THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Сатайын
десем ауыр кілем,
Сатпайын
десем тәуір кілем.
/Жер/.
Өлшеусіз
піштім,
Жіпсіз
тіктім.
/Жер/.
Зер,
зер кілем, зер кілем,
Көтерейін
десем зор кілем.
/Жер/.
Қағар,
қағар, қағар кілем,
Қағайын
десе ауыр кілем.
/Жер/.
Бір
жатқан зор кемеңгер қара кісі,
Қимылдар
сол кісіден елдің тісі.
Талқандап
беті, жүзін тырнасаң да,
Бір
ауыз неге үйттің деу емес ісі.
/Жер/.
Жамандық
қып, шапқылап жарсаң басын,
Жақсылық қып аямас сенен асын.
Күні-түні
сонда да тепкілейсің,
Айтпайсың
оған тәңір жарылқасын.
/Жер/.
Жаһанда
бір алыпты көрдім күшті,
Барлық
салмақ дүниеде соған түсті.
Қандайын
дүниеде барлық жеміс,
Солардың
атрабында құрап пісті.
/Жер/.
Көк
жүнді бір өгіз бар еті қара,
Тілгіле
өне бойын етіп пара.
Етін
жеп жатсам-дағы майын сорып,
Болмайды
өлмек түгіл титтей жара.
/Жер/.
Көкторғын
көрдім мен
Көп
асыл қадаған.
Адам
жоқ өмірде
Асылын
санаған.
/Жер/.
Бір
зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан
құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат,
жан-жануар арасында
Мәңгілік
өсіп-өніп өмір сүрген.
/Жер/.
Жүресің-жүресің,
ұшын таппайсың,
Ары
жүрсең, қайтып келесің.
/Жер/.
Жайы-жайы,
жай кілем,
Жайылып
жатқан бір кілем,
Түр-түр
кілем,
Төгіліп
жатқан кір кілем.
/Көктемдегі
жер/.
Аждаһа
жерден шығып көкке өрлер,
Қысылып
өзгелерден бұрын терлер.
Түрі
бар аждаһаның неше түрлі,
Алады
қолы жеткен мініскерлер.
/Жер/.
Ұзын
кілемім бар,
Көтеріп
ала алмаймын.
Ұзын
арқаным бар,
Оны
жиып ала алмаймын.
/Жер
мен жол/.
Үлкен,
үлкен түйені
Тастапты
атам шөгеріп.
Өркеші
бұлтқа тиеді,
Бауыры
жатыр көгеріп.
/Тау/.
Көтеріп
орман, тоғай, тастың бәрін
Жапанда
шөгіп жатыр үлкен нарым.
/Тау/.
Ақ
жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген
не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай
қысы-жазы кезе берер,
Үстінде
бір жапырақ бөзі де жоқ.
/Өзен/.
Шыққанда
шығыны жоқ,
Жауса
жауын бүйірі тоқ,
Қыста
жылтыр қақ болар,
Түртінектеп
тынымы жоқ.
/Өзен/.
Бар-бар,
атым бар,
Жүйрік
қана затым бар.
Жылқыға
ұқсап кісінемес,
Қолға
ұстасам, тістемес.
/Арықтың
суы/.
Бір
шұқырда көп шұқыр,
Іштен
түртіп көп шұқыр.
/Бұлақ
суы/.
Ақ
боз атым арынды,
Ақ
көйлекке малынды,
Таудан
тасты атқылап,
Таудан
түсті шапқылап.
/Тау
бұлағы/.
Жылт-жылт
еткен,
Жырадан
өткен.
/Су/.
Ұзын-ұзын
ұз келеді,
Ұзын
бойлы қыз келеді.
Қасы
қалтырап,
Көзі
жалтырап.
/Су/.
Қара
атым қалтырауық,
Қабырғасы
жалтырауық.
/Су/.
Бір
жылан жол салыпты әрбір сайға,
Сай
түгіл жол салыпты әрбір жайға.
/Су/.
Бар-бар,
бар атым,
Бар
бойынша жорға атым.
Ажырақ
көрсең, тістеме,
Байтал
көрсең, кісінеме.
/Су/.
Аяғы
жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ
күледі.
/Су/.
Бар
екен бір мақұлық өзі жансыз,
Келеді
кей жері әлді, кей жері әлсіз.
Кеудесі
жерден шығып, жерге кірген,
Шешуін
мұның біраз ойланарсыз.
/Аққан
су/.
Базардан
әкелген бұлымыз,
Жон
терісін тіліңіз.
Еті
арам, сорпасы адал,
Мұны
не деп біліңіз.
/Құдықтың
суы, топырақ/.
Қайда
қазған,
Тағдырда
жазған,
Барлық
жұртқа бір ана.
/Су,
дария/.
Отқа
жанбас,
Суға
батпас.
/Мұз/.
Отқа
күймейді,
Суға
шөкпейді.
/Мұз/.
Адам
тимей қағанағым жарылды.
/Мұз/.
Қыста
өседі ақ сәбіз
Төбесінде
үйлердің.
Дәнегі
жоқ шақсаңыз,
Соның
үшін тимедім.
/Мұз/.
Арқалық
салмай үй жаптым,
Суықта
жылжымай жаттым.
/Мұз/.
Шешесі-су
да, әкесі-суық,
Көктемде
өлер күзгүні туып.
/Мұз/.
Төмен
қарап өседі,
Күн
жылына өшеді.
/Сүңгі/.
Қыстыгүні
аппақ,
Жаздыгүні
сұп-сұйық.
/Қар,
су/.
Ақ
қойым тұрып кетті,
Қара
қойым жатып қалды.
/Қар
мен жер/.
Қыста
бар да, жазда жоқ,
Ол
көп болса көңіл тоқ.
/Қар/.
Қара
сиыр туып кетер,
Қара
сиыр жатып қалар.
/Қардың
кетуі/.
Мамықтай
ұлпа,
Қанттай
ақ.
Қыста
жер бетін басады,
Жазда
сайға қашады.
/Қар/.
Жер
жиһанға ұн шаштым.
/Қар/.
Бір
көрпем болушы еді ақ бәтестен,
Кім
екен ыстық қолмен оны сөккен.
Төсекке
көк пүліштен кілем салып,
Ғайып
боп кетті өзі жер мен көктен.
/Қар/.
Жерге
қонған аспаннан көп көбелек,
Жазда
іздесем бірі де жоқ көбелек.
/Қар/.
Аппақ
етіп айналаны,
Ақ
көбелек айналды;
Әбден
қонып болған соң,
Жер
әлемде жайланды.
/Қар/.
Ақ
жібек асыл көрпедей,
Қыс
болса жерді жабады.
Жазғытұрым
болғанда,
Су
болып сайға ағады.
/Қар/.
Батырмай
жерге қонады,
Жердің
беті оңады.
Қыста
ғана тұрады,
Ұстасаң
қолың тоңады.
/Қар./
Бір
түйем жүре алмайды майы көптен,
Ол
түйем тойынбайды жеген шөптен.
Егер
де осы түйем өліп қалса,
Сүйегі
табылмайды жер мен көктен.
/Қар/.
Бір
нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,
Малының
қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі
көкте де емес, жерде де емес,
Жігіттер,
көңіл қойып, ойлаңыздар.
/Қар/.
Жездекем
жезді қамшысымен жер шұқылайды.
/Тамшы/.
Тама-тама
тас тескен.
/Тамшы/.
Мұрынсыз
шымшық мұз теседі.
/Тамшы/.
Шолақ
мылтық жер теседі.
/Тамшы/.
Жазда
болмайды,
Қыста
болады.
Терезеге
қонады,
Әсем
ою ояды.
/Қырау/.
Құлағы
мен көзі жоқ,
Жоқ
тіпті қол мен аяғы.
Бірақ
ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп
ою ояды.
/Қырау/.
Қолы
жоқ, сурет салады,
Тісі
жоқ тістеп алады.
/Аяз/.
Есіктен
кірді еңкейіп,
Төрге
шығады қампайып.
/Аяз/.
Терісін
жыртпай етін жеген,
Жілігін
шақпай майын жеген.
/Аяз/.
Қуып
едім мойнын бұрмады,
Ұстайын
деп ем қолға тұрмады.
/Боран/.
Қанаты
жоқ ұшады,
Аяғы
жоқ желеді,
Аузы
жоқ ұлиды.
/Боран/.
Қыс
болса қыр мен ойды аралайды,
Жаз
болса қозғалуға жарамайды.
/Боран/.
Ұстасаң
- қолға ілінбес,
Қарасаң
- көзге көрінбес.
Жүрсе
ізі жоқ,
Көретін
көзі жоқ.
Гулесе
күші бар,
Таңқаларлық
ісі бар.
/Боран/.
Жер
түбінен боз жорға ат келеді.
/Боран/.
Ақ
боз жорға,
Күн
бұрын ойламасаң,
Кезігерсің
көп сорға.
/Боран/.
Жол
үстінде семіз тоқты,
Құйрығын
көтере алмай жерге соқты.
/Боран/.
Жерде
емес, аспанда емес, арасында,
Қол
жетпес ұсынғанмен саласына.
Өзінің
ұшқырлығы құстан жүйрік,
Ойланып
бұл жұмбақты табасың ба?
/Жел/.
Қол-аяғы
жоқ болса да,
Қақпа
есікті аша алған.
/Жел/.
Бар
екен бір мақұлық боздайтұғын,
Жұлқынып
төңіректі қоршайтұғын.
Жаһанды
жалпағынан басып өтіп,
Ұшқан
құс, жүгірген аң озбайтұғын.
/Жел/.
Бір
нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі,
Адамзат
ол нәрсені көрмес көзі.
Жансызды
қимылдатып жанды қылар,
Ызылдап,
ызың қағар айтқан сөзі.
/Жел/.
Желіп
кетсе жеткізбес,
Жерге
түссе табылмас.
/Жел/.
Әне
барады өзі,
Көрінбейді
ізі.
/Жел/.
Құйрығы,
екі мүйізі,
Түбінде
шидің шықпаған.
Ту
қоян жатыр тумаған,
Шыбықпен
ұрсам, шықпаған,
Қарғыды
тамнан соқпаған.
/Жел/.
Алдымнан
өтті бұлдырлап,
Тұра
қалдым жолында.
Ұстайын
деп ойладым,
Ілінбеді
қолыма.
/Жел/.
Бір
нәрсеге қарап тұрсаң дүбірлейді,
Алыстан
көзін салсаң күлімдейді,
Екпіні
сонша қатты болса-дағы,
Ұстасаң
қолыңызға білінбейді.
/Жел/.
Бір
нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған,
Дамылсыз
бәйіт айтып зарлап тұрған.
Тамаша
қылығына қарап тұрсам,
Арасын
жер мен көктің барлап тұрған.
/Жел/.
Ашуланып
бұртиды,
Аузы
көпіріп құтырды.
Ашушаң
ақымақ,
Кез
келгенді ұшырады.
/Құйын/.
Өрге
қарай құтылды,
Сырына
келіп қосылса,
Өз-өзінен
құтырды.
/Құйын/.
Жұмбағым
жұтылды,
Ойға
қарай құтылды.
/Құйын/.
Бір
хайуан елге мәшһүр таңғажайып,
Жүреді
кейде көп боп, кейде азайып.
Барлығы
көпке мәлім болса-дағы,
Еш
адам ұстай алмас ебін тауып.
/Құйын/.
Қу
талақай үйірілген,
Желден
шүй кейірілген.
/Құйын/.
Қолтықтан
кірер қоңқайып,
Төрге
шығар томпайып.
/Боран/.
Қусам
да жеткермеді, тұра қашты,
Барды
да бұрыш қаптың аузын ашты.
/Боран/.
Бір
нәрсе көруге көп, ұстауға жоқ,
Жаздыгүні
көп болар, қыстауға жоқ.
Тұрмайды
бір мекенде қарауытып,
Қаншама
жалынып, жалпайсаң жоқ.
/Сағым/.
Алтын
аяқ,
Жете
алмадым,
Жалаң
аяқ.
/Сағым/.
Көз
алдымда көк теңіз.
/Сағым/.
Кейде
аққан судай,
Кейде
қалың нудай.
Жақындасаң
жоқ,
Алыстасаң
бар.
/Сағым/.
Үстінде
шөлдің,
Толқыған
көлмін.
/Сағым/.
Алдымнан
өтті бұлдырап,
Тұра
қалдым жолына.
Ұстайын
деп ойландым,
Ілінбеді
қолыма.
/Сағым/.
Бір
нәрсе көруге бар, ұстауға жоқ,
Жаз
көркі, көк шәлідей шымылдық боп.
/Сағым/.
Толқып-толқып
судай ағып,
Ешбір
жанды кетпес қағып.
Көз
көрсе де қол ұстамас,
Жаратылған
мұнша нағып?
/Сағым/.
Бір
кеме аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Қолына
ұстап алған таяғы жоқ.
Күніне
талай жерге кезіп кетер,
Не
екен ол ешбір жерде саяғы жоқ.
/Бұлт/.
Қанатсыз
құс жақын барады,
Көзінен
жас тамып барады.
/Бұлт/.
Көк
көрпенің мақтасы,
Әр
жерде жүр бытырап.
Біріктіруге
қол жетпес,
Болды-ау
шіркін ысырап.
/Бұлт/.
Бір
нәрсе жердің бетін шыр айналған,
Мақұлық
біз білмейтін қайда барған.
Арасын
жер мен көктің мекен етіп,
Байлаусыз
бір арада тұра алмаған.
/Бұлт/.
Торғын
көкте ағып құс,
Ағылып
ұшып барады.
Айналасын
қарайтып,
Күннің
көзін жабады.
/Бұлт/.
Бесірдегі
бес бие,
Бесеуі
де құлынды.
Құлындары
торлы ала,
Құйрықтары
сары ала.
/Ала
бұлт/.
Жардай
дәулер соғысты,
Жарқ-жұрқ
етіп оқ ұшты.
/Бұлт
пен найзағай/.
Аспандағы
көлеңке,
Жерге
суын себеді.
/Бұлт
пен жаңбыр/.
Көк
көрпенің ішінде жарты нан жүр.
/Бұлт
арасындағы ай/.
Қырда
қылыш жарқылдайды.
/Найзағай/.
Аспанда
бір нәрсе бар жылмаңдайды,
Тау
басында жүгіріп қылмаңдайды.
Жанына
жан иесі жақын келсе,
Бақырып
бассалуға тайынбайды.
/Найзағай/.
Айдаһар
аузын ашса, арс етеді,
Гауһары
жерге түссе, жарқ етеді.
/Найзағай/.
Бір
нәрсе етегі кең, найзасы бар,
Қосылған
адамзатқа хайласы бар.
Мекені
жерде емес, көлде емес,
Адамға
әр уақытта пайдасы бар.
/Найзағай/.
Әуеден
күбі түсті,
Күбінің
түбі түсті.
/Күннің
күркіреуі/.
Мені
ешкім көрмейді,
Дауысымды
есітеді.
/Күннің
күркіреуі/.
Сарайдағы
сары айғыр,
Сарнап-сарнап
кісінер.
/Күннің
күркіреуі/.
Тау
тарс етсе тағы үркер,
Таудағы
елдің малы үркер.
Қырдағы
жылқы үркер,
Жортып
жүрген түлкі үркер.
/Күннің
күркіреуі/.
Аспандағы
әсем белбеуді,
Алып
белге буынсам.
/Кемпірқосақ/.
Көкке
шықса бұлт,
Жерге
түссе шаңыт.
/Тұман/.
Қара
таудың басында
Киік
кетіп барады.
Қол-аяғы
баурына
Тиіп
кетіп барады.
/Тұман/.
Көтеріліп
теңізден
Аспанға
биік барамын.
Биіктен
қайта түскенде
Өңі
кірер даланың.
/Жаңбыр/.
Атаекем
жерге пышағын шанышты.
/Жаңбыр/.
Әуеде
қызғыш, жерде бұзғыш.
Қызғыш
айтады: “беремін” деп,
Бұзғыш
айтады: “аламын” деп,
Берсе
- барлық,
Бермесе
- қаһарлық.
/Жаңбыр,
егінші/.
Таудан
топ түсті,
Аяқ-қолы
жоқ түсті.
/Бұршақ/.
Тырсылдап
түседі,
Жер
бетіне жетеді.
Жер
бетіне жеткен соң,
Ғайып
болып кетеді.
/Бұршақ/.
Ақ
моншақтар сабалар,
Қалмайды
олар жанды аяп.
Жатып-жатып
жоғалар,
Ешкім
жинап алмай-ақ.
/Бұршақ/.
Аспаннан
жауды ақ бидай,
Үйге
қарай жүгірдім.
Ызғарына
шыдамай,
Сүмелектеп
бүгілдім.
/Бұршақ/.
Бір
нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып
дабылын ол қағып тұр.
От
жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап
төмен қарай су ағып тұр.
/Жаңбыр, найзағай/.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ