THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Төрт
қарны бар,
Бір
аузы бар.
/Үй/.
Қазша
қанатын жаяды,
Үйрекше
мойнын созады,
Құсша
қонады.
/Киіз
үй/.
Дүниеде
бір айдаһар білесің бе,
Жаны
жоқ қимылдауға денесінде.
Қшінде
сүйектері бақша-бақша,
Жарқылдар
жалғыз көзі төбесінде.
/Киіз
үй/.
Өзі
жүкті,
Сырты
түкті.
/Киіз
үй/.
Ұрса
жаны шықпайды,
Сойса
қаны шықпайды.
Терісін
сыдырып алса,
Тырысып-тырысып
қалады.
/Киіз
үй/.
Ауып
едім,
Ептедім,
септедім,
Қара
жерді түптедім.
/Киіз
үй/.
Бір
нәрсе өзі берік, іші қуыс,
Ол
заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.
Көзі
бар жарқыраған төбесінде,
Жайса
үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.
/Киіз
үй/.
Бұғы-бұғы
ұзын,
Бұғыдан
да бойы ұзын,
Алтын
қошқар мүйізі
Аба
киік терісі.
/Киіз
үй/.
Ол
не екен аузы үңгірдей, қырық қолы,
Адамды
тірі жұтты көрдік оны.
Терісін
сыпырып ал, тамбас қаны,
Сүйегі
салдырап тұр, жоқ қой жаны.
/Киіз
үй/.
Тұрады
жетпіс кемпір жерді басып,
Баласын
арқасына арқаласып,
Рахмет
ол баланың атасына,
Баласын
бағып отыр қолмен басып.
/Киіз
үй/.
Айдалада
атамның үлкен тақиясы түсіп қалыпты.
/Киіз
үй/.
Бар
екен бір мақұлық қаны қашқан,
Сақылдап
адам келсе аузын ашқан.
Болғанда
отыз омыртқа, қырық қабырға,
Мұны
тапқан адамның ақылы асқан.
/Киіз
үй/.
Апан-апанды
көрдім,
Жаман
шапанды көрдім,
Алпыс
аяқтыны көрдім,
Адам
жұтқанды көрдім.
/Киіз
үй/.
Қарыптары
каф-дыр білсең оны,
Қанаттары
қатар жатар жаны.
Сүйегі
толып жатыр пара-пара,
Терісін
сыдырып алса, шықпас қаны.
/Киіз
үй/.
Бір
құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,
Адамнан
ешқашанда жүрмес бөлек.
Ұшса
да, қонса-дағы еркі адамда,
Жатасың
ыстық болса көлеңкелеп.
/Киіз
үй/.
Буын-буын
қалтада,
Буы
шыққан насыбай.
Мұны
тапқан кісінің,
Жүз
жиырма жасы бар.
Құлындары
құла ала,
Құлақтары
кез ала.
/Киіз
үй/.
Айуанға
екі қолын артып тұрған,
Белбеуін
екі жерден тартып тұрған.
Алдына
не тастаса соны жалмай,
Заһарын
төбесіне шашып тұрған.
/Киіз
үй/.
Дәудің
іші өртеніп,
Көзінен
бу шықты.
/От
жағылған киіз үй/.
Бір
топ құс бір қалбада арқандаулы,
Ол
құстың қол-аяғы бәрі баулы.
Ішінде
бірақ сұңқар, басшысы бар,
Болыпты
сол сұңқарменен бәрі даулы.
/Киіз
үй, уық, шаңырақ/.
Алпыс
терек,
Адамға
керек,
Алпыс
теректің бәрі-ұя,
Тұрған
жері - қия.
/Алпыс
басты киіз үй/.
Әлім-шәлім,
Екі
байдың қызы, екі ханым,
Төрт
жеңгесі бар екен,
Қызмет
қылған немересі.
Бууы-бууы,
буы ұзын,
Буыннан
да қолы ұзын,
Аба
киік терісі,
Алтын
қошқар мүйізі.
/Бау,
құр, екі үзік, төрт туырлық,
түндік,
кереге, уық, киіз, шаңырақ/.
Өзімді
жас қайыңнан кесіп алды,
Белімді
неше жерден тесіп алды.
Жемейді
көк түтінмен ертелі-кеш,
Шықпаған
шыбын жанның несі қалды.
/Шаңырақ/.
Әупірім,
ала, қара құс,
Үсті-басы
тарамыс.
/Шаңырақ/.
Ұзын-ұзын
әулие,
Төбесін
құрт жеп қойған,
Тұғыр
төбе әулие.
/Шаңырақ,
уық/.
Таңертең
тұрдым,
Ернімді
бұрдым.
/Түндік/.
Күндіз
ашық,
Түнде
жабық.
/Түндік/.
Ақ
итім арбадан қарғып түсті,
Барлығының
басына шыққан кісі
/Түндік/.
Қара
таудың басында
Қабылан
деген құс отыр.
Қанатына
мұз қатып,
Қайрыла
алмай ол отыр.
/Түндік/.
Қара
тоқтыны қайырып соқтым.
/Түндіктің
ашылып, жабылуы/.
Алпыс
атым ала аяқ.
/Уықтың
қаламы/.
Отыз
омыртқа,
Қырық
қабырға,
Бәрін
ұстап тұрған-
Ауыз
омыртқа.
/Уық,
кереге, шаңырақ/.
Әкесі
баласын көтеріп тұр,
Баласы
бөркін көтеріп тұр.
/Кереге,
уық, шаңырақ/.
Алтынменен
аптадым,
Күміспенен
күптедім.
Бірін
өрге шығарып,
Бірін
жерге түптедім.
/Уық,
кереге/.
Біреуде
қырық ұл бар,
Қырқының
қырық аяғы бар.
/Уық,
кереге/.
Қырық
қой қырқылдақтан су ішіп жатыр.
/Уық,
шаңырақ/.
Ай
құшақ,
Ай
құшақ,
Жиылып
келсем-бір құшақ.
/Кереге/.
Алпыс
атым ала аяқ,
Жетпіс
атым жел аяқ.
/Кереге/.
Жүз
жігіт жер тіреп жатыр.
/Кереге/.
Жетпіс
кемпір жер тістеп жатыр,
Алпыс
кемпір ат байлап жатыр.
/Кереге
мен уықтар/.
Былайғы
елдің баласы
Ашамайын
мініп тұр.
/Керегенің
басындағы уық/.
Үйдің
іші толған мыс кене.
/Керегенің
көгі/.
Артыңда
әкең жұдырығын түйіп тұр.
/Керегенің
көгі/.
Үйде
бір жұдырық,
Сыртта
бір жұдырық.
/Керегенің
көгі/.
Ала
күшік үй айнала жүгіреді,
Екі
басы ішке кіреді.
/Басқұр/.
Үй
айнала қан төктім.
/Басқұр/.
Ана
ауылдың қойларының бәрі ала аяқ.
/Уық
бау/.
Үй
үстінде төрт шыбық,
Төртеуі
де тең шыбық.
/Түндіктің
төрт бауы/.
Құрап-құрап
тон піштім,
Құлынды
биеге бергісіз.
/Тоқыған
ши/.
Өз
елімде бек едім,
Желкілдеген
жек едім.
Келдім
де қыспаққа түстім,
Отыз
екі тұзаққа түстім.
/Тоқыған
ши/.
Әуелінде
шөп едім,
Жерге
өскен көк едім.
Қолға
түстім, ойылдым,
Он
жерімнен буылдым.
/Ши/.
Мен
елімде дегендім,
Жирен
атты бек едім,
Елімнен
келіп мұндай болдым,
Белімді
байлаған құлдай болдым,
Тонымды
жырттырдым,
Сақалымды
қырықтырдым.
/Ши/.
Баяғыда
бай едім,
Ақ
сақалды шал едім.
Мұнда
келіп сондай болдым,
Қысылған
қындай болдым.
/Ши/.
Ұзын,
ұзын, ұздар-ай,
Ұзын
бойлы қыздар-ай.
Бізді
құдай айдады,
Белімізден
байлады,
Тірідей
сорым қайнады.
/Ши/.
Ерте
тұрдым,
Алып
ұрдым.
/Есік/.
Дүниеде
бір нәрсе бар өзі жансыз,
Жоқ
оны ұрмайтұғын адамзатта.
/Есік/.
Адам
кірсе ашылады,
Сыртқа
шықса жабылады.
/Есік/.
Әрі
лап-лап, бері лап-лап,
Қанша
үлкен болса да,
Орнына
келер жапсақ.
/Есік/.
Мекені
жол үстінде тұрар жері,
Бар
екен алты жерде қаққан зері ,
Қандайлық
қызметті атқарады,
Адаммен
бірге жүрер әрі-бері.
/Есік/.
Күндіз
сырп-сырп,
Түнде
жым-жырт.
/Есік/.
Көк
итім қабаған,
Артына
киіз жамаған.
/Киіз
есік/.
Қызыл
сиырымның жоны жалпақ.
/Есік/.
Үлкен
өгіз бар,
Жалғыз
көзі бар.
/Там
үй, оның есігі/.
Арыстан
аузын ашса, арс етеді,
Таңдайы
жұтып қалса, тарс етеді.
Омыртқасы
тұтас та қабырға жоқ ,
Екі
көзі маңдайында жарқ етеді.
/Есіктің
ашылып, жабылуы/.
Аузын
ашсаң,
Өкпесі
көрінеді.
/Есік
пен от/.
Аяғы
жоқ жүрмейді,
Үй
бағады, үрмейді.
/Құлып/.
Қаппайды,
шаппайды,
Үйіңді
қорғайды.
/Құлып/.
Жолда
бір бұзау өліп жатыр,
Аузына
қолын тықса, күліп жатыр.
/Құлып/.
Ә,
керемет, бір ит бар,
Үй
бағады, үрмейді,
Аяғы
жоқ, жүрмейді,
Көмейіне
тықсаң, сөйлейді,
Тілін
адам білмейді,
Ұрықсатсыз
ол иттен,
Адам
үйге кірмейді.
/Құлып/.
Шешесі
үйде қалады,
Баласы
кісіге ереді.
/Құлып,
кілт/.
Жоғарыдан
айдаған,
Белін
берік байлаған.
Сидам
құлға жолықсаң,
Өз
еркіне қоймаған.
/Кілт/.
Шырт-шырт
етеді,
Шыртылдап
барып, кіріп кетеді.
/Кілт/.
Алыстан
қаңғыр-күңгір,
Жақыннан
бұрау темір.
/Кілт/.
Жол
бермес жүрейін деп жалынсаң да,
Естімес
айтқан сөзді бағынсаң да,
Қақпақты
қаққан қазық иір тұмсық,
Ешқандай
жақындамас бөтен жанға.
/Кілт/.
Күндіз
салбырап тұрады,
Түнде
тесігін табады.
/Есік
ілгіш/.
Есік
ашады,
Есіктің
артына қашады.
/Топса/.
Екі
басы жұмырықтай,
Ортасы
қылдырықтай.
/Тұтқа/.
Жансызда
бір нәрсе бар формалданған,
Аузын
кейде ашып, кейде жұмған,
Ішінен
жылтыраған мөлдір көзі,
Өмірде
ұйықтамайды бұл не қылған?
/Үйі,
әйнек ,есік/.
Біреу
екен анасы,
Жиырма
бес баласы.
Іс
жағына қарасаң,
Қан
шаһардың қаласы,
Маңдайында
ағы бар,
Түрлі
қажет табылар.
Түгел
екен тұрманы,
Керек
жағы тағы бар.
/Үйдің
іші, тамағы/.
Жүруге
аяғымен ерінеді,
Нәрсеге
өз-өзінен телінеді.
Адамға
қашан болса пайдасы бар,
Бір
мезгіл жарық болып көрінеді.
/Терезе,
әйнек/.
Есікте
екеу отыр өлемін деп,
Төрде
төртеу отыр төремін деп,
Ортада
біреу отыр көмемін деп.
/Босаға,
кебеже, құман/.
Күндіз
бай,
Түнде
кедей.
/Жүк/.
Айқайлаған
жау келсе,
Айыр
сақал атам тоқтатады.
/Бақан/.
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ