THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Айдында
жүзеді,
Тірі
күміс сүзеді.
/Балықшы/
Алатаяқ
ұстаған,
Жол
тәртібін нұсқаған.
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырығы
күшті адам.
/Полиция/
Өнерге
тән жаратқан,
Көкірегі
кең аспан.
Барша
жұртты қаратқан,
Бейнегер
кім тым асқан?
/Қылқалам
шебері/
Маңдайға
жағып шырақты,
Лавалардан
тұрақты.
Ағызып
отын өзенін,
Жылытқан
кім өз елін?
/Шахтер/
Адамның
жүзін,
Басы
мен көзін.
Айнытпай
келбетін,
Салатын
кім суретін?
/Бейнегер/
Жасыл
желек көгалда,
Бірде
артқа,
Бірде
алға,
Желаяқ
көп бала,
Таласып
жүр бір шарға.
/Футболшылар/
Өңкей
сығай екі топта,
Таласып
жүр бір допқа.
/Футболшы/
Жолының
көп азабы,
Сондадағы
тынбайды.
Жаңалықты
жазады,
Көпшілікті
тыңдайды.
/Журналист/
Кең
байтақ туған жеріме,
Кетпесін
деп жат із өтіп.
Тыныштық
тілеп еліме.
Отанды
кім тұр күзетіп?
/Жауынгер/
Арқан
байлап беліне,
Шымырлықпен
бекіне.
Өрмелейтін
қай өрен,
Шыңның
шырқау шегіне?
/Альпинист/
Шың
басына өрмелеп,
Күнге
ұмтылар дөңгелек.
/Альпинист/
Айлар
бойы жүзеді,
Жерді
көрмей жүреді.
Ақ
жал таумен алысқан,
Адамды
кім біледі?
/Теңізші/
Төл
өсіріп момақан,
Уыз
ішкен қоймалжың,
Білсең
айтшы, балақан,
Еңбегі
зейнет қай малшы?
/Қойшы/
Тұлғалы
кең иығы,
Мұнара
оның тұрағы.
Маң
далада бұйығы,
Сөнбей
жанса шырағы,
Жер
астының сұйығы
Фонтан
болып шығады.
/Мұнайшы/
Ол
жетсе ауылға,
Самсар
жұлдыз торабы,
Нұр
шашып тұрады.
/Электрші/
Күміс
қанат, сұңқары,
Көкке
еркін сүңгиді.
Бұлттан
да тым әрі,
Кеткен
жанды кім дейді?
/Ұшқыш/
Өрнектеп,
сәндеп,
Тігістерін
бүгетін.
Солпысын
жөндеп,
Кім
көйлек тігетін?
/Тігінші/
Қалпағы
ақ қарасаң,
Дәрігер
емес, бірақ ол.
Дәм
мәзірін қаласаң,
Алға
ұсынып тұрады ол.
/Аспаз/
Топырақтың
құнарын,
Дәл
тауып құрамын,
Қай
жерде қай дақыл,
Өнім
берер бай дақыл,
Зерттеп
дәйім жүретін,
Кім
бәрін білетін?
/Агроном/
Көрінбейді
өзі,
Естіледі
сөзі.
/Радио
дикторы/
Жалтылдап
қалағы,
Салатын
кім қаланы?
/Кірпіш
қалаушы/
Қараңғыны
қақ жарып,
Жүрген
кім шам жағып?
/Монтер/
Бал
татыған мәзір,
Ол
бар жерде әзір.
/Аспаз/
Өскен
шашты жаратпайтын,
Қайшысы
бар жалақтайтын.
/Шаштараз/
Оның
тіккен бұйымы,
Аяғыңды
қаптайды,
Шыға
қалса жұлымы,
Әдемілеп
баптайды.
/Етікші/
Ортасында
сан халық,
Белдескенде
жан салып.
Жерге
тимей жотасы,
Атанған
күш атасы,
Айбаттыны
кім дейді,
Қайраттыны
кім дейді?
/Балуан/
Көкке
ұшқан шарықтап,
Шаңырақтың
бауынан,
Ұстап
дәйім қалықтап.
/Парашютист/
Дабылға
тез жететін,
Жалынға
сүңгіп кететін.
Қақалса
да түтінге,
Тайсалмайтын
батыл кім,
Жасқанбайтын
батыр кім?
/Өрт
сөндіруші/
Рояльда
ойнайды,
Бірақ
та ән салмайды.
/Әріп
теруші/
Құрып
қойып өрмегін,
Ұршықтарын
ойнатып.
Сәнді
мата өрнегін,
Жасайтын
кім жайнатып?
/Тоқымашы/
Ұзын-ұзын
жолдар бар.
Үйрек
қонар көлдер бар.
Ат
үстінде шоқиып,
Отыратын
күндер бар.
/Өрмек
тоқушы/
Отан
үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен
ол атын.
Жүрегі
бар мәңгілік,
Халықпен
бірге соғатын.
/Белгісіз
солдат/
Екі
шекпен күмбірлеп,
Көңіл
сазын сапырады,
Тұлпар
шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп
отырады.
/Күйші/
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ