КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

ДІНИ

 

Ұйықтап жатып түс көрсем,

Ойымда әрне бар екен?

Көкке шығып қарасам,

Дүние жүзі тар екен.

Сахыбат етіп байқасам,

Мінгенім сонда шар екен.

Кіріп жүрген жөнімде

Жалғыз қарбыз бар екен.

Төрт қабығы көгілдір,

Бес қабығы сары екен.

Ақылы жеткен пендеге

Іші бір толған дән екен.

Тоғызы үлкен бәрінен,

Біреуі шаққан ақ екен.

/Исламның бес парызы/.

 

 

Құдай берген ақ атан,

Салсам - жүк көтерер,

Жүрсе - ізді,

Панасы - қызды.

/Иман мен адам/.

 

Айнала ақ терек,

Бұтақсыз, жапырақсыз.

/Имансыз/.

 

Біреу екеу болмайды,

Екеу үшеу болмайды,

Үшеу төртеу болмайды,

Төртеу бесеу болмайды,

Бесеу алтау болмайды.

/Бір құдай, ай менен күн, ошақтың бұты, қазанның құлағы, бес уақыт намаз/.

 

Шығасың, шығасың - шыға алмайсың,

Қарайсың, қарайсың - көре алмайсың.

Не сұрасаң - баршаға береді.

/Алла/.

 

Ақ арқанға байлаулы ақбоз ат,

Ат пысқырса - жоқ қылады,

Арқан үзілсе - шоқ қылады.

/Құдай, бәле/.

 

Бір жанды бұл уақытта неғылып жүр?

Боларын қияметтің сағынып тұр.

Құдайдың құдіретін дұрыс деме,

Үстіне он төрт көрпе жамылып тұр.

/Жер астындағы көк өгіз/.

 

Басы жоқ, жаны жоқ,

От оттатып, су ішкен.

/Мұса пайғамбардың асасы/.

 

Жиылған туған айға бір топ жұлдыз,

Жиылар түнде тарқап, аман күндіз.

Қажеті ақыреттің табылады ол айға,

Қанша мақұлық келсе де жүз.

/Молдаға оқыған бала/.

 

Біссімілдә да біссімілдә,

Біссімілдәсіз бастаған,

Ол біссімілдәні білмеген,

Дозақ отына тасталған.

/Ассалаумағалейкум біссімілдәсіз

басталмас/.

 

Үсті - жарық,

Асты - жарық,

Ішіне кірсең адам қалмай,

Сонда да бұған барып болмай.

/Пейіш/.

 

Қу ағаштың басында,

Құтырған адам айқайлайды.

/Азаншы/.

 

Жүз он төрт балапан бар бір ұяда,

Сөздері балдан тәтті бек зияда.

Жүз он төрт балапанда бес мың тіл бар,

Білмейді қайбір надан қапияда.

/Құран/. 

 

Мекеде бір дария бар беті қатқан,

Бетіне бетегесі шығып жатқан.

/Құран/. 

 

Диірмен-диірмен тасы бар,

Алтын күрек қасы бар.

Оны тапқан адамның

Бір жүз жиырма бес жасы бар.

/Құран/.

 

Қат, қат, қат кигіз,

Қатауыл тұрған қай кигіз?

Бүк, бүк, бүк кигіз,

Бүктеулі тұрған қай киіз?

/Құран, бәкі/.

 

Бар екен бір қақпалы үлкен шаһар,

Өзінің қырық сегіз көшесі бар.

Мұқтажың көңілге алған табылады,

Не керек қандай қажет жұмысың бар?

/Мұхтасар кітабы/.

 

Ала қарға алалайды бар адамдарды,

Жылында бір келеді, жаралайды.

/Ораза/.

 

Көрінеді ту алыстан көкше теңіз,

Тырнадан он бірі семіз, бірі арық,

Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,

Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.

/Аспан, он екі ай, бір ай ораза, үркер жұлдыздың бірде жеті, бірде сегіз болып көрінуі/.

 

Намазды бес уақытта бес оқиды,

Құтпанды бәрінен де кеш оқиды.

Мен сенен ақын болсаң сөз сұрайын,

Намазды жыл он екі ай неше оқиды?

/Намаз жылына 1825 рет оқылады, кейде 1820 рет оқылады/.

 

Бадахшанда бір ай бар,

Жер жүзінде бір ай бар.

Ол жүз айдың ішінде,

Масқара болған бір ай бар.

Масқара демей не дейін,

Құранға түскен шырай бар.

/Ораза айы/.

 

Отыз дуадақ,

Бес безгелдек,

Бір әдемі атты кісі,

Бір аққу.

/Отыз күн ораза, бес уақыт намаз, күн, ай/.

 

Отыз ор дуадақ,

Қырық қыр дуадақ,

Екі қоңыр үйрек.

/Ораза, шілде, айт/.

 

Отыз ор дуадақ,

Қырық сегіз қысыр дуадақ,

Бес безгелдек,

Бір тоты құс.

/Отыз күн ораза, бір жылдағы қырық сегіз жұма, бес намаз, құман/.

 

Жалғаннан алтын басты киік бақтым,

Мойнына он сегіз мың арқан тақтым.

Бес қадақ, тоғыз шерік іліп қойып,

Отыздан аяғына шеге қақтым.

/Отыз күн ораза, бес уақыт намаз/.

 

Бір таудың етегінде отыз дарақ,

Тұрады барлық адам соған қарап.

Күніне ол бес рет мәуелейді,

Айтайын қайсы бірін сізге санап.

/Отыз күн ораза, бес уақыт намаз/.

 

Бір үйде отыз кітап,

Бес қалам,

Кім оларды күтсе,

Алладан мархамат көреді.

/Бір ай, отыз күн ораза, бес намаз/.

 

Аяқ сайын бес батпаннан жүгі бар,

Отыз түрлі шоқысы,

Әр түрліден құбылар.

/Отыз күн ораза/.

 

Бір түп әңгелекте он екі әңгелек болады,

Он екі әңгелектің біреуін тапқан адамға сауап болады.

/Ораза айы/.

 

Үш жүз алпыс бес шығыршық,

Қырық сегіз тығыншық,

Аққу жылына екі рет балалайды.

/Үш жүз алпыс бес күн, қырық сегіз жұма, екі айт/.

 

Қолымда бес алмам бар,

Бес саусақтың саласындай.

Оның үшеуі күнді көріп, күнге піскен,

Екеуі көлеңкенің саясында.

/Бес уақыт намаз/.

 

Қолымда бес сақинам бар шығармай,

Оны тапқан жігітке мен тиемін мал шығармай.

/Бес уақыт намаз/.

 

Бір сарай ішінде көп ағаш,

Бұтағы жиырма төрт, басы құрдас.

Құдайдан бір нұр келді бөліп ал деп,

Бөледі қалайынша ақыл сынас.

Ішінен бес бұтағы шықты басқа,

Сөз айтты ақылменен қарындасқа.

Екеуі күндіз алды нұрдан бөлеп,

Үш бұтақ алды қылып басқа.

Бес бұтақ ортасынан бөліп алды,

Он тоғыз бұтағы мақрұм қалды.

Шығарды Даужан Сұлтан Темірұлы,

Тәубәға көп құрбылар зейін салды.

Қыдыр етсең сол нұрды ықыласыңмен,

Құдайым берер дәулет шыныменен

Жұмбақтың шешуі сол емес пе

Баршасын айтып жаздым күніменен.

/Бес уақыт намаз/.

 

Бір үйде бір қыз көрдім екі есікте

Бір жігіт оған келіп кездесіпті.

Көтеріп қыз аяғын “Cұқыба” айтып,

Екеуі бір кәлиме сөйлесіпті.

Келер жігіт жалғыз келіп еді,

Қайтарда ашты екеуі бір есікті.

/Әзірейіл, жан, адам/.

 

Бір құстың зияны бар адамзатқа,

Шығады мезгілімен әр уақытта.

Еш адам онан қашып құтылмайды,

Құдая, сол құсыңнан өзің сақта!

/Әзірейіл/.

 

Ішінде мың қасқырдың бір жолбарыс,

Қасымнан айқайласам кетпейді алыс.

Қасқырды қашар деген бар үмітім,

Жолбарыс шаппай кетпес көптен таныс.

/Әзірейілдің жан алуы/.

 

Қолымда сақинам бар ал шығармай,

Екі қасқыр мал жейді қан шығармай.

/Әзірейіл мен Жебірейіл/.

 

Базардан алып келдім ақ сандық,

Ішінде не бар екен деп біз таң қалдық,

Қшін ашып қарасақ: бір торғай, бір қырғи, бір жылан, бір жас бала,

Төртеуі не ғып отыр біз таң қалдық. 

/Жан, көңіл, періште/.

 

Бұрынғы уақытта бір хан болған,

Лашын, сұңқар, қаршыға, бүркіт салған.

Оның төртеуі де қарап болып,

Күйкентай отыз үш мыңға барған.

/Пайғамбар, төрт шадияр, сахаба/.

 

Дүниеде бір жан бар мұздан тайғақ,

Өтеді қой мен ешкі одан айдап.

Ебі келсе түйе мен сиырда өтер,

Бұл сөзге “хадис” пенен “аят” айғақ.

/Құрбан айт/.

 

Бір таудан отыз екі бұлақ аққан,

Қасында он жеті патшасы бар ақыл тапқан,

Болғанда он екі уәзірі бар, үш шабарман,

Бұларды құрастырған жалғыз хақтан.

/Бір күнгі намаз, отыз екі бас, он жеті- парыз, он екі- сүннәт, үш үтір - уәжип/

 

Бауырынан түйе тасың ат жалмайды.

Құдайдан шын тілесең не бермейді.

Бар екен бауырында бес балапан ,

Үшеуі күн көрмейді , екеуі түн көрмейді.

/Бес намаз, күн көрмейтін үш намаз, намаз, намазшам, құтбан, түн көрмейтін екі намаз, бесін, екінті/.

 

Қырық сегіз оқ, садақ бар тал белімде,

Шешенің мені жеңер бар ма еліңде,

Бес бақан, отыз оқ жұмбағым бар,

Таба ғой шешен жігіт қапелімде.

/Бір жылда келетін жұма, бес уақыт намаз, отыз күн ораза/.

 

Төрт жүз ат айдадым санамай,

Қырық ат айдадым байламай.

/Дүниенің төрт бұрышы мен адамның қырық парызы/.

 

Бар екен бір ғажайып тіпті өлмеген,

Адамға мына жүрген көрінбеген .

Жұмбақ тұр тіпті қиын таң қалғандай,

Бар ма екен үлкен кісі бұны білген.

/Шайтан/.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 193 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 589 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1008 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1152 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49641 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47306 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 45003 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика