КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2018 жылғы 15 мамыр күні сағат 10.00-де (тіркелу 9.30) «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға  (бұдан әрі – конференция) шақырады.

     Конференцияның мақсаты: қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелерін  және оларды шешу жолдарын ұсыну.

     Конференцияға тіркелу тәртібі мен мерзімі: Конференцияға қатысу үшін өтінім мен мақала 2018 жылдың 13 мамырына дейін мына электронды пошталар бойынша nazym_mtdi@mail.ru, zgulsamal@mail.ru. қабылданады. Қатысу туралы өтінімде мынадай мәліметтер болуы керек:

1.Қатысушының аты-жөні;

2. Ғылыми дәрежесі;

3. Қызметі, жұмыс орны;

4. Мекенжайы;

5. Электронды поштасы;

6. Байланыс телефоны.

Мақала көлемі 4-5 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Мақаладағы грамматикалық т.б. қателерге авторлар жауапты. Конференция жұмысына қатысу – тегін.

       Конференция қатысушылары: Конференция жұмысына қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, танымал тілші ғалымдар, қазақ тілі оқытушылары, білім, ғылым мекемелерінің мамандары, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар қатысады. Конференция қатысушыларына арнайы сертификат беріледі. Іссапар шығыстары ұйымдастырушылар тарапынан  болады.

      Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78. Мемлекеттік тілді дамыту институты. Байланыс телефондары: 8(727) 2938875. ұялы тел: 87074932828 Назым, 87085410215 Гүлсамал. Электронды пошталар: nazym_mtdi@mail.ru, zgulsamal@mail.ru.

      Конференция өтетін мекенжай: Алматы қаласы, Алматы қаласы әкімдігі (Республика алаңы, 4,), 6-қабат,  № 1 мәжіліс залы.

                                                                                       

                                                                                         Ұйымдастыру комитеті


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 728 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 724 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1104 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1554 0













31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 54051 10


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 52657 0




05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 49639 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика