THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Ол
не дүр бір нәрсе бар ойға зерек,
Жүгірер
әрлі-берлі дөп-дөңгелек.
Жай
нәрсе өз бетімен түк білмейді,
Қосымша
адамзаттың зейіні керек.
/Есепшот/.
Бір
нәрсе сондай епті жер баспайды,
Аптығып
ақылынан бір саспайды.
Данышпан
ақылы көп сондай зерек,
Жаңылып
басқа жөнге бір баспайды.
/Есепшот/.
Бір
қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана
сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден
бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны
кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған
соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды
көк шалғында кейде өрістеп.
/Есепшот/.
Айнала
қарағайдан тұр терегі,
Адамға
ақыл қосса бар керегі.
Ол
өзі он өзекті жайлап өткен,
Сексен
сегіз келеді дөңгелегі.
/Есепшот/.
Бір
нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі,
Әр
жерде ақылдассаң бар керегі,
Қыстауы,
жаз жайлауы он өзенде,
Өзінің
сексен сегіз дөңгелегі.
/Есепшот/.
Бағылған
бір қорада жүздей саулық,
Соғылған
қорғаны бар биік тау қып.
Бес
қасқыр араласып бастан-аяқ,
Бірін
қуып, бірін тартып кетті қайтып.
/Есепшот
пен саусақ/.
Бітімді
төрт бұранда,сегіз сала,
Үстінде
ойнақтайды сексен бала.
Еш
пенде бұл жұмбақты тапқан емес,
Тауып
бер жұмбағымды шапшаң ғана.
/Есепшот/.
Айналасы
қорған,
Он
жігіт бар торыған.
Есебі
көңілден,
Арқаны
темірден.
/Есепшот/.
Бар
еді бір жұмбағым сексен сегіз,
Табасың
ақылменен ескерсеңіз.
Болғанда
бірі-онға, оны-мыңға,
Жауабын
кешіктірмей жеткерсеңіз.
/Есепшот/.
Қойыма
қора соқтым жермен жексен,
Бұл
қойым кейде сегіз, кейде сексен,
Сегізді
сексен менен қосып салса,
Болады
сексен сегіз бөгелместен.
/Есепшот/.
Бір
талай құс кеп қонды балағанға,
Болады
сексен сегіз санағанда.
Ішінде
сексен үйрек, сексен қарға,
Құйрығын
жан шыдатпас тарағанда.
/Есепшот/.
Сегіз
оннан құралған сексен сегіз,
Арасында
төрт-төрттен екі сегіз.
Кейде
жиып кетеді,кейде тосып,
Шешесіз
ақылға сап тексерсеңіз.
/Есепшот/.
Бір
нәрсе екі аяқты, сабағы бар,
Жейтұғын
дастархансыз табағы бар.
Жануар
не берсең де талғамайды,
Күніне
қырық асайтын тамағы бар.
/Таразы/.
Қам
қамал, қамқам қамал, қамқан кемер,
Бұл
қамқан тоқсан алты толып семер,
Құмырсқа
қисық жолын түзетеді,
Бар
ма екен осыдан да басқа себеп.
/Таразы/.
О,
құдайдың бұйрығы,
Төбесінде
құйрығы.
Алты
аяғы,
Екі
табаны бар,
Бір
таяғы бар.
/Таразы/.
Үш
тармақ, басы жұмыр сабағы бар,
Келмейтін
дастарханға табағы бар.
Берсеңде
қандай нәрсе жеп қояды,
Тоятын
қырық асаса тамағы бар.
/Безбен/.
Алты
аяғы бар,
Талдан
таяғы бар,
Арқасында
құйрығы бар,
Иесінен
бұйрығы бар.
/Безбен/.
Кішкентай
ғана безер,
Жер
дүниені кезер.
/Күміс
ақша/.
Дүние
аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды
әдемілік, сонда сымбат.
Мақсатың
көңіліндегі табылады,
Адамға
ықыласпен қызмет қылмақ.
/Ақша/.
Жер
жүзінде бір қыз бар,
Қырық
ерге тиіпті,
Тиіпті
де шығыпты
Және
тағы қыз екен.
/Ақша/.
Кішкентай
ғана місіре,
Тәмәм
елдің жесіре.
/Тиын/.
Сабы
бар екі қарыс, басы қуыс,
Істейді
адамзатқа күнде жұмыс.
Бәрінде
жан біткеннін бірдей көрер,
Міндетті
қызметін етпес бұрыс.
/Метр,өлшеуіш/.
Бір
адам кейпі жаман, жалпақ бетті,
Тауыпты
ерге тимей қырық перзентті.
Әр
қайсы тоқсан алты бала туып,
Ол
өзі жансыз талай мыңға жетті.
/Бір,
қырық қадақ, тоқсан алты мысқал/.
Айтамын
мен бір жұмбақ сарасынан,
Мекке
мен Мәдиненің арасынан.
Тамаша
сірә мұндай көрдіңдер ме,
Анасы
туады екен баласынан.
/Қалып/.
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ