КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 8 маусым күні Алматы қаласы, М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залы ғимаратында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру мақсатында орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастарының «Ой-сана» қалалық байқауын  өткізді. Байқаудың мақсаты: орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру болды.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

І. «Білім бедері» – орыс тілінің лексикасы мен грамматикасына арналған 60 тест тапсырмасын орындау (40 минут).

ІІ. «Қалам қарымы» – ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазу. Көлемі: 1,5-3 бет (30 минут).

ІІІ. «Ойталқы» – ұяшық ашу арқылы таңдалған тапсырманы ауызша баяндау (суретті сипаттау немесе берілген ақпаратты пайдаланып шағын әңгіме құру, 3-5 минут).

ІV. «Шабыт шыңы» – өз таңдауы бойынша орыс тілінде ән орындау немесе көркем шығарма үзіндісінен театрландырылған қойылым көрсету (3-5 минут). Осы кезеңдер бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Мухамеджан Надира

І орын – Жанкабаева Альфия

ІІ орын – Емешев Адиль

ІІІ орын – Муратханова Алуа

Байқау шарттары бойынша «Сөз зергері» және «Өнер алды» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Ушурбакиев Ильшат мен Төлебаева Әдина иеленді. Ал, Әлиқұлова Медина пен Мүталіпов Жалғас ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Мұхамеджан Нәдира Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

 

 

 

 

         Ұйымдастыру комитеті

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 728 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 724 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1104 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1554 0













31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 54057 10


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 52678 0




05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 49657 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика