыдай ғана болып отыр. Біздің кезімізде әр үйдің бары да, байлығы да – кітап болатын. Сөреде жина¬лып тұрған томдықтарымен ел мақтанатын. Ал қазір ше? Қазіргі қазақ отбасыларында кітап түгілі, кітап жинайтын сөре де табыл¬майды. Көпшілік назары интернетке ауып кеткен. Алайда кітап сияқты құнды, асыл дүниені бүгінгі таңның техноло¬гия¬сымен салыстыру мүлде келмейді. 
Баспалар саны көбейді дедік. Есесіне сапасы күрт құлдырап кетті. Кітапты ашып қалсаңыз, баспаның атауы көрсетілмеген, тиражы, баспа табағы көрсетілмейтін сорақылықтар орын алып жатыр. Оған «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқ. Қате өріп жүреді. Бұрынғыдай қолдан-қолға өтіп, тек¬серіліп жатпайды. Кітапқа құрмет тө¬мен¬деп кетті. Безендіруі де, қағазы да сын көтермейтін кітаптар қолымызға түсіп жүр. «Шөп те өлең, шөңге де өлең» дейтін за¬ман¬ға тап болдық. Кітап сияқты киелі, ұлы құндылық сипатынан айыратын отба¬сылық, рулық, жеке бастың жетістіктерін сипаттайтын арзанқол туындылар заманы дәуірлеп тұр. Осындай кітапсымақтар жалпы адами құндылығы зор көркем дүниелерді лайлап жатыр. Ел кітап деген ұғымның не екенін шатастыратын болды. Бұл да бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Мұн¬дай өрескелдіктерге көзжұмбайлықпен қа¬рау дағдыға айналып кете ме деген қауіп те жоқ емес. Шығып жатқан кітап тасқы¬ны¬нан асылын, құндысын бөліп қарастыра білу керек. Біздегі баспалар жаңбырдан кейін¬гі саңырауқұлақтай қаптап барады. Солардың әрқайсысы өзіндік бағыт-бағдарын анықтап жұмыс істесе, өздері үшін де, кітап іздеген ел үшін де тиімді болар. Мәселенки, ғылыми-танымдық, мәдениетке қатысты кітаптарды басатын жеке баспалар болуы керек. Спорттық туындыларды осы бағытқа салаланған баспа басып отырса, ғанибет болар еді. 
Жақсы туындылар көп. Жазылып жатыр. Әдебиет – ол өлмейтін тақырып. Кі¬тап қандай қиын заманда да жазылған. Дәл солай жазыла береді. Тек солардың наси¬хаты мардымсыз. Ел көп көретін арналар¬дан, қазақы орта ден қойып тыңдайтын радиолардан кітап насихаты көбірек айтыл¬са, нұр үстіне нұр болар еді. М.Мағауин¬нің, Д.Досжанның, Т.Әлім-құловтың, О.Бө¬кей¬дің, Б.Соқпақбаевтың және тағы басқа жазушылар жазған қазақтың жауһар туындыларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап отыруымыз керек. Олардың кітаптары әр қазақ отбасының төрінде тұрғаны нағыз ұлттық тәрбиенің қайнар көзі дер едім. Әдебиет – ұрпақтың рухын көтеретін, имандылыққа тәрбиелейтін, жақсылыққа қанаттан¬дыратын, ізгілікке баулитын ұлы күш. Сондықтан кітап әр уақытта өз құндылығын жоймайды. Мынау «базар дәуірі» алғаш басталғанда, ел тұралап, кітап оқымақ түгіл, не ішем деп ба¬зар¬шылап кетті емес пе?! Сол кездің жастары кітап оқудан мүлде құр алақан қалды. Олардың ата-анасы ала дорба арқалап, нәпақа табуға бет бұрып, ұрпақ тәрбиесі ақсап қалды. Бүтін бір буын кітаптан қол үзді десек, артық айтқандық болмас. Сол ұрпақтың дағдысы бүгінгі интернетшіл жастарға да жұққандай. Көп қазақтың үйіне бара қалсаңыз, кітап оқы¬ған адам көрмейсіз. Газет-журнал жаздыр¬тып алуға құлықтары жоқ. Рухани дағда-рыс¬ты бастан кешіріп жатыр. 
Бүгінгі баспа кітаптың орнын электрон¬ды кітап басу ықтималдылығына өз басым сенбеймін. Интернет пайдаланушылардың көбі жастар. Олар пайдалысы бар, әжетке жарамайтыны бар, сан алуан ақпаратты интернеттен алғанмен, көркем дүние оқи қояды дегенге сене алмаймын.
Сондықтан бүгінгі буынға кітаптың берер мол ұлағатын насихаттау кеңінен жолға қойылуы қажет.  Кітап елдің әр аума¬ғы¬на, түкпір-түкпірдегі ауылдардағы өз оқырманына жететіндей тарату ісін қолға алу керек. Осы мәселелер түбегейлі шешіл¬се, кітаптың келешегіне қатысты үлкен бетбұрыс басталар еді. 

altyn-orda.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика