КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еуразиялық экономикалық одақ құру мәселесі жиырма жыл бойы көтеріліп, ақыры құрылды және бұл «үштік одақ» Еуро одақтан кейінгі тұрған үлкендігі жағынан бүкіл әлемдегі екінші орындағы одақ болды. Еуро одаққа қарағанда ЕЭО құрушы елдердің менталитеттері жақын және ең бастысы қатынас тәсілі әрі консолидация құралы ортақ, бұл – орыс тілі. Еуро одақ ұзақ уақытқа байланысы негізінде өздерінің ортақ гетерогенді қатынас тілін (тілдердің өзара жақындасуы негізінде) қорытып келеді. Еуро одақтың құрамындағы барлық тілдер, 28 тіл жұмыс тілі ретінде саналғанымен, барлық тілдерді бірдей әрекетке келтіру үлкен шығын екенін және мұндай жолдың аса тиімді емес екенін түсінді. Әзірше бүкіл Еуро одақ үшін ағылшын тілі маңызды тілге айналып бара жатыр.
Ал бізде қалай болмақ? Үш-ақ мемлекет бас қосқан бұл одақ үшін бұл мәселе біраз жеңіл шешілді, себебі ортақ жұмыс тілі ретінде орыс тілі болып реттелді, Еуразиялық Одақ декларациясында орыс тілі одақтың ресми тілі алынды. Ал өзге мемлекеттік тілдер орыс тілімен қатар қолданылатын одақтың жұмыс тілі ретінде көрсетілді, құжаттар мен шешімдер орыс тілінде қабылданып, ол өзге мемлекеттік тілдерге аударылып қолданылады. Бұл жерде басқа жол да жоқ, аналог шешімді таба алмаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ толығымен орыс тілінің функционалдылығын арттырды, бұл әу баста да жоспарланған еді. Орыс тілі әлемдік деңгейден түсіп келе жатыр, ал дүниежүзіндегі екінші аумақтық одақ болып отырған бұл одақ-бірлестік орыс тілінің мәртебесін одан әрі арттыра түспек әрі орыс тілінің әлемдік аренада түсіп келе жатқан мәртебесін сақтап тұрмақ.
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов өзінің сұхбатында «Одақтың шеңберінде жұмыс тілі болып қандай тіл қабылданады?» деген сұраққа «Егер қайтадан Еуро одақпен параллель жүргізетін болсақ, қазіргі таңда онда 28 мемлекет пен 25 ресми тіл әрекет етеді және кеңестің, комиссияның барлық құжат, акті, директивалары және Еуропарламент құжаттары мальтия тілі сияқты экзотикалық тілді қоса алғанда барлығы 25 тілге аударылады» деп жауап берді. Еуро одақтың бұл тілдік саясаты аналог ретінде өзіміздің одаққа да алдық. Алайда мынаны айту қажет Еуро одақта барлық тілдер жұмыс тілі ретінде белгіленгенмен бір уақытта барлық тілде жұмыс қиын екенін түсінді. Оның үстінде Еуро одақта ең мықты мемлекеттер ретінде Франция, Германия танылады, сондықтан да бұл мемлекеттердің мемлекеттік-ұлттық тілдері, әзірше, бүкіл Еуропа үшін негізгі қызметке ие болып отыр. Одан кейін ағылшын тілінің әлемдік интервенциясы да Еуро одақты бей-жай қалдырмады, ағылшын тіліне тойтарыс беру үшін ЕуроОдақ міндетті түрде өз ішінде бір тілді оған қарсы коалицияға, қарсы әрекетке қоюы керек, себебі Еуропа үшін ағылшын тілінің басқыншылығы ұнамайды. Ал бұл әрекетте Еуро одақтан Британия да шыққысы келіп отыр. Британия үшін АҚШ әлдеқайда жақын. Осындай болып жатқан үдерістерден ұғатынымыз Еуразиялық Одақ тек қана орыс тілінің дамуы мен қолданысын арттыру үшін қызмет етеді. 
Біріктіруші феномен, құбылыс бұл – орыс тілі. Ресей президенті В.В.Путин Еуразиялық одақтың құрылуында бірнеше артықшылықтар бар екенін айтады, ал ең бастысы: "Первое и главное из них - это язык межнационального общения, русский" деп нақтылады http://www.russianskz.info/.
Орыс тілі еуразиялық кеңістік үшін тек біріктіруші ғана фактор емес, келешек еуразиялық қоғамның консалидация құралы да болмақ. Бұл қазірдің өзінде Ресейде дәріптеле, насихаттала бастады. Орыс тілі Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі қалыптастырушы фундаменті ретінде көрсетіле басталды. «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы барлық халықаралық келісімдер, комиссияның міндетті сипаттағы күші бар барлық шешімдері орыс тілінде қабылданады. Біз осылай келістік. Дегенмен, ондай құжаттар бірден тараптардың әрқайсының мемлекеттік тілдеріне аударылатын болады. Сондықтан да тілдік қағидаттар бойынша да ешқандай кемсітушіліктер орын алмайды» деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Біздің қанағаттанарымыз да дәл осы тілдік қағидаттар бойынша кемшіліктің болмауы. Оның есесінде қазақ тілі де орыс тілімен бірге қолданысқа ие болады. Енді орыс тілінің еліміздегі ықпалы мен қолданысы ешқандай да деградацияға ұшырамайтынын дәл аңғара аламыз. Орыс тілінің қолданыстық қуаты артады, есесіне жақын маңда басқыншылық жасауы мүмкін ағылшын тіліне тосқауыл болуы ғажап емес. Әзірше болжам – осы.

Қымбат Слямбеков

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 728 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 724 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1104 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1554 0













31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 54054 10


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 52669 0




05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 49649 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика