THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Бір
нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Сипаты
бек асып тұр көрсең жаңа.
Ішінде
шығар жері қиын екен,
Егер
де қолға түссе болар пана.
/Пұшпақ
ішік/.
Бір
нәрсе менен биік,
Кейде
менен аласа.
Мұндай
қызық дүниеде,
Көріп
пе едің тамаша.
/Бөрік/.
Атамдікі
- шошақ,
Апамдікі
- жалпақ.
/Атамның
тымағы мен апамның кимешегі/.
Төрттен
қосқан басы бар,
Маңдайында
шашы бар.
Өзің
көрген баяғы,
Салпылдайды
сабағы.
/Тымақ/.
Дөп-дөңгелек
басы бар,
Маңдайында
шашы бар.
Өзің
көрген баяғы,
Сапылдайды
сабағы.
/Тымақ/.
Ашамайды
арта салдым,
Айыл
жібін тарта салдым.
/Тымақ/.
Жансызға
бітеді екен құйрық қанат,
Адамнан
қалмаймын деп етер талап,
Ішінде
қанатының екі жіп бар,
Не
нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.
/Тымақ/.
Үшеуі
салпы,
Бірі
таңқы.
/Тымақ/.
Алды
ұзын, арты қысқа,
Беттері
өзіне сай әрбір тұста,
Суықта
да, жылыда да пана болар,
Таппасаң
басыңдағыны қолыңа ұста.
/Тымақ/.
Басы
жоқ, құсқа біткен екі қанат,
Адамнан
қалмаймын деп қылдым талап.
Ішінде
қанатының екі жіп бар,
Не
нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.
/Тымақ/.
Керегесі
тыртық, уығы қысқа,
Керек
болған үй екен біздің тұсқа.
Отарға
мал айдасам, жолға шықсам,
Үйімді
тігіп жүрем жазда, қыста.
/Бөрік/.
Шылдыр-шылдыр
жүгенім,
Сұлу
қара құнаным.
Көлеңкесі
көсіктей,
Ауырлығы
асықтай.
/Сәукеле/.
Сылдыр-сылдыр
кісенім,
Сылдырлайды
кісенім,
Құлағында
құлпы жоқ,
Құдіретті
кісенім.
/Сәукеле/.
Сұлу-сұлу
құнаным,
Сылдырлаған
жүгенім,
Аяз
күнде мінбеген,
Аяғы
жерге тимеген.
/Сәукеле/.
Құйын,
құйындікі түйін.
/Шашбау/.
Биік
таудың басында қара лашық,
Түңлік
жабық болғанмен есік ашық,
Қайда
жүрсең қажетің соған түсіп,
Құтылмассың
керексіз деп одан қашып.
/Бас
киім/.
Бір
жануар бар екен өзі сұсты,
Себеппен
ортасында сызық түсті.
Бір
жігітті тұрады буындырып,
Дүниеде
көрмедім ондай күшті.
/Сақина/.
Жайсам
- жамшыдай,
Жапсам
- қамшыдай.
/Қолшатыр/.
Күрке
ғой көрсең алыстан,
Астында
адам қорғалар.
Ұстасаң
бір тал қамыстан,
Төбеден
суы сорғалар.
/Қолшатыр/.
Бір
нәрсе, биік іші қуыс,
Ол
заттың сүйегі көп айқұш-ұйқыш,
Көзі
бар жарқыраған төбесінде,
Жайса
үлкен, жинағанда бір-ақ уыс.
/Қолшатыр/.
Япырмай,
отау көрдім есігі жоқ,
Өзінің
күн түсетін тесігі жоқ.
Көтерген
шаңырақты жалғыз бақан,
Уығының
байлауы бар, шешуі жоқ.
/Қолшатыр/.
Талтаймашқа
мен талтайдым,
Талтаймаш
маған талтайды.
/Шалбар/.
Таңертең
тұрдым,
Айырыма
міндім.
/Шалбар/.
Күндіз
толады,
Түнде
солады.
/Шалбар/.
Азанда
тұрдым,
Екі
сайды қудым.
/Шалбар/.
Ерте
тұрдым,
Екі
айыр жолға түстім.
/Шалбар/.
Тұла
бойы тыста,
Екі
қолы іште.
/Белбеу/.
Қара
үй,
Қара
үйдің ішінде ақ үй,
Ақ
үйдің ішінде бес бала,
Бесеуінің
қолында бес айна.
/Етік,
ақ байпақ, бес башпай, бес тырнақ /.
Барады,
барады,
Аузын
ашып қалады.
/Кебіс/.
Аузы
аңқайып қалады,
Босағада
тұрады.
/Кебіс/.
Сырты
қара, іші қызыл,
Сұғып
алсаң жып-жылы.
/Галош/.
Ерте
тұрдым, керек қылдым,
Қажетімді
өтеп алып,
Босағаға
тастадым.
/Галош,
кебіс/.
Он
екі тесігі бар жалғыз тілі,
Жып-жылтыр,
сыртында жоқ тіпті міні.
Көтерер
адамзатты қиналмай-ақ,
Жоқ
екен күштілікке ешбір кемі.
Сап
алар аузын буып қапшығына,
Өзінде
дайын екен арқан жібі.
/Ботинка/.
Ағайынды
төрт кісі,
Бір
қалпақты киеді,
Төрт
кісіні төрт жерден
Төрт
ғашығы сүйеді.
/Сандал/.
Күні
бойы сен оны
Екі
аяқтап аласың.
Жатар
кезде өзіңнен
Аулақтатып
қашасың.
/Етік/.
Қалада
бір нәрсе бар, он сайы бар,
Жігітке
пайда болар бір жайы бар.
/Қолғап/.
Бес
ін,
Бес
іннің аузы бір ін.
/Қолғап/.
Көсеуді
бесеуге сұқтым.
/Қолғап,
саусақ/.
Дөңгелек
айналасы, төртеу көзі,
Сөйлейтін
ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені
қашық тұрған жақындатып,
Жібермей
ұстап тұрар мықтап өзі.
/Түйме/.
Жырығыңа
жұмалағым.
/Ілгек/.
Жүнсіз
қолым жүнді жеңге кірді.
/Тонның
жеңі/.
Не
нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек,
Ішінде
бөлмесі бар бөлек-бөлек.
Бөлмесіне
көп түлік еркін сияр,
Қабаттап
айдап тықсаң ептеңкіреп.
/Қалта/.
Бір
нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды,
Аузында
екі тісі жылтылдайды.
Салуға
өзге нәрсе бұйрығы жоқ,
Арнап
салған нәрсеге жыртылмайды.
/Қалта,
бумажник/.
Кірт
етіп кіріп кетті,
Сырт
етіп шығып кетті.
/Қаптырма/.
Өздігінен
бата алмас,
Адам
өмірімен қатарлас.
Ол
болмаса пендеңіз,
Тіршілік
өмір жасамас.
/Киім/.
Артында
құйрығы бар,
Төреден
бұйрығы бар.
/Жаулық,
кимешек/.
Адамның
сәні,
Онсыз
жоқ мәні.
/Киім/
Дорбаға
тығып, бас бағын,
Байлай
салдым қос жағын.
/Тымақ/
Қыста,
Шығарда
тысқа,
Құлағы
салпақ,
Құйрығы
жалпақ.
Төбесі
жайпақ,
Түкті
маңдайы тайпақ,
Іші
мамық, байпақ.
Қара
орманды қаптадым,
Сөйтіп
жан сақтадым.
/Тымақ/
Ортасы
күмбез.
Іргесі
тегіс-ті.
Күннен
қорғайды,
Шындағы
егісті.
/Қалпақ/
Әжеме
өң берген,
Жиегін
көмкерген.
Етегі
желкендей,
Киім
еді ол нендей?
/Кимешек/
Әкем
ақ тауын,
Ақ
шарбымен орады.
/Сәлде/
Әшекейлі
күбіні,
Үюлі
тұрған шөмеле,
Кигіздім
биік төбеге.
/Сәукеле/
Сырт
жағына зер жіппен,
Көз
тартатын көрікпен,
Ою-өрнек
бастырған,
Шалқасынан
тастаған,
Кәдімгі
сырлы тостаған,
Қойсаң
егер төңкеріп,
Төңірегін
көмкеріп,
Тостағандай
бос тұрған,
Киіз
үйден аумайды,
Басқұрмен
бастырған.
/Тақия/
Іші
- егіс,
Сырты
- тегіс.
/Тон/
Аузы
бір –
Қос
құбыр.
/Шалбар/
Қолы
бар,
Саусағы
жоқ.
Мойны
бар,
Басы
жоқ.
/Көйлек/
Күндіз
Таяғымды
қаптаймын,
Түнде
Босағаға
тастаймын.
/Аяқ
киім/
Күні
бойы жүргізеді,
Үйге
де кіргізеді.
Бірақ,
өзі ізетті,
Босағада
қалып
Шығуымды
күтеді.
/Аяқ
киім/
Бес
айналы туыс,
Тапқаны
бір қуыс.
/Тырнақ
пен етік/
Судан
ғайып,
Әжемде
бар
Қос
қайық.
/Кебіс/
Қаз-қатар
тесігі бар,
Қалпақсыз
есігі бар.
Көмейінде
тілі бар,
Аузын
буар жібі бар,
Кеме
сынды пошымы,
Білсең
айтшы, осыны?
/Бәтеңке/
Есігі
біреу,
Бөлмесі
бесеу.
/Қолғап/
Аузы
біреу, бес құдық,
Қыстыкүні
бойлатам,
Бесеуіне
бес құрық.
/Қолғап/
Ағайынды
бес туыс,
Жамылатын
тоны бір.
Бесеуінде
бес қуыс,
Сырттан
кірер жолы бір.
/Қолғап/
Қандай
байлық ішінде,
Барын
өзім білетін,
Қоймалар
көп үстімде,
Көшіп
бірге жүретін.
/Жаңқалталар/
Іші
мата,
Тысы
мата,
Арасы
мақта,
Төрт
бұрышты қабылған.
Бұл
не,
Жатарда
табылған?
/Көрпе/
Киімдегі
қуыс,
Ұсақ-түйекке
ыдыс.
/Қалта/
Дөңгелек
өзі,
Төртеу
көзі.
Ұстайды
мықтап,
Тұрғанды
сырттап.
/Түйме/
Жайсаң
- түңлік,
Жисаң
- діңгек.
/Қолшатыр/
Көлшігім
бар төбемде,
Аптапта
жуынам,
Піл
тұмсықпен себем де.
/Душ/
Шұқысаң
көзін,
Көрсетіп
төзім,
Арашаға
Біреуді
шақырар,
Өзі
тыныш отырар.
/Телефон/
Тілі
бар түймелі,
Кеңірдегі
кернеген,
Ән
менен күй кені.
/Сырнай/
Жездекем
Бұраса
құлақты,
Селдетем
Құбырдан
бұлақты.
/Су краны/
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ